Байланыс орталығы 1439
  • СҚ-ФАРМАЦИЯ, ROCHE, НОБЕЛЬ ЖӘНЕ ҚАЗОРҒЗИ СИНЕРГИЯСЫ: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР АЛМАТЫДА ШЫҒАРЫЛА БАСТАЙДЫ
Жаңалықтар
28.10.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ, ROCHE, НОБЕЛЬ ЖӘНЕ ҚАЗОРҒЗИ СИНЕРГИЯСЫ: СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР АЛМАТЫДА ШЫҒАРЫЛА БАСТАЙДЫ

Сүт безі обырына қарсы дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіру жөніндегі жоба Халықаралық Roche және Нобель компанияларымен бірлесіп Алматы фармацевтикалық фабрикасы базасында іске қосылды.

Мемлекет басшысы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 50%-на дейін ұлғайту міндетін қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың СҚ-Фармация, Нобель АФФ, Roche және ҚазОРҒЗИ арасында HER2-оң сүт безі обыры бар барлық пациенттерге инновациялық емдеу әдістерін қолдану туралы тапсырмасына сәйкес бұған дейін келісімге қол қойылған болатын.

Ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстандағы өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып табылатын HER2-позитивті қатерлі ісікті емдеуге арналған бірегей онкологиялық препараттарды жергілікті өндіру.

Жаңа өндірістің ашылуында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өмірлік маңызы бар онкологиялық дәрі-дәрмектер шығару үшін жергілікті қуаттарды құру Қазақстанда емдеудің заманауи әдістерінің қолжетімділігін арттыру және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

Өндірісті жергіліктендіру инвестициялар, технологиялар трансферті және жаңа әзірлемелерді тарту импорттық препараттарға тәуелділікті азайтады және олардың құнын төмендетеді.

Посмотреть еще