Жаңалықтар
28.02.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН ӨЗАРА ТЫҒЫЗ ӘРЕКЕТТЕСЕДІ

 «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы жанындағы Қоғамдық жұмыс тобының дәстүрлі отырысы өтті, оның құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен салалық сарапшылар кіреді.

Айта кету керек, Бірыңғай дистрибьютор Қоғамдық жұмыс тобымен кездесулерді жыл сайын өткізеді. Осы уақытқа дейін барлығы 8 отырыс өтті.

Пациентке бағдарланған тәсіл және халық үніне құлақ асатын денсаулық сақтау жүйесі Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басты қағида болып табылады. Бұл бағыттағы негізгі құрал – мүдделерін білдіре отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы көпір ретінде әрекет ететін қоғаммен кері байланыс.

Кездесу барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы барлық өзекті мәселелер талқыланып, орталықтандырылған сатып алу жүйесіне де, жалпы салаға да үздік тәжірибелерді енгізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.

Қоғамдық кеңестер мен жұмыс топтарының қызметі азаматтар тарапынан ашықтықты және бақылауды қамтамасыз ету құралы екендігі мәлім. Жұртшлықты компания қызметіне тарту – сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді құралы.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев алғы сөз сөйлеп, қоғамдық маңызы бар мәселелердегі міндеттерді анықтау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін тараптар арасында сындарлы диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібінде отырысқа қатысушылар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен Бірыңғай дистрибуция жүйесінің бірқатар өзекті тақырыптарын қозғады. Ең алдымен, Бірыңғай дистрибьюторды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясы туралы сөз болды.

 

Стратегияның басты мақсаты – ТМККК, МӘМС және жұмылдыру резерві шеңберінде дәрі-дәрмектерді жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Бірыңғай дистрибьютордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Негізгі қағидат – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің пациенкебағдарлануы.

 

Даму стратегиясы әртүрлі бағыттарды қамтиды, олардыңбірі – ТМККК және МӘМС шеңберінде де, сондай-ақ жұмылдыру резервін құру үшін де сатып алынатын дәрі-дәрмектерді сақтаудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін меншікті қойма салу арқылы логистикалық инфрақұрылымды құру.

Ал корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Бірыңғай дистрибьютордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін адами капиталды дамыту және корпоративтік коммуникацияларды басқару, процестерді басқару жүйелерін, ішкі бақылау мен тәуекелдерді біріктіру, сондай-ақ қаржылық тиімділік көрсеткіштерін 100%-ға дейін орындау міндеттері қойылды.

Келесіде қоғам белсенділері 2024 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен таныстырылды. Еліміздің медициналық ұйымдары ағымдағы жылы сатып алуға 1689 дәрі-дәрмек атауын жариялады. Орталықтандырылған сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 30 млрд теңгені құрады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үздіксіздігінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, кездесу барысында дәрі-дәрмектерді жеткізудің үздіксіздігін жақсарту бойынша жүйелі шаралар айтылды. Біріншісі – үш жылдық қажеттілік көлемінде дәрі-дәрмек сатып алу.

Сондай-ақ, қажеттілікті жоспарлау әдістемесіне кем дегенде бір айға қор құруды ескере отырып, қажеттілік есептеулерін міндетті түрде қалыптастыру туралы талаптар енгізу ұсынылады. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау бөлігінде ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу ұсынылады.

Талқылаудың келесі тақырыбы Мемлекет басшысының «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау үшін әзірленген Бірыңғай дистрибьютордың Тиімділігі бағдарламасы болды. Тиімділік бағдарламасының негізгі мақсаттары – сатып алуды жетілдіру, шығындарды азайту, дәрі-дәрмектердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бюрократияның алдын алу.

Инвестицияларды тартуға келетін болсақ, Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу жөніндегі оператор бола тұра, бірқатар BigPharm компанияларымен тұрақты жұмыс жүргізе отырып, әлемдік ойыншыларды отандық нарыққа тартуда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда оң нәтижелер бар.

Осылайша, 2024 жылдың драйвері – Қазақстан Республикасы аумағында бірегей инновациялық дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіруге Pfizer және Roche фармгиганттарымен ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды.      

Тағы бір маңызды жаңалық – Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК мен Бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған Меморандум түрінде бекітілген бірігіп сатып алу бастамасы болды.

Сонымен қатар, Джонсон&Джонсон, Bayer және AstraZeneca-мен дәрі-дәрмектердің келісімшарттық өндірісін дамыту және клиникалық зерттеулер саласындағы технологиялар трансферті туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ Қазақстан аумағында жаңа фармацевтикалық өндіріске инвестиция салуға мүдделі BIOCAD компаниясымен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру талқылаудың жеке тақырыбы болды. Бірыңғай дистрибьютор құны 20 млн теңгеден басталатын заманауи қымбат жабдықты орталықтан сатып алуда. 

 Осы уақытқа дейін орталықтан 79,8 млрд теңге сомасына 702 бірлік медициналық техникасатып алынды. 2023 жылдың өзінде құны 60 млрд теңгеге жуық 525 бірлік медициналық жабдықты сатып алубойынша аукциондар өтті.

Айта кету керек, барлық өңірлердің қажеттілік көлемін сатып алуды орталықтандыру және шоғырландыру бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2023 жылғы сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 4,3 млрд теңгені құрады. Ал барлық уақытта бұл сома 7,4 млрд теңгеге жетті.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімді шарттар, офтейк келісімшарттар, лизингтік тетіктер және «өмірлік цикл» келісімшарттары тетіктерін пайдалана отырып, Қазақстанда медициналық техниканы оқшаулау және келісімшарттық өндіру бойынша әлемдік вендорлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Royal Philips арасында медициналық көмектің сапасын жақсарту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Ал ҚР Үкіметі мен GE Healthcare арасында Қазақстанда GE Healthcare жоғары технологиялық диагностикалық медициналық жабдықтар өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы келісім жасалды.

Ұсынылған барлық презентациялардың қорытындысы бойынша қоғам белсенділері сөз сөйлеп, «Проблемалық мәселелер кітабына» баяндамаларға да, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігіне де қатысты енгізілетін өзекті сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері тарапынан дәрімен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту және азаматтық қоғамның Бірыңғай дистрибьютор жүргізіп жатқан жұмысқа кең және белсенді қатысуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Қоғам қайраткерлерінің ұсыныстарының бірі – кішкентай пациенттердің өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін балаларға арналған дәрі-дәрмектерді тек түпнұсқалық өндірісте сатып алу. Бұл сондай-ақ емдеу үшін белгілі бір дәрі-дәрмектер қажет болатын балаларда ықтимал жанама әсерлердің үлесін алып тасталса, бұл бюджетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Отырыста айтылған мәселелерді одан әрі пысықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің және Ұлттық сараптама орталығының өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізуге бастамашылық жасалды. Қоғам белсенділері уәкілетті орган мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында міндеттерді бөлу қажеттілігі туралы нақты ұстанымды атап өтті.

Кездесу соңында қоғамдық жұмыс тобының мүшелері саланың өзекті мәселелерін тыңдауға және көтеруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, жақын арада нақты міндеттер мен оларды бірлесіп іске асыру жолдарын анықтау үшін жұмыс жоспарын құру қажеттілігі айтылды.

Бірыңғай дистрибьютор, өз кезегінде, тікелей диалог пен өзара әрекеттестікке ашық, әрбір құнды ұсыныс практикалық іске асуы үшін, саланы және жалпы денсаулық сақтауды жақсартудың пайдалы құралы болуы үшін тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогқа бет бұрған.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще