Бірыңғай дистрибьютор алаңында Rusan Pharma Халықаралық фармацевтикалық компаниясының Басқарма төрағасы доктор Н.Саксенмен және Басқарушы директор доктор Кунал Саксенмен кездесу өтті. Кездесуге Axion resources KZ басшылығы да қатысты.
Rusan Pharma – дәрі-дәрмектер мен субстанцияларды әзірлеуді, өндіруді, сатуды және экспорттауды жүзеге асыратын халықаралық нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорын. Өнімнің толық ассортименті ЕО, Ұлыбритания, Ресей, ТМД, Оңтүстік Африка, Маврикий, Непал және Мьянма елдеріне жеткізіледі.
Кездесу барысында тараптар инвестициялар тарту және экспортты ұлғайту мәселелерін қоса алғанда, фармацевтика саласындағы екіжақты стратегиялық әріптестіктің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Бүгінгі таңда Rusan Pharma жоғары тиімді фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді әр түрлі формада шығарады және Үндістанда өзінің R&D орталығы мен клиникалық зерттеулер орталығы бар. Компания NACO, UNODC, UNOPS, Жаһандық қор және әртүрлі дамушы нарықтардағы Денсаулық сақтау министрліктері сияқты әртүрлі ұйымдар үшін маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізушілердің бірі болып табылады.
Қазір Rusan Pharma дәрі-дәрмектердің толық ассортиментімен Қазақстан нарығына шығу және еуразиялық кеңістік елдеріне, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге әлеуетті экспортпен Қазақстанда толық циклді фармацевтикалық өндіріс салу мүмкіндігін қарастыруда.
Бірінші кезекте Rusan Pharma қазақстандық нарықтың қажеттілігін мүдделілігі бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ниетті. Компания өндірісті өз технологияларымен жабдықтауға және жергілікті кадрларды даярлауды жүзеге асыруға дайын.
Жергілікті өндірістің құрылысы халықты дистрибьюторлық үстеме бағасыз өндірушінің бағасы бойынша өмірлік маңызды отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның фармацевтика саласында да, валюта нарығында да сыртқы факторлардың ықпалына тәуелділігін төмендетеді.
Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев өз кезегінде бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы айтып, саланың инвестициялық мүмкіндіктерін, қолданыстағы құралдарды, мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың шарттарын, қазақстандық фармнарықтың жоғары әлеуетін және оның даму перспективаларын таныстырды.
Отандық өндірісті дамытуда қосылған құны жоғары бірегей дәрі-дәрмектердің отандық өндірістік алаңдарында өндірісті жергіліктендіру басты рөлді атқаратыны ерекше атап өтілді. Ынтымақтастықтың негізгі элементтерінің бірі – дәрілік заттарды өндіруде озық технологиялар мен тәжірибе алмасу болып табылады. Сондай-ақ, назарда – өз әзірлемелері үшін R&D-орталықтарын дамыту және кластерлік бастаманы іске асыру.
Медициналық қызмет көрсету сапасына және халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігіне оң әсер ететін екіжақты ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті атап өтілді. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін айтты.
Қазақстандық нарыққа ірі фармойыншыларды тарту технологиялардың Қазақстанға трансферін қамтамасыз етіп қана қоймайды, дәрі-дәрмектердің импортына тәуелділікті азайтады, жаңа жұмыс орындарын ашады, сонымен қатар ең бастысы – ұлттық қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Анықтамалық:
Rusan Pharmaфармацевтикалық кәсіпорны 1994 жылы Мумбайда (Бомбей) құрылды. Компания дәрі-дәрмектер мен субстанцияларды әзірлеуді, өндіруді, сатуды және экспорттауды жүзеге асырады. Өнім ассортименті 130-дан астам дәрілік нысандар түрінде шығарылатын әртүрлі фармакологиялық топтардың дәрілік заттарының 70 атауын қамтиды.
Rusan Pharma– Үндістандағы есірткі дәрілік заттарының импортына рұқсат алған 6 компанияның бірі. Үндістанда өзінің концентрацияланған көкнәр сабан өндірісі бар, Үндістанда 5 зауыт және бүкіл әлем бойынша 30 кеңсесі бар. Өнімнің толық ассортименті ЕО, ЕО, Ұлыбритания, Ресей, ТМД, Оңтүстік Африка, Маврикий, Непал және Мьянма елдеріне жеткізіледі.