Жаңалықтар
04.06.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ және PQM+ ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету» (PQM+) бағдарламасының басшыларымен кездесу өтті.

Кездесуге директор, демократия және денсаулық сақтау кеңсесі, USAID/Орталық Азия Робин Мардус, сондай-ақ АҚШ Фармакопеялық конвенциясының (USP) серіктес-орындаушысының және ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету бағдарламасы – бұл АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) мен АҚШ Фармакопеялық конвенциясы (USP) арасындағы медициналық өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйелерін тұрақты нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісім.

Кездесуде қазақстандық нарыққа шығарылатын және жеткізілетін дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ фармацевтика өнеркәсібіндегі жетістіктер, кедергілер мен даму бағыттары қаралды.

PQM өкілдері дәрі-дәрмек сапасын қамтамасыз ету саласындағы өз тәжірибелерімен және үздік практикаларымен бөлісті. Олар сапаны бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ өндіріс пен бақылау процестерінде заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында қонақтарға Қазақстандағы қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы толығырақ айтылды. Сонымен қатар, саланың жаһандық ойыншыларымен жұмыс істеп тұрған жобалармен, жоспарлармен және ынтымақтастық перспективаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, қазақстандық нарыққа әлемдік ойыншыларды тарту, фармацевтикалық хаб құру, көрші елдермен топтық сатып алулар өткізу, фармкластерлерді дамыту, оригиналды дәрі-дәрмектерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.

Бірыңғай дистрибьютор тарапынан дәрі-дәрмектер сапасының стандарттарын арттыру үшін АҚШ-тың Cardinal Health компаниясына Орта Азияда дәрі-дәрмектерді топтық сатып алуды жүргізуге жәрдемдесу ұсыныстары алға шығарылды. Сонымен қатар, суық тізбекті басқаруды жақсарту және елімізде үздік тәжірибелерді енгізу бойынша ынтымақтастық басталды.

Тағы бір бастама фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды оқытуға және даярлауға бағытталған, саланың жетекші университеттерімен және жаһандық ойыншыларымен бірлесіп тәжірибе және озық әдістемелермен алмасу үшін оқу орнын құру болды.

Екіжақты талқылау Бірыңғай дистрибьютор мен PQM+ бағдарламасы арасындағы терең ынтымақтастықтың нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев PQM-мен ынтымақтастық Қазақстан халқы үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Тараптар медициналық өнім сапасының жоғары стандартын қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. PQM+ өкілдері Қазақстанда дәрілік заттардың сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, елдің фармацевтика саласындағы жоғары әлеуетін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар белгіленген жоспарларды іске асыру жөніндегі одан әрі қадамдар туралы уағдаласты және Қазақстан халқын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуге өздерінің дайын екендігін растады.

Анықтамалық:

«Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету» бағдарламасы (PQM+) салааралық тәсілдер мен жүйелерді нығайту тәсілдері арқылы медициналық өнімнің сапасын жақсарту, сондай-ақ бүкіл фармацевтикалық жүйеде – реттеуші органдарда, сапаны бақылау зертханаларында, өндірістік кәсіпорындарда және одан тыс жерлерде сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын қолдану бойынша жұмыс істейді.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (ағылш. United States Agency for International Development, USAID) — Америка Құрама Штаттарының шетелде көмек көрсету саласындағы жоғары федералды мемлекеттік басқару органы. Агенттік әкімшісі мен оның орынбасарын Президент Сенаттың келісімімен тағайындайды және АҚШ Мемлекеттік хатшысымен келісе отырып әрекет етеді].

АҚШ Фармакопеялық конвенциясы (USP) коммерциялық емес, үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымы болып табылады, ол құжаттық стандарттарды әзірлейді және АҚШ заңымен танылған рецепт бойынша және рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектердің стандартты үлгілерін шығарады. USP миссиясы дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз етуге көмектесетін мемлекеттік стандарттар мен онымен байланысты бағдарламалар арқылы бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтауды жақсарту болып табылады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще