Жаңалықтар
08.08.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯДА ПОРТАТИВТІ РЕНТГЕН АППАРАТЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторына мобильді рентген аппараты ұсынылды.

Тұсаукесерді «BARYS E&T» ЖШС және BontechCO., Ltd (Корея Республикасы) өкілдері өткізді. Жиында бұл рентген аппаратының жасанды интеллекті бар екені және санаулы секундтарда жоғарғы тыныс жолдарын диагностикалауға мүмкіндік беретіні айтылды.

Қонақтар айтқандай, жылжымалы рентгеннің артықшылығы оның ықшамдығы, суретті шығару жылдамдығы, әр түсірілім кезіндегі сәулеленудің аз дозасы.

Компанияның коммерциялық директоры Айдар Нәсіп және олардың BontechCO.,Ltd серіктесі Ким Су бұл технологияны Кореядағы медициналық мекемелердің шамамен 40% пайдаланады деп сендірді.  

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді. Бірыңғай дистрибьютор басшылығы бұл жобаны дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастықты қарастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Айта кетейік, «BARYS E&T» ЖШС энергетика және технология саласында қызметтер мен өнімдерді ұсынумен айналысатын қазақстандық компания. Ал Bontech Co., Ltd - әртүрлі өнімдерді, соның ішінде медициналық жабдықтар мен жоғары технологиялық құрылғыларды әзірлеуге және өндіруге маманданған оңтүстік кореялық компания.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"