Жаңалықтар
13.05.2022

ҚАЗАҚСТАН ЕМХАНАЛАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ БОЙЫНША ТҮРІК ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУДЕ

2022 жылғы мамыр айының 10-ы мен 12-сі аралығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасында ресми сапармен болып қайтты. Сондай-ақ үкіметтік делегация құрамында «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы да болды.

Ресми сапар аясында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері медициналық техникамен жабдықтау тәжірибесін зерттеу үшін Түркияның медициналық ұйымы Башакшехир Чам және Сакура қалалық ауруханасына барды.

Аурухананың бірінші басшысымен кездесу кезінде медициналық техникамен жарақтандыруды қалыптастыру тәртібі, өндірушілердің жеткізу және қызмет көрсету бөлігінде келісімшарттардың нақты орындалуы жөніндегі мәселелер талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды.

Бірыңғай дистрибьютор өмірлік цикл келісімшарттарын жасасу арқылы медициналық техниканы сатып алу бойынша түрік әріптестерінің тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ осы мәселе бойынша әдіснамалық көмек алуға үлкен қызығушылық танытады.

Башакшехир Чам және Сакура қалалық ауруханасын Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі салды және концессиялық схема/мемлекеттік-жеке меншік серіктестік моделі бойынша инвестициялар көлемі бойынша Түркияда үшінші болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы бұл инвестициялық жоба Thomson Reuters Foundation жобаларын қаржыландыру жөніндегі халықаралық сыйлық аясында «МЖӘ саласындағы жыл келісімшарты» сыйлығымен атап өтілді.

Сонымен қатар, тәжірибені зерттеу үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері ақпараттық жүйелермен танысып, Roshe зертханасын аралап шықты. Roche компаниясы зерттеу жобаларын жүргізу үшін қажетті зертханалық жабдықтармен әдіснамалық қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы диагностиканың жаңа әдістерін енгізуге көмек көрсетті. Атап айтқанда, Roche жабдықтауға байланысты шығындарды өз мойнына ала отырып, қажетті зертханалық жабдықтарды конфигурациялау және таңдау арқылы зертханалық диагностика орталығын құрды.

Тараптар медициналық техникамен жарақтандырудың, жарақтандыруды жоспарлаудың, медициналық техниканы пайдалану тиімділігінің, мамандар даярлаудың (Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және техникалық персоналы), сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдірудің проблемалық мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы медициналық техниканы, ақпараттық медициналық жүйелерді орталықтандырылған сатып алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша екі елдің экономикалық ынтымақтастығының зор әлеуетін атап өтті және екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктері айтылды.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"