Жаңалықтар
03.07.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҮШІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментімен оқыту семинары ұйымдастырылды. Оған облыстың қалалық және аудандық әкімдіктерінің медициналық мекемелерінің, колледждерінің, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындарының комплаенс-офицерлері қатысты.

Абай облысының квазимемлекеттік секторының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің өкілдеріне арналған семинарға 35 денсаулық сақтау ұйымының, оның ішінде медициналық мекемелердің, колледждердің, сондай-ақ облыс қалалық және аудандық әкімдіктерінің коммуналдық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан модератор, «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатына жәрдемдесу орталығы» РҚБ облыстық филиалының басшысы Серік Байғалиев соңғы уақытта квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша елеулі қадамдар жасалып жатқанын, оның бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу болып табылатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің шақыруы бойынша семинарға спикер ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і комплаенс-офицері Исламбек Майшекин де қатысты, ол «СҚ-Фармация» ЖШС-нде Абай облысының квазимемлекеттік секторының субъектілерімен қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тәжірибесімен бөлісті.

Ол компанияға процестер ашықтығының жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін Бірыңғай дистрибьютордың жұмысына енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Бірінші кезекте комплаенс-офицер қорғаушы болып табылады. Ұйымның сыбайлас жемқорлық және имидждік тәуекелдерден қорғаушысы болып табылады. Сондай-ақ, ол қызметкерлердің кез-келгені оның зардаптарынан қорықпай жүгіне алатын адам болуы керек», - деді Исламбек Майшекин, мұндай сенімге комплаенс-офицердің парасаттылығымен және үнемі жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілетінін айтты.

Семинарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басқармасының басшысы Серікжан Нариманов сөз сөйледі, ол тыңдаушыларға ұйымдағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты туралы жеткізді.

Сонымен қатар, Абай облысының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері семинарда көтерілген мәселелерді талқылауға белсене қатысты.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще