Жаңалықтар
15.08.2024

СК-ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ DOLCE СИНЕРГИЯСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Бірыңғай дистрибьютор басшысы Еркен Жакатай «Dolce» қазақстандық фармацевтикалық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Dolce» компаниясының атынан Басқарма төрағасы Сәуле Макишева, коммерциялық директор Залия Нурумбетова және GR менеджері Марлен Муканов қатысты.

Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор мен «Dolce» ЖШС арасында медициналық бұйымдардың 66 атауын жеткізуге екі ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Айта кетейік, отандық фармацевтикалық өнімдердің үлесін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының бірі отандық фармацевтикалық компаниялармен ұзақ мерзімді шарттар жасасу болып табылады.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру мәселелері бойынша екіжақты диалогты одан әрі дамытуға бағытталғанын растады.

Еске салсақ, «Dolce-Pharm» бренді бар «Dolce» ЖШС нарықта 26 жыл болды. Компанияның 8 өндірістік цехы бар. Олар шприцтер, пластмассадан жасалған бұйымдар, респираторлар, тоқыма емес материалдан жасалған бір реттік медициналық бұйымдар және т. б. шығарады. Еліміздің әр емдеу мекемесінде Dolce өнімдері қолданылады.

2020 жылдан бастап пандемия жағдайында өндірістік қуаттылық ұлғайтылды, бұл елдегі бір реттік медициналық өнімдердің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2023 жылы компания шприц шығаратын жаңа зауыт ашты.

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще