Жаңалықтар
25.09.2024

RUSAN PHARMA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗ ӨНІМДЕРІН ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРУГЕ МҮДДЕЛІ

Халықаралық ынтымақтастық аясында Бірыңғай дистрибьютордың Rusan Pharma фармацевтикалық компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Компанияны басқарма төрағасы, доктор Н. Саксен және басқарушы директор Кунал Саксен таныстырды. Сондай-ақ кездесуге Rusan Pharma-ның Қазақстандық серіктесі – Axion Resources KZ-тың басшылығы қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда толық циклді фармацевтикалық өндірісті құруға баса назар аудара отырып, екіжақты стратегиялық әріптестік перспективаларын талқылау болды.

Айта кетейік, Rusan Pharma – дәрілік препараттар мен субстанцияларды әзірлеуді, өндіруді, сатуды және экспорттауды жүзеге асыратын халықаралық нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорын.

Бүгінгі таңда компания әр түрлі формада жоғары тиімді фармацевтикалық препараттарды шығарады және Үндістанда өзінің R&D орталығы мен клиникалық зерттеулер орталығы бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Rusan Pharma өкілдерінің «СҚ-Фармацияға» алғашқы келуі емес. Бұған дейін тараптар Еуразиялық кеңістік елдеріне және басқа өңірлерге экспорттау үшін препараттардың толық ассортименті бар халықаралық фармацевтикалық компанияның Қазақстан нарығына шығуы және ҚР-да толық циклді фармацевтикалық өндіріс салу мәселесін көтерген болатын.

Rusan Pharma өз технологиялары мен жергілікті мамандарды оқытуды ұсына отырып, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ниетті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға және жақын болашақта нақты келісімге келуге уағдаластыққа келді.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще