ҚазақстанРеспубликасында дәрі-дәрмекпенқамтамасыз ету мәселелеріелдіңмемлекеттіксаясатының басты назарындажәнеПрезиденттіңЖолдауы,мемлекеттікдамубағдарламалары,Үкімет қаулылары және т. б. сияқтыкөптегенмемлекеттікқұжаттардакөріністапты.
Бірыңғай дистрибьютер құру мемлекеттің халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ел деңгейінде көбірек көңіл бөлетіндігінің айқын дәлелі болып табылады.
Бұл жүйедегі Бірыңғай дистрибьютор ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмектерді сатып алу мен жеткізуде рөлі бар маңызды буындардың бірі болып табылады. Барлық сатып алу Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізбе мен бағалар бойынша, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың атына медициналық ұйымдар мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан келіп түсетін өтінімдер бойынша жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн.
Бұлбасылымдаемделуүшінтегінамбулаториялық дәрі-дәрмекпенқамтамасызетуқарастырылғаназаматтарға әсер ететінауруларғатолығырақтоқталудыұсынамыз.
Біріншіден, белгілі бір аурулары бар Қазақстан азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығымен бекітілген.
Мысалы, бұл тізімге жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бронхиалды астма, жүйелі қызыл жегі, церебральды сал ауруы, эпилепсия, қант диабеті және т. б. сияқты аурулар кіреді.
Жоғарыда аталған ауруларғаарналғандәрілікзаттарТМКККесебіненжабылады.
Аурудыемдеугенемесеоңалтуғаарналғантегінпрепараттарбелгілі бір жағдайлардаберіледі.
Жүректің ишемиялық ауруы туралы мысал келтірейік. Бұл жағдайда коронарлық тамырларды стенттеуден, аортокоронарлық шунттаудан немесе миокард инфарктісінен кейін динамикалық бақылаудан тұратын ересектер үшін тегін дәрі-дәрмектер қарастырылған. Сонымен қатар, осы санатқа арналған нақты препараттар бекітілді: клопидогрел, ацетилсалицил қышқылы, тикагрелор, бисопролол, амлодипин және т. б.
Егер біз бадамшалар менаденоидтардыңауруларынқарастыратын болсақ,ондабұлжағдайдатекбалалар дәрі-дәрмекпенқамтамасыз етілуі керек.Айтакетейік, осысанатқаарналғандәрі-дәрмектер МӘМСесебіненжабылады.
Егер сіз аурулардың толық тізімін қарастырғыңыз келсе, сондай-ақ ТМККК немесе МӘМС аясында қандай нозологиялар қамтылғанын білгіңіз келсе, мына сілтеме бойынша толық мәтінмен таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885
Естеріңізге сала кетейік, егер сізде тегін дәрі – дәрмек алу кезінде сұрақтарыңыз болса, біз әрқашан 1439тегіннөмірібойыншакеңес беруге қуаныштымыз.
Сау болыңыз!