Жаңалықтар
16.10.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСАДЫ

2024 жылғы 22-23 қазанда Астанада «Global Pharm» IV Халықаралық фармацевтикалық форумы және «MedTech» медициналық техника бойынша IV Халықаралық форумы өтеді.

Іс-шараны ҚР Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және «СҚ-Фармация» ЖШС-ның қолдауымен «Silk Way development Fund» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

«Global Pharm» және «MedTech» форумдары тәжірибе алмасу, серіктестік байланыстар орнату және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылау үшін платформа болады. 300-ден астам офлайн және әр түрлі елдерден 2000-нан астам онлайн делегаттар қатысады деп күтілуде, бұл іс-шара Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі.

Басты мақсат – Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті дамытуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспортын ұлғайтуға, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы және заманауи медициналық техникамен жарақтандыруға ықпал ету.

Спикерлер арасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «СҚ-Фармация» ЖШС-ның, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы өкілдері, сондай-ақ қоғамдық медициналық ұйымдар мен қауымдастықтар, BigPharma Халықаралық фармацевтикалық компаниялары, отандық және басқа да ТМД елдерінің фармацевтикалық кәсіпорындары бар.

Маңызды сәттердің бірі – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Johnson&Johnson, Biocad, Takeda, Novartis, Nobel, Santo, Stada сияқты әлемдік өндіруші шетелдік компаниялардың өкілдерінің қатысуымен онлайн дөңгелек үстел.

Іс-шара Астана қаласында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде (Керей-Жәнібек хандар көшесі 5/1) және онлайн-зияткерлік платформада E-forum.net. өтеді.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще