Жаңалықтар
05.08.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕН ROCHE: ІСІККЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРМАҚШЫ

«СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Еркен Жақатай мен «Рош Қазақстан» ЖШС-нің өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында тараптар сүт безі обырын емдеуге арналған инновациялық дәрілік заттар өндірісін оқшаулау жөніндегі инвестициялық жобаның ағымдағы мәртебесі мен іске асырылу перспективаларын талқылады.

Roche компаниясының Қазақстан бойынша бас директоры Сенел Тойлан өндірісті оқшаулау жобасы аясында ісікке қарсы препараттар Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті рұқсат құжаттарын алғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, ол бүгінде жергілікті өнімге қатысты СТ-KZ сертификатын алу үшін құжаттар дайындалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, технологиялар мен өндіріс трансферті жалғасуда. Биылғы жылы алғашқы коммерциялық өнімді жеткізу ұйымдастырылады деп күтілуде.

«СТ-KZ» сертификаты тауардың Қазақстанда өндірілгенін растайтын және ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге 10 жылдық оффтейк келісімшарт түрінде мемлекет тарапынан преференциялар ұсынатын құжаттардың бірі.

Кездесу соңында Roche Kazakhstan өкілдері компаниялар инвестициялық жоба аясында өзара іс-қимылды одан әрі дамытатынына, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 17 қарашада «СҚ-Фармация» ЖШС мен «Roche Holding AG» швейцариялық фармацевтикалық компаниясы арасында Қазақстан Республикасының аумағында онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обырын емдеуге арналған төрт бірегей дәрілік препаратты өндіруге (Перьета 420 мг/14 мл, Герцептин 600 мг / мл, Кадсила 100 мг және 160 мг) ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды. Өндіріс «Нобель АФФ» АҚ отандық өндірушісінің базасында жүзеге асырылатын болады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
"Ақтөберентген" АҚ
Подробнее
PFIZER вакцинасы қазақстанға әкелінді
Подробнее
Отандық фармөндірушілерін қолдау және дамыту
Подробнее
«Бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы баспасөз-конференциясы
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (27.11.2015 ж.)
Подробнее
Жетекші экономистер – А.Аганбегян мен С.Календжянмен семинар-тренинг
Подробнее
Посмотреть еще