Жаңалықтар
28.03.2023

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҚШАУЛАУ: I ЖӘНЕ II КЕЗЕҢДЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

МЕМЛЕКЕТ ПРЕЗИДЕНТІ ТАПСЫРДЫ:

Президенттің  10.07.2021 Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы

«СК-Фармациямен» дәрілік заттарды сатып алу үлгісі бойынша медициналық жабдықтарды сатып алуды орталықтандыру қажет болуы мүмкін. Сатып алуды орталықтандырудың баламасы мемлекеттік реттеудің қандай да бір нысаны болуы мүмкін. Осы мәселені зерделеп, халықаралық тәжірибені зерттеп және медициналық жабдықтарды сатып алудың ашық, пәрменді тетігін ұсыну қажет».

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ukimettin-keneytilgen-otyrysynda-soylegen-sozi-10620

Президенттің 01.09.2021 Қазақстан халқына жолдауы 

«Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн. Инвесторларды тартып,  озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек. Отандық тауар өндірушілермен жасалатын оффтейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет. Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет».

https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-183048

Президенттің 08.02.2022 Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы   

«Медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.  Бұл үлкен мәселе. Өйткені бұл салада сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде болып отыр. Өңірлер жабдықтың есебі мен бағасын тұрақты түрде көтеріп отырады, оның қызметіне де көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке медициналық техниканы "СҚ-Фармация" базасы арқылы орталықтандырылған сатып алу жүйесіне көшіруді тапсырамын».

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/korruptsiogennaya-sfera-tokaev-sisteme-zakupa-meditsinskoy-461410/

ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ 2022 жылғы 22 сәуірдегі №61-16/7947-2ПАБ  ТАПСЫРМАСЫ:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өмірлік цикл келісім шарттарының механизмін пайдалана отырып медициналық жабдықтарды сатып алуды орталықтандыру туралы (тікелей келісім шарттарды жасасу, ӨЦК, жабдықтау стандарттарын оңтайландыру, медициналық техниканы сатып алуға техникалық тапсырмаларды біріздендіру, лизингтік механизмдерді қолдану, ҚР техникалар өндірісін локализациялау және т.б.) тапсырмасына сәйкес, медициналық техникаларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету мәселесін қоса отырып, Бірыңғай дистрибьютордың базасында медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуды іске қосу бойынша жұмыстарды үйлестіруді күшейту тапсырылды.

ҮКІМЕТ ТАПСЫРДЫ:

ҚР Премьер-Министрінің 10.09.2022 төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың отырысы  

 «Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте қаржыландыру көзін анықтаумен алдағы 5 жылға медициналық техникамен жабыдықтандырудың республикалық бағдарламасын бекіту мәселесін пысықтасын».

https://www.primeminister.kz/ru/news/alihan-smailov-provel-zasedanie-investicionnogo-shtaba-1085837

 

ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР

Президент тапсырмасына сәйкес СҚ-Фармация базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу бағыты көрсетілді.  Елдің экономикалық мүдделеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандырудың сапалы жүйесінің деңгейін қолдауға байланысты маңызды қадам.

Медициналық техникамен жабдықтау саласында қалыптасқан проблемалық мәселелер:

  • ҚР ДСМ 2021 жылы жүргізген түгендеу қорытындысы бойынша, қолданыстағы медициналық техниканың тозуының жоғарғы проценті анықталды (82% жабдықталудың 49%);
  • қағаз жеткізгіштерде сатып алу рәсімдерін жүргізу;
  • айтарлықтай баға айырмашылығымен бірдей жабдықтарды сатып алу;
  • медтехникаларды сервистік қызмет көрсетудің қиындауына және қымтаттауына әкеліп соғатын – мультибрендті жабдықтау;
  • аудандық ауруханаларда сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың қиындығы;
  • ҚР ДСМ құрылымында МТ саласында бірыңғай техникалық саясат әзірлеуге және жүргізуге жауапты ұйымның болмауы;
  • сервистік қызметтерде МТ-ға қосалық бөлшектер резервінің болмауы;
  • биомедициналық инженерлердің кадрлық тапшылығы;
  • бюджеттік қаржыны тиімсіз пайдалану (өңірлерде артық

техникалық сипаттамалармен жабдықтарды сатып алу жағдайлары болды, бұл медициналық техниканы тиімсіз пайдалануға алып келді).

МТ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру екі кезеңде жүргізіледі. Қазіргі уақытта өңірлердің медициналық техникаға мұқтаждығын өзектендіру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бағдарламалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Болашақта қаржыландыру көздері анықталған, сонымен қатар медициналық техниканы сатып алудың лизингтік тетігін пайдалануды қарастыратын 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын медициналық техникамен жабдықтау бойынша кешенді жоспар бекітіледі.

Жалпы, медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды жүргізу рәсімі кезең-кезеңмен дайындықты және кешенді тәсілді талап етеді. Егер әр кезеңге тоқталсақ, бірінші кезекте сараптама ұйымы растайтын, Қазақстанда тіркелген баламасы жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, екі моделден кем емес әр түрлі өдірушілердің медициналық техникасын сатып алуға техникалық ерекшеліктің сипаттамасының сәйкестігіне  сарапттамалық қорытынды алу үшін, медициналық ұйымдар Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына өтінім беруі қажет.

Медұйымдар ҚР ДСМ бекіткен нысан бойынша Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы Бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы бірлігіне құны 20 млн теңгеден асатын медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырады.

Тендер қорытындысы бойынша СҚ-Фармация мен өнім беруші арасында жүргізілген шарттың бағасын төмендетуге арналған қорытындылар мен келіссөздер хаттамасының негізінде медициналық ұйым мен тендер жеңімпазы арасында медициналық техниканы жеткізуге шарт жасалады.

Процестің әр әрекеті бойынша есеп ҚР ДСМ жолданады, сонымен қатар СҚ-Фармация медтехниканы жеткізудің және тендер шарттарының орындалуының мұқият мониторингін жүргізеді.

Әрбір қатысушының-медұйымның, ДЗмМБСҰО, СҚ-Фармацияның және өнім берушінің миссиясы жауапкершілікке толы және медициналық техниканы сатып алу рәсімінде маңызды рөл атқарады. 

 

 I КЕЗЕҢНІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ  

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыруға көшу үшін нәтижесінде жеткізушілердің сапасына, бәсекеге қабілеттілігіне және бәсекелестік ортаны кеңейту арқылы жаңа ойыншыларды тартуға жағымды әсер ететін, транспаренттілікке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сатып алудың жұмыс істеу деңгейін арттыруға бағытталған тұтастай бизнес процестер мен сатып алу жүйесін жақсарту және жетілдіру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілді        

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселелері  медициналық және сараптау қоғамдастықтармен талқыланып,  талдау материалдары шығарылды.

 

ӘЛЕМДІК БЕНЧМАРКИНГ

Медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында медициналық техниканы, оның ішінде орталықтандырылған техниканы сатып алуды жүзеге асыру бойынша  әлемдік тәжірибе талданды.

Осылайша, озық елдердің, атап айтқанда АҚШ, Малайзия, БАӘ, Кореяның, Австралияның, Еуропалық одақ елдерінің, Жапонияның тәжірибесі, сонымен қатар өмірлік цикл келісімшарт (ӨЦК) жағдайында сатып алу және General Electric, Philips компанияларының РФ тәжірибесі негізінде медтехника өндірісін локализациялау тәжіирбесі егжей-тегжейлі зерттелді.

Медтехниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша жұмыстар аясында медтехниканы отандық өдірушлердің: Казмедприбор, KazMedAspap, Ақтөберентген, Aselsan өндіріс алаңдарына шығу жұмыстары жүргізілді. 

 

ЗАҢНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Құны 20 млн. теңгеден асатын медициналық техниканы  орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыру үшін нормативтік база дайындалды. Осылайша, сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларына, медициналық техниканың кемінде екі моделіне сәйкестігіне техникалық ерекшелікке талдау жүргізу тәртібін регламенттейтін бұйрыққа, сатып алу үшін үлгілік нысандарын бекітуді қарастыратын бұйрыққа өзгерістер бекітілді.

 

САРАПШЫЛАР ҚҰРАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін "ЭҚО" АҚ сатып алу веб-порталында сарапшыларды жинау және тіркеу рәсімі жүргізілді.

Сарапшылар әлеуетті өнім берушілер ұсынған медициналық бұйымның хабарландырудағы техникалық ерекшелікке сәйкестігіне талдау жүргізеді. Сарапшылардың жалпы саны 200 адамды құрайды.

 

IT ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Медициналық техниканы сатып алудың IT инфрақұрылымы дайындалды. Осылайша, СҚ-Фармация базасында Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесінде (БФАЖ) медициналық техниканы сатып алуға өтінім қабылдау модулі жасалынды.  Сонымен қатар, бұл портал  «Электронды қаржы орталығы» АҚ (ЭҚО)  сатып алу веб-порталымен синхрондалғанын атап өту қажет, бұл рәсімді қағаз жүзінде жүргізу және «адами фактордың» болмауын қамтамасыз етеді. Өңірлерге демонстрациялау, және пайдаланушыларды тіркеу жүргізілді.

САТЫП АЛУДЫ БАСТАУ

2022 жылдың тамызынан бастап СҚ-Фармация базасында орталықтандырылған сатып алудың рәсімдері басталды, оның аясында: 26,4 млрд. теңге сомасына 221 бірлік медициналық техниканы сатып алуға 16 тендер, сонымен қатар 6 қайта сатып алу жарияланды.

177 бірлік медициналық техника сатып алынды: медициналық техниканы сатып алуға бөлінген қаржы  23,2 млрд. теңгені құрады.

Аукцион қорытындысы бойынша үнемдеу  3,1 млрд теңгені құрады, бұл орташа есеппен 14% құрайды (жекелей лоттар бойынша үнемдеу  81% дейін болды (бактериологиялық анализатор).

13 өңір және 2 республикалық маңызды қала қамтылды. Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандырудың әсері ретінде бір лотқа арналған ашық конкурсқа орта есеппен 3 әлеуетті өнім беруші қатысты. Ал автоматтандырылған аукционның ұзақтығы 2,5 тен 14 сағатқа дейін болды.

Орталықтандырылған сатып алудың бірінші кезеңі нәтижелерінің тиімділігінің ең айқын мысалдары:

МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ

Жақсатру жөніндегі ұсыныстар бойынша нақты шаралар қабылданды, атап айтқанда, өңірлердің медициналық ұйымдарының және  денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері үшін оқыту курстары жүргізілді.

Оқыту дәріскерлер ретінде ДЗСҰО, ҚР ДСМ, ДСДҰО және СҚ-Фармация мамандарын тарта отырып ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы »  ШЖҚ РМК базасында өтеді.  

Курстарда ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық техниканы сатып алуға байланысты жоспарлаудан бастап, СК-Фармацияның бірыңғай фармацевтикалық жүйесі арқылы медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға өтінімдер беруге дейінгі барлық аспектілер қамтылған. Осы курс тыңдаушыларының алғашқы шығарылымы 2022 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылды, ағымдағы жылға оқытудың төрт циклін өткізу жоспарланған.

Бұдан басқа, жабдықтарды сатып алудың бірыңғай саясатын жүргізу мақсатында стандартталған техникалық ерекшелікті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, және бұл жұмысқа аталған оқу курсынан өткен өңірлердің сарапшылары да тартылады.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің техникалық сипаттамаларын жасау кезінде оларды пайдалану үшін техникалық сипаттамалардың нысандарының жобасын әзірледі, оларды кейіннен техникалық сипаттамаларды әзірлеу кезінде әдістемелік ұсыныстар ретінде пайдалану ұсынылады.

Бұған дейін ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаменті өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың қажетті параметрлерін толтыру үшін үлгілік техникалық ерекшеліктердің сауалнама-нысандарын жолдаған болатын. Өңірлерден алынған медициналық техника бөлінісіндегі деректер жинақталып, қазіргі уақытта сараптамалық пысықтау үшін ДЗмМБСҰО және ДСДҰҒО қарауына жіберілді.

Кейіннен әзірленген шаблондар медициналық техниканы сатып алуға техникалық ерекшеліктерді дұрыс әзірлеуге және медициналық көмек көрсету деңгейі мен функционалдық бағытын ескере отырып, медициналық ұйымдарға медициналық көмектің белгіленген көлемін орындауға мүмкіндік береді, бұл денсаулық сақтау ұйымдарын одан әрі жарақтандыруды стандарттауға мүмкіндік береді.

 

ДЗСҰО –мен ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ

Бүгінгі күні Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен тапсырыс берушілердің медициналық техниканың қажеттіліктері мен функционалдық мақсатына сәйкес техникалық ерекшеліктерді дұрыс дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық анықтамалық/нысан құру мәселесі пысықталуда.

Бұдан басқа, медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптамалық қорытындылар дайындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ДЗмМБСҰО, СҚ-Фармацияның қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіліп отырады.

Бұл жұмыс медициналық техниканы сатып алуға техникалық ерекшеліктердің сапасыз дайындалуын болдырмау мақсатында жүргізіледі, бұл жекелеген жағдайларда осы құжаттаманы дайындау бөлігінде медициналық ұйымдар өкілдерінің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты.

Техникалық ерекшеліктердің сапасыз дайындалуын болдырмау, сондай-ақ еркін қолжетімділікте тиісті ақпараттың, атап айтқанда, ДЗмМБСҰО  сайтында тіркелген медициналық техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың болмауына да байланысты.

 

НҚА ЖЕТІЛДІРУ

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 375 қаулысына  . өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ұсынылатын өзгерістер отандық тауар өндірушілерде қажетті құжаттар (РУ, СТ-KZ, ISO 13485) болған кезде конкурстық рәсімдерді өткізбей, медициналық техника өндірісі бар әлеуетті өнім берушімен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын тікелей жасасуды қамтиды.

Сондай-ақ сервистік қызмет көрсетудің кеңейтілген мерзімі бар медициналық техниканы сатып алу тәсілін енгізу қарастырылады, бұл ретте сатып алу пайдаланудың барлық кезеңі ішінде өнім берушінің техникалық сүйемелдеу міндеттемесімен жүзеге асырылатын болады.

Осы тәсілмен медициналық техниканың мынадай түрлерін сатып алу жоспарлануда: компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, ангиограф, позитрондық-эмиссиондық томограф, өнімділігі сағатына 1000 сынақтан кем емес автоматтандырылған биохимиялық анализатор, өнімділігі сағатына 300 сынақтан кем емес автоматтандырылған иммундық химиялық анализатор және өнімділігі тәулігіне 500 сынақтан кем емес автоматтандырылған анализатор полимеразды тізбекті реакция.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьюторға медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға өтінімдер беруге қатысты норма енгізілуде. Осылайша, медициналық ұйымдардың өтініш беру шекті мерзімі 1 тамызға белгіленеді.

Бұл өз кезегінде қаржы жылының соңына дейін медициналық техниканы жеткізу және инсталляциялау үшін жеткілікті мерзімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің кең ауқымының қатысуын қамтамасыз етеді, себебі  жартылай өткізгіштер мен басқа да электрондық компоненттер өндірісіндегі әлемдік тапшылықтарға байланысты медициналық техниканы өндіру мерзімі ұзартылады.

Сонымен қатар, медициналық техниканы жеткізу мерзіміне әсер ететін логистикалық тізбектердің ұзаруы байқалады.

II КЕЗЕҢНІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

2023-2027  ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАР

Локализация/келісімшарттық өндіріс, медициналық техниканың өмірлік циклінің келісімшарттары жағдайларында сатып алу тетіктерін қамтитын медициналық техниканы сатып алуды орталықтандырудың екінші кезеңін іске асыру үшін Қазақстан Республикасын медициналық техникамен жарақтандырудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы дайындалды, қазіргі уақытта республиканың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісу рәсімдері жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарындағы қолда бар медициналық жабдықтарды, жарақтандырудың ең төменгі стандарттарының талаптарын, сондай-ақ медициналық ұйымдарды дамытудың перспективалық жоспарларын ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған медициналық техникаға қажеттіліктің жиынтығы қалыптастырылды.

Жарақтандырудың кешенді жоспарын қалыптастыру негізгі құралдардың амортизация нормаларына сәйкес жоспарлы есептен шығаруды ескере отырып, қолда бар медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандырудың ең төменгі стандарттарымен арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

Лизингтік тетіктерді дамыту бойынша өткізілетін іс-шаралар шеңберінде медициналық техникамен жарақтандырудың стратегиялық тәсілдерін әзірлеу және қаржыландыру көздерін айқындау үшін СК-Фармация мен  Өнеркәсіпті дамыту қоры  арасында медициналық техникамен жарақтандыруды, оның ішінде машина жасаудағы (медициналық жабдықтар өндірісі) жобаларды қаржыландыру мәселесі бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осыған байланысы, отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ құралдары арқылы қаржыландыру шарттарын көрсете отырып, «2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының тұжырымдамасы» ҚР Үкіметінің № 846 қаулысына  өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде. Бұл шара шетелдік өндіріс жабдықтарын локализациялауды, технологиялар трансферін және жаңа әзірлемелерді ынталандыруға, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, орталықтандырылған сатып алудың екінші кезеңіне дайындық мақсатында 5 жылға медициналық техникаға қажеттілік жиынтығы қалыптастырылды, 5 жылға медициналық техникамен жарақтандыруға 507 млрд теңге мөлшерінде алдын ала сома айқындалды. Оның 289 млрд-ы № № 161-VII Заңға және "Дені сау ұлт" ұлттық жобасына, сондай-ақ "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына сәйкес жергілікті бюджет шеңберінде бөлінеді.

Бұл ретте ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған республикалық және жергілікті бюджеттерден (лизинг, тауар кредиті, МЖӘ) жабу жоспарланып отырған 217 млрд теңге сомасына қосымша қаржыландыру көздеріне қажеттілік бар.

ТЕХНОЛОГИЯ ТРАНСФЕРІ

Ел Президенті инвесторларды тартудың, технологиялар трансфері мен саладағы жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Мемлекет басшысының Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Бірыңғай дистрибьютор әлемдік фарминдустрияның ірі ойыншыларымен кездесулер өткізеді, олардың барысында қазақстандық фармацевтикалық нарыққа қатысудың перспективалық жоспарлары және салаға инвестициялау мәселелері талқыланады.

Қазақстанға жаңа технологиялар трансфері жаңа технологиялық құзыреттерді беру, экспортқа бағдарланған өнім өндіру, өнеркәсіптің инновациялық секторларын құру мәдениетін қалыптастырады, олардың ішінде фармацевтика саласы негізгі салалардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күнге дейін соңғы технологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін ірі компаниялармен бірқатар кездесулер өтті: SPECTARIS оптикалық, медициналық және мехатроникалық технологиялардың неміс өнеркәсіптік қауымдастығы, Philips медициналық техникасын нидерландық өндірушісі, жоғары сапалы өнім шығаруға маманданған кореялық жаһандық ортопедиялық компания Corentec , қазақстандық сервистік қызмет «БАРК Технолоджи» ЖШС  және басқалары.

Қазақстанға технологиялар трансфері үшін елде оларды құруды Бірыңғай дистрибьютор бастамашылық еткен медициналық-фармацевтикалық кластерлер жұмыс істейтін болады. Оларды құру отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми зертханаларды, ірі медициналық жоғары оқу орындарын, отандық өндірістік алаңдарды тарту, инвестициялық жобаларды қолдау институттарын тарту, сондай-ақ R&D орталықтарының типі бойынша еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда кластерлерді орналастыру арқылы орынды болады.

 

ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУ/ВЕНДОРЛАРМЕН КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ӨНДІРІС

Ірі әлемдік өндірушілермен локализациялау/келісімшарттық өндіріс мәселелерін пысықтау белсенді жүргізілуде. Canon, Philips, General Electric, Samsung Medison, Mindray және басқа да компаниялар өндірісті локализациялауға қызығушылықтарын білдірді.

Өндірісті локализациялау мәселелері бойынша шетелдік медициналық техника өндірушілерімен келіссөздер жүргізілді: Philips, Canon, General Electric, DRTech, Mindray, Lоwenstein, Roche Diagnostic.

Сонымен қатар, ҚР СІМ арқылы, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордан 50-ге жуық шетелдік өндірушілердің штаб квартираларына  келіссөздерге қатысу бойынша сұрау салулар жіберілді, олардың көпшілігімен әлемдік жетекші медициналық техника өндірушілермен кооперацияда отандық медициналық аспап жасауды дамыту ниеті туралы келіссөздер жүргізілді.

Қазақстан аумағында локализациялау мүмкіндігін зерттеп жүрген Lowenstein Medical, Ackerman, Atom Medical және басқа да медициналық техника өндіруші басқа да вендорлармен  жұмыс жүргізілуде.

Медициналық техниканың отандық өндірушілерінен ақпарат жиналды, өндірістік үй-жайлардың, станок паркінің алаңдары, кәсіпорын қызметкерлерінің саны, өндірілетін техниканың тізбесі, сондай-ақ оның құны көрсетілген мәлімет қалыптастырылды. Бұл ақпарат қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп медициналық техника өндірістерін ашу туралы шешім қабылдау үшін вендорларға жіберілді.

Сонымен қатар, 2022 жылы Корея Республикасына бару жүзеге асырылды, онда медициналық-фармацевтикалық және аспап жасау кластерлерін құру тәжірибесі зерделенді. Нәтижесінде Қазақстан аумағында өндірістік алаңдарды орналастыру туралы 5 Меморандумға қол қойылды – фармацевтика және медициналық жабдықтар саласындағы ең жаңа әзірлемелер: JW Pharmaceutical және «Ordamed» АҚ, Samsung Medison және  «Ordamed» АҚ, GENORAY және «Ordamed» АҚ, «DOLCE» ЖШС және MEDICAL PARTNERS KOREA LTD, «Ақтөберентген» АҚ және DRTECH арасында.

 «Ақтөберентген» АҚ-мен  Shenzhen Mindray Bio-Medical Electronics Co., Ltd (КНР); IBIS (Италия) сияқты вендорлардың өнімдерін Қазақстан аумағында өндіруді локализациялау мәселесі пысықталуда.

Швейцариялық Roche компаниясымен ынтымақтастық пысықталды, қол қойылған келісім шеңберінде ауруларды ерте анықтау, олардың алдын алу және тиісінше тиімдірек емдеу үшін диагностиканың халықаралық тәжірибесі мен инновациялық әдістемелерін енгізуге ынтымақтастық белгіленді.

Roche компаниясы диагностиканың жаңа әдістерін енгізу үшін Қазақстанға әдіснамалық және материалдық-техникалық қолдау көрсетуге, атап айтқанда зерттеу жобаларын жүргізу үшін және гранттар ретінде қажетті зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын екендігін білдірді. Компанияның тәжірибесі Қазақстанның зертханалық инфрақұрылымын нығайтуға және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал ете алады.

Қыркүйек айында Philips компаниясы өкілдерінің "Ақтөбрентген" АҚ өндірісінің базасымен және технологиясымен танысу және медициналық техниканы бірлесіп өндіруге қатысты мәселелерді талқылау үшін сапары болды.

Сапар барысында өндірістік цех және медтехника өндірісінің негізгі процестері қаралды, инфрақұрылым, кадр саясаты, корпус, өндіріс үшін шикізат ресурстары, медтехниканы тіркеу және т. б. мәселелер талқыланды. Сонымен, Денсаулық сақтау министрлігі мен Philips компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Медициналық бұйымдар нарығының жаһандық ойыншыларымен ынтымақтастық аясында Мемлекет басшысының 2022 жылы Нью-Йоркке сапары барысында General Electric компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

"Ақтөберентген" АҚ және SINOVISION екі тараптан көп бөлімді компьютерлік томографтар өндірісін локализациялау бойынша OEM келісіміне қол қойылды. Пайдалану құжаттамасын дайындау, жобаны қаржыландыру, тораптарды сатып алу, "Ақтөбрентген" АҚ-да жекелеген тораптардың өндірісін игеру, тәжірибелік үлгіні дайындау, сынау және компьютерлік томографтың тіркеу куәлігін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАР

Ірі әлемдік өндірушілермен келісімшарттық өндіріс мәселелері маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Келісімшарттық өндірісті шетелдік өндірушілермен бірлесіп ұлғайту басымдылыққа ие.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, өз кезегінде, шетелдік өндірістің медициналық жабдықтары үшін құрастыру алаңы бола отырып, ірі сатушыларға медициналық техниканы локализациялау үшін өзінің өндірістік алаңын ұсынуға дайын. Кейіннен келісімшарттық өндіріске ұзақ мерзімді шарт жасасу жоспарлануда.

Қазір әртүрлі кезеңдерде келісімшарттық өндіріс бойынша әлемдік вендорлармен келіссөздер жүргізілуде. Canon, Philips, General Electric, Samsung Medison, Mindray, Sinovision, Ibis  сияқты және басқа да компаниялар медициналық жабдықтарды өндіруді локализациялауға қызығушылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, «ОрдаМед»  АҚ Қазақстанда маммография жүйелерін, неонатологияға арналған жекелеген медициналық бұйымдардың соңғы өнімдерін, ультрадыбыстық диагностикалық жүйелерді, пациенттің көпфункционалды мониторларын, неонатология, хирургия, гинекология бағыттары бойынша әртүрлі типтегі жабдықтар мен жабдықтардың рентгенографиясын өндіруге уағдаластыққа қол жеткізді.

Өткен жылы «ОрдаМед»  GENORAY СО., LTD, JW Holdings CorporationSamsung Medison Co жетекші компаниялармен, сонымен қатар BionetSG Healhcare және JW Medical Меморандум жасасты.

Бұл салалар инвестициялар үшін, оның ішінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу шеңберінде ашық. Мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

 

КАЗАҚСТАНДЫҚ БРЕНД

Бүгінгі таңда отандық өндірушілер озық технологиялар трансферті және дайын өнім экспортын ұлғайту бөлігінде импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, өз өндірістерін дамытуға бағдарлануы қажет.

Бұл ретте дайын өнім өндірумен қатар фармацевтикалық компоненттер мен субстанциялар әзірленіп, өндірілуі тиіс. Бүгінгі күні фармацевтика саласында қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде көзделген.

Келісімшарттық өндіріс тетігінің маңызды сәттерінің бірі-шетелдік компания отандық агенттің өндірістік қуаттылығында келісімшарттық негізде өнім шығарады. Нәтижесінде түпкілікті өнім қазақстандық кәсіпорындардың брендімен шығады.

 

СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ЭКСПОРТ

Экспорттық өнімді жылжыту — ҚР Үкіметі үшін кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды элементі. Кәсіпкерлердің ағымдағы бастамаларын дамыту және отандық өнімдер үшін жаңа нарықтарды іздеу міндет болып табылады.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарларының экспортын реттеу қажеттілігіне баса назар аудара отырып, сыртқы сауда қызметін жандандырудың және қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға жылжытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан тиімді географиялық жағдайға ие бола отырып, Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің, Қытайдың, Түркияның, Еуропа елдерінің және АҚШ-тың стратегиялық мүдделерінің тоғысқан өңірі болып табылады.

Сондықтан, геосаяси жағдайда елдің инвестициялық саясатының бағыты және онымен байланысты барлық өзгерістер бүкіл Азия аймағы үшін және одан тыс жерлерде айтарлықтай маңызға ие болады.

Бірыңғай дистрибьютор осы бағыт бойынша кешенді шаралар жүргізеді. Осылайша, экспорттық әлеуетті арттыруға және сыртқы сауданы кеңейтуге бағытталған қазақстандық өндірушілер үшін экспортты жеделдету бағдарламасын іске асыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор мен QazTrade  өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Тараптар отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және қазақстандық өнімдерді, оның ішінде медициналық жабдықтарды шетелдік алаңдарға жылжыту үшін жағдайлар жасау бойынша әріптестікті дамытуға ниетті.

Мемлекет отандық экспорттаушыларды қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге ынталандыру үшін қосылған құны жоғары тауарлардың шығындарын және жергілікті қамту үлесін өтеуді көздейтін түзетулер пакетін қабылдады.

Қазіргі уақытта мемлекет қазақстандық өндіруші-экспорттаушыларға тауарды тасымалдау, жарнама және көрмелерге қатысу шығындарының бір бөлігін өтейді.

Қаржылық қолдау сонымен қатар шетелдегі өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қоймалар мен сауда сөрелерін ұстауға бағытталады. Бұдан басқа, өндірушілерге тауар белгілерін тіркеу, франчайзингке рұқсат алу және сертификаттау мен аккредиттеуден өту рәсімдеріне жұмсалған шығындар өтеледі.

 

МТ СЕРВИСТІК  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ/СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ҚОЙМАСЫ

Жергілікті өндірістерге қойылатын талаптардың бірі медициналық ұйымдардың техникалық және дәрігерлік мамандарын даярлау, қолданыстағы сервистік орталықтарды ашу немесе кеңейту, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қоймаларын қалыптастыру болып табылады.

Мұның бәрі жөндеу кезінде жабдықтың тоқтап қалу уақытын қысқарту, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру есебінен сатып алынатын медициналық техниканы пайдалану тиімділігін арттыруға әкеледі. Медициналық техника өндірісін локализациялауды дамыту денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де кең перспективалар ашады.

Осылайша, Қазақстанда медициналық техника өндірісін локализациялаумен қатар, ҚР ДСМ Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, медициналық техниканы өндіруші әлемдік вендорлардың, оның ішінде GE Healthcare білім беру орталықтарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өткізілген кеңестер барысында Қазақстанда оқу орталықтарын ашу туралы мәселе көтерілді.

GE Healthcare компаниясы қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының базасында GE Academy филиалының ашылу дайындығын атап өтті және алаңды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Satbayev University және   С.Д. Асфендиярова атындағы КазНМУ  базасында биомедициналық инженерлерді оқыту бойынша бірлескен бағдарлама ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта тиісті жол картасы мен оқу жоспарлары әзірленуде.

СК-Фармация алаңында сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Сервистік қызметтер қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізілді:

Sapaly Med Qyzmet, KARL STORZ Endoscopy Kasachstan, General Electric, Б. Браун Медикал Казахстан, Ordamed, Medical Marketing Group, КазМедИнжиниринг.

Ағымдағы жылдан бастап медициналық қызметтерге тарифтік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, оған медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру, сервистік техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығыстарды қосу жоспарлануда.

 

СЕРВИС-КОДТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК/ МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ

Медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға арналған құжаттардың нысандарын қамтитын бұйрыққа, оның ішінде техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізілді.

Бұл құжатта медициналық ұйымдарға бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды ұсынатын ілеспе қызметтерге қойылатын талаптар енгізілді.

Бұл ретте растайтын құжатты бере отырып, медициналық және техникалық персоналды оқыту міндетті шарт болып табылады. Бұл талаптар медициналық ұйымдардың жеке инженерлік кадрларының күшімен медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.

 

САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ - ӨЦК

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша кеңейтілген сервистік қызмет көрсету (өмірлік цикл келісімшарттары) шарттарында сатып алу, отандық тауар өндірушілердің медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу рәсімін жетілдіру, медициналық техниканы келісімшарттық өндіру сияқты сатып алудың жаңа тетіктерін енгізуге мүмкіндік беретін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жоба дайындалды.

Қазан айында өмірлік цикл келісімшарттарын енгізу тәжірибе алмасу үшін «MedTech» медициналық техника жөніндегі II Халықаралық форумға халықаралық сарапшылар шақырылды.

Тұтастай алғанда ӨЦК тетігі қызметтердің толық спектрін сатып алуға мүмкіндік береді – бір жеткізушіден "кілтпен": медициналық жабдықты пайдаланудың барлық нормаланған мерзімі ішінде жеткізілген медициналық техниканы жеткізу, орнату, оқыту, үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

МТ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУ

Медициналық техниканы бақылау және есепке алу бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жұмысын жақсарту үшін СҚ-Фармация «Медициналық техниканы басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің есептік мәліметтерін беретін функционалын зерттеді, сондай-ақ Түркия, РФ, Корея сияқты басқа елдерде осындай жүйелерді пайдалану тәжірибесін талдады.

Медициналық техникамен жарақтандыруды бақылау және есепке алу үшін жаңа ақпараттық жүйені жетілдіру немесе құру бойынша ұсыныстар дайындалды.

Бұл ұсыныстар МТБЖ АЖ-нің бар кемшіліктерін жоюға бағытталған, олардың ішінде: деректерді қолмен енгізуге байланысты толтыру қателіктері; жарақтандырудың жаңа стандартын енгізу қажеттілігі; жүйеге деректердің толтырылуын бақылауды жүзеге асыру; серверлік қуаттарды жаңғырту; медициналық ұйым мен сервистік компания арасындағы өзара іс-қимыл бойынша функционалды қосу.

МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУ

Ақтөбе облысында медициналық-фармацевтикалық кластер құруға бастамашылық жасалды. Жоба аясында "Ақтөбрентген" АҚ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен және Ақтөбе колледжімен бірлескен ғылыми қызмет туралы шарттар жасасты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында медициналық-фармацевтикалық кластер құру туралы Меморандумға қол қою жұмыстары жүргізілуде, тиісті жұмыс тобы құрылды.

Осы бағытта СҚ-Фармация "Ғылым қоры" АҚ, "Kazakh Invest", Экономикалық зерттеулер институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта "Бәйтерек"-пен және еліміздің бірқатар озық медициналық жоғары оқу орындарымен меморандумға  қол қою жоспарлануда.

 

ЕНГІЗУДЕН КЕЙІНГІ НӘТИЖЕЛЕР

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі нәтижесі - медициналық көмек көрсету деңгейіне сәйкес жарақтандыру, медициналық техника паркін жаңарту, Ұлттық жобалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, сервистік қызмет көрсетуді жетілдіру, еліміздің барлық өңірлері халқының медициналық көмекке тең қолжетімділігі.

  • СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕРДІҢ МӨЛДІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталады және медтехниканы жоспарлау және сатып алу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі, денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыруға, 10 жылдан астам мерзімде пайдаланылған медициналық техниканың болуын азайтуға мүмкіндік бар.

  • ШЫҒЫНДАРДЫҢ АЗАЮЫ ЖІНЕ БЮДЖЕТТІҢ ҮНЕМДЕЛУІ

Медициналық техниканың құнын төмендету есебінен медициналық ұйымдардың күрделі шығыстарына арналған бюджеттің жыл сайынғы шығыстары азаяды. Медициналық техниканың құнын төмендету ӨЦК шарттарында сатып алу тетіктерін енгізу, сатып алуды шоғырландыру, орталықтандырылған сатып алу үшін техникалық ерекшеліктерді орташалау және медициналық техниканы сатып алу үшін үлгілік техникалық тапсырмаларды әзірлеу есебінен жоспарланады.

Өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша үнемдеу бөлінген қаражаттАН орташа есеппен 14% - (МТ жекелеген түрлері бойынша 81% - ға дейін) құрағанын атап өткен жөн.

  • СЕРВИСТІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ ЖОҒАРЛАУЫ

Сервистік қызмет көрсету сапасы жақсарады, оның ішінде

Медициналық ұйымдардың сервистік қызмет көрсетуге қаражатын үнемдеуге және медициналық техниканы пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етуге әкеледі. Жүргізілген талдау көрсеткендей, "ауыр" медициналық техниканы сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге пайдаланудың 10 жылында жабдықтар номенклатурасының жекелеген түрлері бойынша оның бастапқы құнының 100% - дан астамын жұмсауға болады.

  • КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕРДІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОТӨ САНЫНЫҢ АРТУЫ ЕСЕБІНЕН ОТӨ ҮЛЕСІНІҢ ҰЛҒАЮЫ

Техникалық салада елдің кадрлық әлеуетін арттыру және отандық

тауар өндірушілердің медтехника нарығындағы үлесін ұлғайту. Бұл сервистік қызмет көрсетуді табысты дамытуға мүмкіндік береді және халықаралық нарыққа шығу үшін жақсы серпін береді.

  • МТ ЖАБДЫҚТАУДЫ БІРЫҢҒАЙ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ

ҚР ДСМ құрылымынан Техникалық кеңес құру жолымен медициналық

техниканы сатып алу және қамтамасыз ету саласында бірыңғай әдіснамалық тәсілдер мен техникалық саясат әзірленетін болады.

Қорытындылай келе, барлық ескертулер, соңғы жылдардағы тәжірибедегі кемшіліктер мен сәйкессіздіктер ескерілгенін атап өткіміз келеді, ал тәжірибе, өздеріңіз білетіндей, жақсартулар жасау үшін ең жақсы тәжірибе.

Кез келген жаңалық сияқты, бастама да қызу қолдаушылар мен сыншыларды тапты. Ал қазір байқалатын және ұзақ мерзімді перспективада маңыздылығы артып келе жатқан нақты артықшылықтар түпкі мақсатқа — пациенттер көретін әсерге ықпал етеді және бұл бүкіл саланың ең маңызды KPI.

 

СК-Фармация ұсыныстарға ашық, бюджеттік шығыстарды қысқартуға, техниканың тоқтап қалуын азайтуға, сондай-ақ медициналық жабдықтарды сервистік қолдауды жетілдіруге бағытталған барлық қатысушы және мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен жоспарлы жұмыс жүргізуге дайын.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасы – + 77172 559247/959093,

эл. почта: n.palinka@sk-pharmacy.kz, a.tatiyeva@sk-pharmacy.kz

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще