Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
26.10.2023

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ БІРЛЕСІП САТЫП АЛУҒА БАСТАМАШЫ БОЛДЫ

Пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру үшін Қазақстан мен Қырғызстан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жолымен бірлескен сатып алуды жүргізуге бастамашылық жасады.

Бастама ресми түрде «СҚ-Фармация» ЖШС-і мен Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК-ы арасында жасалған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум түрінде бекітілді.

Аталмыш құжатқа дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау және сенімді бизнес-серіктестіктерді іздеу үшін ең нәтижелі диалог алаңы мәртебесін сақтап келетін «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумы барысында қол қойылды.

Бірлескен сатып алу – бұл дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін әлемдік тәжірибе. Оның негізгі мақсаты – нақты медициналық контршараларға әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету және жеткізілім қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ теңдестірілген бағаларды белгілеу.

Көбінесе жеткізушілердің қызығушылығының болмауы ел ішіндегі шағын нарықпен байланысты. Қырғызстанмен біріге отырып, көлемді едәуір ұлғайтуға, сатып алудың жаңа деңгейіне шығуға және пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, мұндай тетік Денсаулық сақтау саласында елеулі трансшекаралық қатердің туындауына дайын болу үшін неғұрлым мұқтаж елдерге бірінші кезектегі жеткізілімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның жарқын мысалы – дүниежүзілік пандемия.

Бірлескен сатып алу үдерісі бүкіл әлемде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, пандемия кезінде Еуропалық одақ 25 еуропалық мемлекет қатысқан бірлескен сатып алу тетіктерін пайдалана отырып, бірқатар сатып алуларды жүзеге асырды. Осылайша, бұл денсаулық сақтау саласындағы трансшекаралық сын-қатерлерге қарсы тұрудың негізі болды.

Айта кету керек, «Қырғызфармация» МК-ы ағымдағы жылы құрылды. Кәсіпорынның басты мақсаттарының бірі – мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын төмен бағамен сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады.

«СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы, өз тарапынан бауырлас мемлекеттердің фармацевтикалық секторын және тұтастай алғанда денсаулық сақтау саласын жақсарту және дамытудағы үдерісте туындайтын мәселелер бойынша ынтымақтастыққа және үйлестіруге жәрдемдесуге дайын.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще