Жаңалықтар
12.07.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА АЛТЫ АЙДА 27 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУ ТҮСТІ

Азаматтарды сапалы және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету әрқашан ұлт денсаулығын сақтаудағы басымдық болды. Негізгі міндет – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез-келген төтенше жағдайда икемді болатындай және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған жұмысты ұйымдастыру.

Көптеген жылдар бойы пациенттермен және жұртшылықпен жедел өзара іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютордың 1439 қысқа нөмірі бар байланыс орталығы жұмыс істейді.

Қалалық және ұялы телефондар үшін – барлық қоңыраулар тегін.

Операторлар халықтан жеткізілімдегі іркілістер туралы барлық деректерді жинақтайды, тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері мен күндері туралы ақпарат береді. Әрбір сұрау жедел қаралады, қажет болған жағдайда дәрілік заттар/медициналық бұйымдар басқа медициналық ұйымнан жіберіледі немесе қажетті дәрі-дәрмектер қоры сақталатын тарату орталығынан жеткізіледі.

 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштер

 

2024 жылдың алғашқы алты айында байланыс орталығына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындардан 27 767 қоңырау түсті, олар бойынша 33 442 клиент карточкасы құрылды.

 

 

 

Ең көп өтініштер амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша келіп түсті. Қоңыраулардың 79%-ы қала тұрғындарынан және 21%-ы ауыл тұрғындарынан келді.

Қоңыраулардың жалпы санынан – ақпараттық сипаттағы 3 923 өтініш, оның ішінде сатып алынбаған дәрі-дәрмектер бойынша – 1 564 өтініш және eGov.kz пайдаланушыларынан – 65 өтініш.

Өтініштердің ең көбі – Астана мен Алматы тұрғындарынан келіп түсті, барлығы 13 783 қоңырау немесе 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өтініштердің жалпы санының 41,2%-ын құрады.

Ең көп өтініштер түскен ТОП-5 өңір:

  • Астана – 8 309 (24,8%),
  • Алматы – 5 474 (16,4%),
  • Павлодар облысы – 1 988 (6,0%),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 966 (5,8%),
  • Қостанай облысы – 1 827 (5,4%).

Ең аз өтініштер Ұлытау облысы (257 немесе 0,7%) және Маңғыстау облысы (414 немесе 1,2%) бойынша келіп түсті.

 

Тіркелген пациенттер жөніндегі ақпарат:

Ең көп түскен өтініштер келесі аурулар бойынша болды:

  • қант диабеті – 8 001 (өтініштердің жалпы санының 24%-ы);
  • артериялық гипертензия – 4 624 (өтініштердің жалпы санының 13,8%-ы);
  • эпилепсия – 3 671 (өтініштердің жалпы санының 11%);
  • ревматоидты артрит – 2 316 (жалпы өтініштердің 7%-ы);
  • жүректің ишемиялық ауруы – 2 024 (жалпы өтініштердің 6%-ы);
  • онкологиялық аурулар – 1 880 (өтініштердің жалпы санының 5,6%-ы).

Өтініштердің ең аз саны ас қорыту жүйесінің ауруларына (гастрит және дуоденит, тітіркенген ішек синдромы), жедел респираторлық инфекцияларға, реактивті артропатияларға – 1 рет немесе жалпы санының 0,003%-ы келеді.

 

Сауда атаулары бар дәрілік заттар бойынша ең көп өтініштер саны :

  • «Джардинс®», таблетка 25 мг – 1 043 өтініш.
  • «Метапреднилон», таблетка 4 мг – 987 өтініш.
  • «Топирамат», капсула 50 мг и 25 мг – 823 өтініш.
  • «Вигабатрин», таблетка 500 мг – 889 өтініш.

 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы халықтан дәрілік заттарды жеткізудегі іркілістер туралы деректерді жинауды жүзеге асырады. Келіп түскен өтініштер мен шағымдардың күнделікті есебі мен мониторингі жүргізіледі.

Халықтан алынған мәліметтерді, ЕФИС есептік деректерін, медициналық ұйымдардың алдын ала және түпкілікті өтінімдері бойынша деректерді талдау – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің негізгі себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Әрбір өтінішке назар аударылады, әрбір шағым жеке тәртіппен пысықталады, қамтамасыз етілмеу себептері анықталады. Дәрі-дәрмектерді қамтамасыз ету және олардың жүктемесі бойынша проблемалық мәселелерді шешу үшін шағымдар компанияның құрылымдық бөлімшелеріне пысықтау үшін жіберіледі.

Байланыс орталығы облыс кураторларымен, өңірлік өкілдерімен және Бірыңғай дистрибьютордың логистика басқармасымен бірлесіп, пациенттердің дәрі-дәрмектерді алуына мониторинг жүргізе отырып, дәрілік заттармен/медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілмеу фактілері бойынша және ағымдағы кем тиелген жүктер мен транзиттер бойынша әрбір шағымды пысықтайды.

 

           Қызмет көрсетуді бақылау және сапасын жақсарту:

            Байланыс орталығының қызметкерлері оператордың клиентпен келіссөздерінің сапасына және ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына бақылау жүргізеді:

  • операторды «нақты уақыт» режимінде тыңдау;
  • оператордың клиентпен сөйлесуі жазылады;
  • клиентпен келіссөздер бекітілген скрпиттерге сәйкес жүргізіледі.

      

        

         Сөйлесудің соңында операторларға қызмет көрсету сапасын бағалауға болады.

         Есепті кезеңде 4 219 респондент операторлардың жұмысын бағалады. Клиенттердің қызмет көрсету сапасын бағалау 5-тен 4,9 баллды құрады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще