Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
13.08.2024

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ПАЦИЕНТТЕР САНЫ БОЙЫНША ТОП-10 НОЗОЛОГИЯ

Бүгінгі таңда Қазақстанда 120-дан астам ауру тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Олардың бір бөлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен, ал екінші бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жабылады.

2023 жылы 2,44 млн пациентке 229,08 млрд теңгеден астам сомаға 17,1 млн-нан астам рецепт жазылды, бұл күн сайын орта есеппен 47,5 мыңға жуық рецепт жазылатынын көрсетеді. 2023 жылы 3,5 млн-ға жуық халық тегін дәрі-дәрмектермен қамтылды, оның 651 мыңы МӘМС жүйесі аясында.

 2023 жылы тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген пациенттер саны бойынша ТОП-10 нозологияда артериялық гипертензия (1,2 млн адам) бірінші орында тұр.

Төменде ТОП-10 толық рейтингімен танысуды ұсынамыз.

2023 жылғы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны бойынша ТОП-10 нозология:

1. Артериялық гипертензия;

2. Жүректің ишемиялық ауруы;

3. Қант диабеті;

4. Төменгі тыныс жолдарының респираторлық жіті жұқпасы;

5. Гипотиреоз / Гипертиреоз / Гипопаратиреоз;

6. Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі;

7. Бронх демікпесі;

8. Жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық жіті жұқпасы;

9. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;

10. Эпилепсия.

Естеріңізге сала кетейік, егер сізде тегін дәрі-дәрмек алу кезінде сұрақтарыңыз болса, біз әрқашан 1439 тегін нөмірі бойынша кеңес беруге дайынбыз.

 

 

Дереккөз: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
Посмотреть еще