Жаңалықтар
29.09.2022

ҚАЗАҚСТАНДА 3 ҚАЗАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Қазақстанда 2022 жылдың 3 қазанынан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады. ЖРВИ маусымына дайындық шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша алдағы эпидемиологиялық маусымға Ресей өндірген «Гриппол®плюс» вакцинасының 2 392 673 миллион дозасын сатып алды.

Вакцина құрамында маусымдық а(H3N2) және А(H1N1) тұмауына және В типті тұмау вирусына қарсы штамммен антигендер бар. Жыл сайын вакцинаның штамм құрамы ағымдағы эпидемиологиялық маусымға арналған ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес жаңартылады.

29 қыркүйектегі жағдай бойынша осы вакцинаның 2 095 729 дозасы еліміздің барлық 17 өңіріне жөнелтілді. 296 944 доза жолда және халықты вакцинациямен қамту үшін кесте бойынша медициналық мекемелерге жіберілетін болады.

Жеткізу Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор ретінде «СҚ-Фармация» жолға қойылған логистикалық желіге ие. Бұл логистикалық желіге Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 ірі логистикалық хаб кіреді, олардан вакциналар осы қалалардың медициналық ұйымдарына, сондай-ақ әрқайсысында операциялық қоймалары бар жақын маңдағы өңірлерге тасымалданады.

Вакциналарды тасымалдау «салқындату тізбегінің» қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Вакциналарды тасымалдау кезінде ілеспе құжаттарда температура көрсеткіштерін тіркей отырып, келіп түсуді және одан әрі жөнелтуді тіркеу жүргізіледі.

Анықтама:

«Гриппол плюс» – ересектер мен балаларға, соның ішінде алты айлық сәбилерге, жүкті әйелдерге, созылмалы соматикалық аурулары бар адамдарға тұмаудың алдын алу үшін консерванттарсыз ресейлік инактивацияланған суббірлік адъювантты тұмауға қарсы соңғы буын вакцинасы. Жыл сайын вакцинаның штамм құрамы ағымдағы эпидемиологиялық маусымға арналған ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес жаңартылады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 апреля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"