Жаңалықтар
18.09.2024

САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Орта Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріндегі фармацевтикалық нарықтардың мемлекеттік және коммерциялық сегменттерінің даму тенденцияларына арналған жыл сайынғы Еуразиялық фармацевтикалық Саммиті-2024 Ташкентте өтуде.

Саммит аясында «Мемлекеттік сатып алу: пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін кеңейтуді қалай қамтамасыз ету керек» тақырыбында сессия өтті.

Пікірталасқа фармацевтикалық компаниялардың, медициналық ұйымдардың және мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдерін қоса алғанда, мемлекеттік және жеке құрылымдардың жетекші сарапшылары қатысты. «СҚ-Фармация» атынан Отандық тауар өндірушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы Джан Танжарыков қатысты.

Сессия қатысушылары дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алудағы басымдықтар, тендерлердің шарттарын айқындау тәсілдері, инновациялық дәрілік заттар нарығына қол жеткізу мүмкіндіктері сияқты тақырыптар бойынша еркін форматта пікірталас өткізді.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның барлық азаматтары үшін сапалы дәрі-дәрмектерге тұрақты және сенімді қолжетімділікті қамтамасыз ету. Алдағы жылдары жергілікті өндірушілерді ынталандыру шараларын күшейту жоспарлануда. Бұдан басқа, біз мемлекеттік сатып алуды цифрландыру жүйесін дамытуды жалғастырамыз, бұл процестерді неғұрлым ашық және тиімді етуге мүмкіндік береді. Біз денсаулық сақтау саласындағы жаңа инновациялармен тәжірибе алмасу және бірлесіп жұмыс істеу үшін Еуразия өңірі бойынша серіктестермен ынтымақтастыққа ашықпыз», - деп атап өтті Д.Танжарыков.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алу саясатының негізгі тетіктері мен нәтижелері талқыланды. СҚ-Фармация операторы арқылы орталықтандырылған сатып алу жүйесіне, бағаны реттеу тетіктеріне және отандық фармацевтикалық өндірісті қолдауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің бәсекеге қабілеттілігін, қолжетімділігін және жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша талқылау болды. Жергілікті өндірушілерді қолдауға және тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер ұсынылды.

Сарапшылар қант диабеті, онкология және сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастар үшін сатып алудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық препараттарды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, қымбат дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті кеңейту перспективалары туралы айтып берді.

Пікірталас барысында дәрілік заттарды сатып алудың неғұрлым икемді және ашық тетіктерін әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар мемлекет пен жеке компаниялар арасындағы ынтымақтастық қаржыландырудың инновациялық үлгілерін одан әрі дамытудың және пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырудың кілті екенін атап өтті.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще