Жаңалықтар
19.07.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САТЫП АЛУ ТЕТІКТЕРІН ҚАЙТА ҚАРАЙДЫ

Өздеріңіз білетіндей, кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы халықтың денсаулық сапасымен өзара байланысты. Осы себепті денсаулық сақтау саласында емдеудің жаңа әдістемелері енгізілуде, инновациялық препараттар жасалуда, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі ұлттық бағдарламалар әзірленуде және т. б.  

Айта кету керек, бұл мәселеде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясаты соңғы орында емес. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы сапалы және уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға және жетілдіруге ерекше назар аударады.

Алайда, барлық азаматтар дәрі-дәрмектердің көпшілігі мемлекет есебінен берілетінін білмейді.

Мысалы, жедел жәрдем шақыру кезінде науқастың жағдайын жеңілдету үшін халық үшін тегін дәрі-дәрмектер қолданылады. Сондай-ақ, мемлекет операциялар немесе реанимация кезінде тегін дәрі-дәрмектерге кепілдік береді. Созылмалы аурулары бар науқастар да назардан тыс қалған жоқ.

Бүгінде қазақстандықтар үшін екі деңгейде тегін дәрімен қамтамасыз ету қарастырылған: стационарлық – ауруханаларда дәрі-дәрмекпен емдеу; амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмек алу.

Тегін дәрі-дәрмектерді пациенттер үшін СҚ-Фармация сатып алады. Сатып алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) шеңберінде жүзеге асырылады.

Айта кету керек, көптеген адамдар Бірыңғай дистрибьютор жеке дәріханалар үшін дәрі-дәрмек сатып алады деп қателеседі, бұл олай емес және мүмкін емес.

Сатып алу қағидаттарына бөлек тоқталайық, олар бойынша тұрғындарда жиі сұрақтар туындайды. 

Сатып алуды өткізу кезінде Бірыңғай дистрибьютор Сатып алуды өткізу қағидаларын және дәрі-дәрмектердің бекітілген Тізбесін басшылыққа алады. Қағидалары мен Тізбесін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.

 

СҚ-Фармация медициналық ұйымдардан алынған өтінімдер негізінде сатып алуды жүргізеді. Яғни, медициналық ұйымдардың өздері пациенттердің есебін жүргізіп, дәрілік заттардың атаулары, көлемі, дозалары, шығару нысандары және жеткізу кестесі бойынша қажеттіліктерін өздері анықтайды. 2018 жылдан бастап барлық сатып алулар fms.ecc.kz Электрондық қаржы орталығының платформасында электрондық форматта өткізіледі.

Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу және жеткізу тетіктерін қайта қарайды.

Біріншіден, Бірыңғай дистрибьютор жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын жаңа ақпараттық жүйені сатып алды, бұл өз кезегінде есептен шығарылған препараттардың санын азайтады.

Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттарды арттыруға бағытталатын болады, бұл делдалдардың болмауына байланысты дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, логистикалық төлемдерді өтеу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдауға баға белгілеу әдістемесін қайта қарауды көздейді.

Болашақта дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған өз қоймаларын салу жоспарлануда, бұл өз кезегінде төтенше жағдайлар мен басқа да жағдайларды ескере отырып, препараттардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған барлық шаралар пациенттердің мүдделеріне және дәрілік саясатты жетілдіруге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сізде тегін дәрі-дәрмек алу кезінде сұрақтарыңыз болса, біз әрқашан 1439тегін нөмірі бойынша кеңес беруге дайынбыз.

 

 

 

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
05 сентября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
04 сентября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
02 сентября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"