Жаңалықтар
19.12.2023

«ДЕНІ САУ ҰЛТ» ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ САММИТІ: ОТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Бүгін елордада медицина, менеджмент және стратегиялық даму саласындағы жетекші отандық және шетелдік спикерлер мен сарапшылардың қатысуымен «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтті.

Іс-шараның ресми бөлігінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Сыла Скендер және ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова құттықтау сөз сөйледі.

Коммуникациялық алаң адамның өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және отандық медицина мен медициналық туризм саласына инвестициялардың өсуін ынталандыру жөніндегі жалпымемлекеттік идеяға қол жеткізуге үлес қосу үшін медицина жұртшылығының жеке және мемлекеттік секторларының өкілдері үшін құрылған.

Бағдарлама бойынша диалог алаңдары ұйымдастырылып, олардың барысында баяндамалар ұсынылып, медициналық сақтандырудың өзекті мәселелері, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі, сондай-ақ отандық өндірісті дамыту мен қолдаудың мәртебесі, перспективалары мен жолдары талқыланды.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту мүмкіндіктерін талқылау TEDx форматында өткен «Health&Talks» алаңынан басталды. Алғашқы сөз ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудникке ұсынылды. Ол денсаулық сақтау саласындағы нәтижелердің нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы қоғамның тұрақтылығы да тәуелді болатын тікелей әлеуметтік әсері бар екенін айтты.

Бұл блокта спикерлер жаһандық денсаулық сақтау, білім беру мен отандық денсаулық сақтау экожүйесін дамыту перспективалары, инновациялық дамудың драйвері ретінде ғылым мен коммерцияландыру мәселелерін көтерді. 

Панельдік сессияда отандық өндірістерді қолдау мен дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл сессияның модераторы және спикері – «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютордың басшысы Ерхат Искалиев болды.

Мемлекет басшысы бұған дейін отандық өндірушілерді қолдау мен дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Президент отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді, отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылы 50%-ға дейін арттыруды тапсырды.

«Қазақстан үшін, кез келген ел сияқты, медфармацевтика өнеркәсібі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлік бастаманы дамыту мәселелері Бірыңғай дистрибьютор қызметінде басым болып табылады», - деп атап өтті Ерхат Искалиев.

IQVIA деректері бойынша, 2023 жылдың алты айында Қазақстан фармацевтикалық нарығының көлемі 476,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17,1%-ға жоғары. Алайда, сатылған өнімнің саны заттай түрде небәрі 0,7%-ға өсті.

Әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдаятта жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық кәсіпорындарды кеңейтіп, олардың негізгі қорларын жаңарту және жаңа өндірістерді іске қосу, нормативтік базаны құру, кедергілерді жою, базалық инфрақұрылымды қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету арқылы қазақстандық фармацевтика өндірісінің өсуін ынталандыру қажет.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы қатысушыларға фармацевтика саласын дамытудағы бірыңғай дистрибьюция жүйесінің негізгі стратегиялық басымдықтары туралы айтып берді. Бірінші кезекте ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде ұсынылған Бірыңғай дистрибьютордың қолдау шарасы туралы сөз болды. Қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен 4411 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге жасалған 96 ұзақ мерзімді шарттар қолданыста.

Бұл механизм отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді өндірушілерге медициналық фармацевтикалық өнімдерге кепілдендірілген он жылдық мемлекеттік тапсырыстың арқасында жаңа өндірісті бастауға немесе қолданыстағы өндірісті жаңартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютор отандық нарыққа BigPharma жаһандық ойыншыларын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда фармацевтика алыптарымен өзара әрекеттесу бойынша айтарлықтай нәтижелер бар. Мысалы, қараша айында алғаш рет Pfizer және Roche компанияларымен Қазақстан Республикасы аумағында инновациялық бірегей дәрі-дәрмектер өндірісін жергіліктендіру бойынша ұзақ мерзімді шарттар жасалды.

Мұндай ынтымақтастық бірлескен инвестицияларға әкелуі мүмкін, өйткені бірқатар фармацевтикалық компаниялар стратегиялық CDMO-да (Contract development and manufacturing organization – келісімшартты дамыту және өндіріс ұйымы) мамандандырылған әзірлемелер мен өндірістік қуаттарды қаржыландыруға көмектеседі.

Осы жылдың жаңалығы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірыңғай дистрибьютор мен "Қырғызфармация" МК арасында жасалған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум түрінде бекітілген топтық сатып алуды өткізу бастамасы болды. Бұл дәрі-дәрмек сатып алуды шоғырландыру кезінде бюджет қаражатын үнемдеу есебінен халықты қамтуды ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Екі ел үшін алғашқы пилоттық сатып алуды 2024 жылы өткізу жоспарлануда.

Осы жылдың жаңалығы – Бірыңғай дистрибьютор мен Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК арасында жасалған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум түрінде бекітілген топтық сатып алуды өткізу бастамасы болды. Бұл дәрі-дәрмек бірлесіп сатып алу кезінде бюджет қаражатын үнемдеу есебінен халықты қамтуды ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Екі ел үшін алғашқы пилоттық сатып алуды 2024 жылы өткізу жоспарлануда.

Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор елімізде медициналық-фармацевтикалық кластерлер құруға бастамашылық жасады. ҚР ДСМ-нің Астана, Ақтөбе және Шымкентте кластерлер құру туралы тиісті бұйрығы күшіне еніп, жол карталарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Олардың міндеті – импортты алмастыратын дәрі-дәрмектерді құруға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттардың әлеуетін пайдалану, отандық жоғары оқу орындары мен фармацевтикалық кәсіпорындарды тарта отырып, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу.

Маңызды бағыт – нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру. Бүгінгі таңда фарминдустрияны дамытуды қолдау үшін нормативтік базаны өзгерту мәселелері пысықталды. Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

Осылайша, отандық фарминдустрияны дамыту мәселелерінде сатып алу көлемі Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының 46%-ын құрайтын Бірыңғай дистрибьютор маңызды рөл атқарады. Сондықтан саланың дамуын ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға, бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы отандық өндірісті қолдау тетіктерін әзірлеуге ерекше назар аударылады.

Қазақстан жергілікті нарықты дамыту және салаға шетелдік инвестицияларды тарту үшін мемлекеттік қолдау шараларының сенімді портфеліне ие. Осыған байланысты дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясат, фармацевтикалық нарықтың орнықтылығын қамтамасыз ету және дәрілік қолжетімділікті қолдау тетіктері, денсаулық сақтау саласындағы технологияларды гранттық қаржыландыру және коммерцияландыру, отандық фармацевтикалық өнім экспортын ілгерілету құралдары және медтехника саласындағы отандық тауар өндірісінің ерекшеліктері де белсенді талқыланды.

Сондай-ақ, саммит барысында отандық тауар өндірушілер мен республикалық конкурстың финалистері марапатталды. Марапаттарды ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Вячеслав Дудник пен Жандос Бүркітбаев табыстады.

Кештің соңғы шарасы – «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру рәсімі болды. Номинациялар бойынша Қазақстан Республикасы медицинасының дамуына үлес қосқан, сондай-ақ медицина және қоғамдық денсаулық саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген үздік дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар, провизорлар, мейірбикелер және басқа да сала өкілдері марапатталды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще