Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
02.09.2024

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы өзінің кіріспе сөзінде Парламент өткен сессия барысында 102 заң қабылдағанын, оның ішінде қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технологиялық саясатына, жылу энергетикасына және басқа да заңдар қабылданғанын атап өтті. Ол әлеуметтік мәселелерге, әсіресе балаларды қорғауға айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті.

Халыққа жаңа Жолдау ннвестициялық саясат, бизнес жүргізу, отандық өнеркәсіпті дамыту, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту, фискалдық саясат, елдің кадрлық әлеуеті және т. б. мәселелерге арналды.

Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы денсаулық сақтау саласына 3,3 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты бағытталғанын хабарлады.  Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ.

«Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру қажет екенін атап өтті.

«Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдаудың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstan-zan-men-tartip-ekonomikalyk-osim-kogamdyk-optimizm-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-285659

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще