2024 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тексеру қорытындылары туралы ақпараттың жариялануына байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы келесіні хабарлайды.
Өткізілген сыртқы талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бірлескен іс-шарасы болды, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленді.
Талдау Бірыңғай дистрибьютордың 2020-2023 жылдардағы қызметін қамтыды.
Тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен фармацевтика саласын дамытуға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Айта кетейік, СҚ-Фармацияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірнеше рет сыртқы талдау жүргізілді. Мысалы, 2020 жылы сыртқы талдау компанияның бастамасы бойынша жүргізілді, оның шеңберінде бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары толық көлемде орындалды.
2022 жылы СҚ-Фармацияда ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі енгізілді.
СҚ-Фармация сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп негізгі бағыттар бойынша жұмыс құрылды.
Жақында өткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысты.
Талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді шешуге бағытталған Жол картасы әзірленді. Атап айтқанда:
1. Дәрілік заттар мен медициналық техниканы жеткізушілер арасында картельдік келісімдердің алдын алу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленуде.
Медициналық жабдықтарды барлық сатып алулар сәйкес келмейтін өтінімдерге жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Медициналық техниканы сатып алу «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ы сатып алу порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады – fms.ecc.kz.
Бұдан басқа, аукционда қадамдар болмаған кезде Бірыңғай дистрибьютор ықтимал бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды тексеру үшін құқық қорғау және монополияға қарсы органдарына өтініш жолдады.
Тексеру нәтижелері бойынша мұндай заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
2. Өндірушілермен тікелей шарттарды ұлғайту мақсатында Бірыңғай дистрибьютор осы процесті жақсарту үшін сатып алу тетіктерін қайта қарайды, бұл өз кезегінде делдалдардың болмауына байланысты дәрілік заттар бағасының төмендеуіне ықпал етеді.
3. Қаражатты жеткіліксіз үнемдеуге қатысты.
Бірыңғай дистрибьютор құрылған сәттен бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың жалпы 264,4 млрд теңге үнемделгенін атап өту маңызды.
2024 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу шамамен 50 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте тендерлік рәсімдер шеңберінде бағаны төмендету бойынша аукционды ескере отырып, 642 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар атауы бойынша үнемдеу 41,9 млрд теңгені құрады. Сонымен, 56 атау бойынша баға 50%-дан астам төмендетілді.
4. Нақты өндірістің орнына шетелдік өнімдерді әкелу белгілері болған отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға қатысты.
Бірыңғай дистрибьютор отандық өнімді сатып алу кезінде СТ-KZ ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және индустриялық сертификаттың болуын тексеруді жүзеге асырады.
Отандық фармацевтикалық өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық қамту үлесін ұлғайту және өсіру жөніндегі тиісті уәкілетті органға бірқатар ұсыныстар жіберді.
5. Бірыңғай дистрибьютор жұмысқа орналасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін кадр комитетін құрды, ол ішкі кадрлық тағайындауларды жоспарлау, қызметкерлердің жалақысының мөлшерін арттыру, жұмыстағы жетістіктері үшін біржолғы сыйлықақы төлеу және кадр саясатының басқа да мәселелері бойынша алқалы түрде шешім қабылдайтын болады.
Сонымен қатар, тексеру нәтижелері бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметкерлерді басқару қызметінің басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тексеруі арқасында «СҚ-Фармация» ЖШС-і жұмысында назар аударуды қажет ететін кемшіліктер анықталды. Өз кезегінде СҚ-Фармация анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі Жоспарды іске асыруды жалғастырады.
Біз азаматтық ашықтық қағидатын ұстанамыз және жұртшылықпен сындарлы өзара іс-әрекеттесуді қалыптастыруға үлкен қызығушылық білдіреміз.
Естеріңізге сала кетейік, тегін дәрі-дәрмек алу кезінде сұрақтарыңыз болса, біз әрқашан 1439 тегін нөмірі бойынша кеңес беруге дайынбыз.
«СҚ-Фармация» Баспасөз қызметі
Тел: +7 (7172) 90-61-82