Жаңалықтар
03.10.2024

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілерді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдау жолында сенімді бағыт ұстауда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру қажет.

Инвесторларды тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету маңызды. Отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейту қажет».

Мәселен, «СҚ-Фармация» тапсырманы орындау үшін осы бағытта бірқатар шараларды жүзеге асыруда – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сатып алу үлесі ақшалай түрде 31%-ды құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есе көп, ол кезде отандық өндірушілердің үлесі 15%-ды құрады.

Бүгінгі таңда фармацевтика саласында мемлекеттік қолдау келісім-шарттар түрінде қарастырылған:

1. дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар;

2. келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен оригиналды патенттелген дәрі-дәрмектерді жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары.

Мұндай келісімдер 10 жылға дейінгі мерзімге жасалады, бұл қазақстандық кәсіпорындарға жергілікті фармсектордың тұрақтылығы мен дамуына ықпал ете отырып, өндірісті бірнеше жылға алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2023 жылы нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар енгізілді, олар ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын 3 жылға дейін ұзарту рәсімін көздейді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау салықтық жеңілдіктерді, мемлекеттік заттай гранттарды, кедендік баждардан босатуды қамтиды.

ЕЭО-қа мүше мемлекеттердің өндірушілері мен отандық өндірушілерін қолдау үшін тендерге отандық өндірушінің немесе ЕЭО елінің өндірушісінің қатысуымен өзге жеткізушілердің өтінімдері қаралмаған кезде преференциялар көзделген.

Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде қазақстандық өндірушілерге артықшылық береді. Бұл отандық өндірістің дамуын қолдайды және жергілікті кәсіпорындардың өсуін ынталандырады.

Сондай-ақ, компания өндірушілерді халықаралық стандарттарға сәйкес өнімді сертификаттау мәселелерінде қолдайды. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға және оның ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дистрибьютор мемлекеттік нарыққа шығудың міндетті талабы болып табылатын тиісті өндірістік тәжірибелерді (GMP) енгізуге ықпал етеді.

«СҚ-Фармация» Қазақстанда жаңа өндірістік қуаттарды құруды және шетелдік өндірістерді жергіліктендіруді ынталандырады. Бұл қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесін ұлғайтуға, импорттық препараттарға тәуелділікті төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Осы шаралардың барлығы Қазақстанның фармацевтика саласын дамытуға, дәрілік заттардың сапасын арттыруға және олардың ел азаматтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще