Жаңалықтар
22.07.2024

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАН ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Алматыда Үндістандағы 79 фармацевтикалық компания өкілдерінің қатысуымен Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту және фармацевтика саласында бизнесті дамыту мүмкіндіктерін зерделеуге арналған бизнес-конференция басталды.

Бизнес-диалог Үндістанның фармацевтикалық препараттарды экспорттауға жәрдемдесу Кеңесінің Pharmaxcill бастамасымен ұйымдастырылды. Pharmaxcill Кеңесін Үндістан үкіметінің сауда және өнеркәсіп министрлігі одан әрі серіктестік орнату үшін әлемдік аренада фармацевтикалық өнімдерді зерттеу мақсатында құрды. Іс-шара аясында Үндістан делегациясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында B2B форматында кездесу өтті.

Кездесу барысында «СҚ-Фармация» ЖШС-і атқарушы директоры Асхат Мүбараков Қазақстан Үкіметінің қазіргі таңда отандық фармацевтикалық компаниялар үшін ұсынатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

 

Ол мемлекет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін құруға немесе жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, ұзақ мерзімді жеткізу шарттары келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен түпнұсқа патенттелген препараттарға жасалуы мүмкін.

Сондай-ақ, отандық өндірушілерді қолдау үшін инвестициялық преференциялардың кейбір түрлері, оның ішінде салықтар бойынша преференциялар ұсынылады.

Сонымен қатар, А. Мүбараков атап өткендей, елдің фармацевтика саласын дамытудағы маңызды құрал ірі шетелдік фармацевтикалық компанияларды, соның ішінде BIGPHARMA-ны тарту болып табылады.

Осы бағытта бірнеше жоба іске асырылуда: Pfizer-мен «Превенар-20» пневмококкты вакцинаны оқшаулау бойынша шарт жасалды; «Roche» компаниясымен түпнұсқа дәрілік заттарды оқшаулау бойынша шартқа қол қойылды, келісімшарттық өндіріс шеңберінде «AstraZeneca» британдық-швед компаниясымен ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды.

«Көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары дәрі-дәрмектің өз өндірісін дамытуға, сондай-ақ отандық дәрі-дәрмек өндірісінің инновациялық технологияларын трансферттеу және Қазақстан Республикасының аумағында патенттелген оригиналды дәрілік заттарды шығаруға мүмкіндік береді», - деді Асхат Мүбараков.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Конференция 2024 жылдың 25 шілдесіне дейін жалғасатынын ескертеміз.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"