Жаңалықтар
14.08.2024

«SINOPHARM» ЖӘНЕ «АНТИГЕН» КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«СК-Фармация» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Еркен Жакатай «Sinopharm International» фармацевтикалық департаментінің директоры Луна Сюэ және «Антиген» Ғылыми-өндірістік кәсіпорнының атқарушы директоры Жанат Әбдірайымовамен кездесті.

 Кездесу екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

 «Sinopharm International» Қытайдың халықаралық корпорациясы және «Sinopharm» компаниясының толық еншілес компаниясы болып табылады. Компания жаһандық фармацевтикалық нарыққа белсенді қатысады, шетелдік желілерге ие және бес құрлықты қамтиды.

 «Sinopharm International» 100-ден астам әлемге әйгілі дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен денсаулық сақтау өнімдерін жеткізушілермен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатты.

 Өз кезегінде «Антиген» атқарушы директоры Sinopharm-мен бірлесіп вакциналар мен иммунобиологиялық препараттарды өндіру бойынша жоба пысықталып жатқанын атап өтті.

 Антиген - бұл Орталық Азия мен Қазақстандағы иммунобиологиялық ветеринариялық препараттар мен диагностикалық сынақтардың ірі өндірушілерінің бірі.

 2021 жылы кәсіпорын сұйық және лиофилизацияланған ұнтақтарды парентеральді қолдануға арналған дәрілік препараттарды өндірудің толық циклы бар жаңа өндірістік алаң салды, онда «QazCovid-in®» инактивацияланған вакцинасы өндірілді.

 Бұдан басқа, «Антиген» Назарбаев Университетімен ісікке қарсы препараттарды әзірлеу жөніндегі консорциалдық келісімге қатысады.

 Бүгінгі күні кәсіпорын жаңа дәрілік заттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ «Антиген» өкілі ұзақ мерзімді шарт жасасу шеңберінде Бірыңғай дистрибьютормен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді.

 Кездесу қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор осы мәселе бойынша одан әрі өзара іс-қимылға қызығушылық танытты.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"