Жаңалықтар
29.03.2024

ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИАЛОГТАН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРҒА

28 наурызда Мәскеуде «ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ кеңістігіндегі диалогтан бірлескен жобаларға» ұранымен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы басталды – https://inlog.ru/events/forum-cis-logistics.

Форум аясында 21 секция өткізу және ТМД мемлекеттерінің логистика, кеден, құрылыс, өнеркәсіптік кооперация, көші-қон саясаты, медицина, туризм, тұрақты даму және басқа да бағыттардағы ынтымақтастығының өзекті тақырыптарын талқылайтын екі мыңнан астам адамның қатысуы жоспарлануда.

Дәстүр бойынша пленарлық секцияға ТМД Экономикалық кеңесінің мүшелері, ТМД Атқарушы комитетінің, ЕАЭО және ШЫҰ атқарушы органдарының басшылығы шақырылды.

Форумның негізгі мақсаты – талқылаудан тығыз ынтымақтастыққа көшу. Форум ТМД Экономикалық кеңесінің отырысымен бір мезгілде өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара бизнес өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын жинады. Форум тақырыптары – экономика, өнеркәсіп, білім, медицина, мәдениет, қауіпсіздік және т.б. салаларды қамтиды.

Форумға қатысушылар арасында «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев те қатысты. Ол «Логистика. ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС кеңістігіндегі диалогтан бірлескен жобаларға» секциясының құрметті спикері ретінде шақырылды.

Бүкіл әлемде логистика кәсіпкерлік стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда логистика – елдердің индустриялық дамуында шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттерде бұл сала экономиканы ынталандырудың негізгі факторы болып табылады.

Логистикалық сала, кез-келген басқа қызмет саласы сияқты, үнемі жетілдіріліп отырады.

И.Искалиев өз кезегінде Қазақстанның көлік логистикасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, атап айтқанда, 10 күн ішінде «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» ауқымды жобасын таныстырды.

Жібек жолы жобасы логистикасының стратегиялық принциптері – Жылдамдық, Қызмет көрсету, Сақтау, Тұрақтылық және әрине құны.

Презентация барысында отандық фармацевтика саласын дамытуға ерекше назар аударылды.

Елде қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде көзделген. Бүгінгі таңда 35 отандық тауар өндірушімен 3 948 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге 94 ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Отандық фармацевтика саласының дамуы инновациялық дәрі-дәрмектерді өндіру арқылы көрінеді.

Сондай-ақ, барлық басым бағыттар бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде: НҚА жетілдіру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, сондай-ақ BigPharma және әлемдік вендорлармен ынтымақтастық.

Соңғы бірнеше жылдағы жүйелі жұмыстың арқасында бүгінде сала мен ел үшін серпінді нәтижелер бар. Маңызды жетістіктердің бірі – Pfizer және Roche фармгиганттары мен Бірыңғай дистрибьютор арасында оригиналды инновациялық дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіруге ұзақ мерзімді шарттар жасасу болды.

Сонымен қатар, Bayer, AstraZeneca, NovoNordisk және Johnson&Johnson компанияларымен өндірісті жергіліктендіру туралы келісімдерге қол қойылды. Оңтүстік Кореяның JWHoldings Corporation, Samsung Medison, GENORAY, MEDICAL PARTNERS KOREA LTD, DRTECH компанияларымен фармацевтика және медициналық жабдықтар саласындағы Қазақстан аумағында бірлескен әзірлемелердің өндірістік алаңдарын орналастыру туралы тағы 5 меморандумға қол қойылды.

Отандық фармацевтика саласын дамытудың тағы бір шарасы – Қазақстанда логистикалық фармацевтикалық хаб құру. Бұл дәрі-дәрмектерді тез және тиімді тарату үшін қажет. Бірыңғай дистрибьютор, логистикалық фармхабтың негізгі қолданушысы бола отырып, осы үлкен жобаның бір бөлігі болды. Фармацевтикалық хабтың құрылған инфрақұрылымы жақын және алыс шетелдерге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды таратуға арналған алаң болады.

Бұған қоса, пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру үшін Қазақстан мен Қырғызстан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жолымен топтық сатып алуды жүргізуге бастамашы болды. Бастама ресми түрде 2023 жылдың қазан айында Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «ҚЫРҒЫЗФАРМАЦИЯ» МК мен «СҚ-Фармация» ЖШС-і арасында жасалған меморандум түрінде бекітілді.

«Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің зерттеуіне сәйкес Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып табылады. Қазақстанның сауда балансы бұрынғысынша тұрақты оң болып қалатыны маңызды.

Халықаралық форумның барлық спикерлері мен қатысушылары алаңның экономика, өнеркәсіп, білім беру, медицина, мәдениет, қауіпсіздік және басқа салалардың алдында тұрған түрлі міндеттерді шешуге және көрші елдердің тәжірибесін қабылдауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бірыңғай дистрибьютор өз кезегінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі Халықаралық экономикалық форумының үлкен әлеуетін және екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктерін атап өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы екі күнге созылады – 28-і және 29-ы наурызда.

 

Анықтамалық:

ТМД-ға мүше-мемлекеттерінің Халықаралық экономикалық форумы 2008 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және Достастық елдерінің басты іскерлік оқиғасы болып табылады. Оның басты мақсаты – ТМД шеңберіндегі мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайту, сауда мен инвестицияларды дамыту, жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзекті экономикалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін жағдайлар жасау.

 

 

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще