Жаңалықтар
30.05.2024

ТМД САРАПШЫЛАРЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін елордада «Дәрілік заттардың тиімділігі мен қолжетімділігі: технология мен дәлелді базадан бастап пациентке дейін» атты ашық сараптамалық сессия форматында III халықаралық конференция өтті.

         Іс-шараға ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің, ТМД ПАА жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Сараптамалық кеңестің, салалық халықаралық ұйымдардың және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Сарапшылардың қатарында Достастық мемлекеттерінің бейінді министрліктері мен ведомстволарының, Ұлттық Ғылым академияларының, медициналық ұйымдардың, сақтандыру және фармацевтикалық компаниялардың, пациенттер қауымдастықтарының және кәсіби коммерциялық емес ұйымдардың мамандары бар.

         Конференцияның мақсаты модельдік заң шығарудың 2023-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарында көзделген «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» модельдік заңды әзірлеу мен енгізудің негізгі аспектілерін талқылау болды. Бұл заң ТМД елдерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәсілдерін олардың бірегей әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен денсаулық сақтау қажеттіліктерін ескере отырып үйлестіруге бағытталған.

         Конференцияның маңыздылығы ұлттық сараптамалық қауымдастықтардың пікірлерін талқылауға және ұсынуға бағытталған бірқатар арнайы сараптамалық сессияларды өткізумен атап өтілді. Диалог алаңдарының нәтижелері модельдік заңның мазмұнында процестің барлық қатысушыларының мүдделері мен қажеттіліктерін көрсететін ең маңызды және өзекті ұсыныстар мен ұсынымтарды қосуға мүмкіндік береді.

Құрылған диалог алаңдарында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтауында ұлттық дәлелдемелік базаларды құру және дамыту үшін негіз қалыптастыратын модельдік әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуден басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық өзекті мәселелері көтерілді.

Сараптамалық сессиялардың бірінде «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының басшысы Ерхат Искалиев сөз сөйлеп, әлемдік фармацевтикалық нарықтың қатысушысы ретінде бірыңғай дистрибуция жүйесі туралы айтып берді.

Ең алдымен, ТМД елдеріндегі жан басына шаққандағы шығындар туралы сөз болды, олардың арасында Ресей жан басына шаққанда 172$ көрсеткішімен көшбасшы болып табылады. Содан кейін тізімде жан басына шаққанда 112$ көрсеткішімен Беларусь бар. Қазақстанда бұл көрсеткіш 108$-ды құрайды. Тізімді Өзбекстан (44$) және Қырғызстан (34$) жабады.

         Аналитикалық компаниялардың мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің жалпы фармацевтикалық нарығы 2025 жылға қарай 12-14%-ға өседі. Бүгінгі таңда біздің республикамыздың фармацевтикалық нарығы 2,1 млрд АҚШ долларына бағаланады. 2020-2023 жылдардағы өсімнің жиынтық орташа жылдық қарқынында өсудің оң серпінімен 11%-бен Қазақстан көшбасшылық позицияны иеленеді.

Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу көлемінде оң динамика байқалады, ол ақшалай түрде 14 есе, ал атаулар саны 2,2 есе өсті. Дәрі-дәрмектерді орталықтандырылған сатып алудың арқасында 2 мыңнан астам медициналық ұйым және 2 миллионнан астам пациент қамтамасыз етілуде.

Бағаны теңестіру және төмендету нәтижесінде бюджет қаражатының жиынтық үнемделуі 214,4 млрд теңгені құрады, бұл үнемделген қаражатты қосымша сатып алуға бағыттауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қатысушылар Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбедегі төрт тарату орталығын (хабтарын) қамтитын Бірыңғай дистрибьютордың логистика жүйесімен таныстырылды.

Баяндама барысында Мемлекет басшысы тапсырған 2025 жылға қарай отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесіне 50%-ға дейін қол жеткізуге ерекше назар аударылды. R&D орталықтарын, логистикалық фармхабты, оригиналды дәрі-дәрмектерді өндіруге баса назар аудара отырып, толық циклді өндіріс жағдайларын, BigPharma және медициналық техниканың әлемдік вендорларымен стратегияларды құру және консалтингті, сервистік қолдауды, акселерацияны және білім беру бағдарламасын қоса алғанда, экспортты ілгерілету арқылы мақсатқа қол жеткізген жөн.

«Біздің саясатымыздың мақсаты – халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Біз өндірістік қуаттарды жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және қазақстандық кәсіпорындар базасында шетелдік дәрі-дәрмектер өндірісін жергіліктендіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бізге ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, өніміміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ерхат Искалиев.

Бірыңғай дистрибьютор соңғы бірнеше жыл ішінде саланың инвестициялары мен жаһандық ойыншыларын қазақстандық нарыққа тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия, Нидерланды және басқа елдердің бірқатар компанияларымен ынтымақтастық мәселелері пысықталды. Серпінді нәтиже – Рfizer және Roche фармалыптарымен оригиналды инновациялық дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіруге ұзақ мерзімді шарттар жасасу болды.

Сөз сөйлеу барысында ақпараттық технологияларды дамыту қажеттілігі айтылды – жоспарлау процестерін, сатып алу рәсімдерін, дәрі-дәрмек логистикасын толық цифрландыру және логистикалық индустрия көшбасшыларының жалпы қабылданған IT-шешімдерін пайдалана отырып, оларды іске асыру мониторингі.

Сонымен қатар, дәріхананы басқару принциптерін енгізу ұсынылды. Аудиторияға пациенттерге қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған фармацевтикалық сектордағы жеткізілімдер мен тапсырыстарды басқарудың кешенді тәсілі ұсынылды.

Барлық баяндамалар аяқталғаннан кейін сарапшылар бүкіл іс-шараның қорытындысын шығарып, жақын болашақта жұмыстың басым бағыттарын анықтады. ТМД мемлекеттерінің өкілдері өз қолдауларын білдіріп, денсаулық сақтау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеу және енгізу ТМД елдерінің халқы үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі.

Алдыңғы екі сараптамалық сессия 2023 жылы Беларусь пен Қырғызстанда өткізілгенін атап өткен жөн. IV сараптама сессиясын өткізу 2024 жылдың қараша айында Өзбекстанда жоспарланған.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще