Жаңалықтар
06.03.2024

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДФАРМӨНЕРКӘСІБІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП

Жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн. Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек. Отандық тауар өндірушілермен жасалатын оффтейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет. Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет

Қ.К. Тоқаев

Фармацевтика саласы ұлттық экономика құрылымындағы және жаһандық нарықтағы негізгі салалардың бірі болып табылады. Фарминдустрия – әлемдік экономикада ерекше орын алатын жалпы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі. Жыл сайын әлемдік фармацевтика дамып келе жатқан өсу қарқынымен оң динамиканы көрсетеді.

Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының арқасында импортқа тәуелділікті төмендету бойынша зор әлеуетке ие. Отандық фармацевтикалық нарық Еуразиялық кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Бүгінде халықаралық инвесторлар тарапынан дамушы нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздеп жүрген Қазақстанға деген қызығушылықтың артуы байқалады.

Саланың орнықтылығын, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін шетелдік инвестицияларды және өндірістегі үздік шетелдік тәжірибені тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелерді отандық өндірістік алаңдарға беру жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл туралы Мемлекет Басшысы бірнеше рет атап өтті.

Өсу қарқынын арттыру, экономиканы

әртараптандыруды белсенді жүргізу, шетелдік

инвестицияларды көбірек тарту керек.

Қ.К.Тоқаев

Қазақстанның медицина және фармацевтика саласына инвестициялар тарту – Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Соңғы бірнеше жыл ішінде бірқатар отандық және шетелдік компаниялармен, соның ішінде әлемдік BigPharma ойыншыларымен кешенді жұмыс және өзара іс-қимыл жүргізілуде. Барлық уақытта орасан зор жұмыс атқарылды және осы бағытта айтарлықтай нәтижелер бар.

Бұл мақалада біз Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібіне инвестициялар тарту бойынша қол жеткізілген барлық нәтижелер және одан әрі даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып береміз.

BIGPHARMAНЫ ТАРТУ

Фармгиганттармен ұзақ мерзімді шарттар

PFIZER-мен  ұзақ мерзімді шарт

2023 жылдың қараша айында «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор және Pfizer халықаралық биофармацевтикалық компаниясының арасында ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды. Құжатқа қол қою үшін Қазақстанға Таяу Шығыс, Ресей және Африка (MERA) өңіріндегі компанияның өңірлік Президенті Патрик ван дер Лоо келді.

Келісім шеңберінде американдық фармгигант Pfizer ҚР-да инновациялық вакцинаның келісімшарттық өндірісін ұйымдастырған кезден бастап Қазақстанға 20 валентті пневмококкты конъюгацияланған вакцинаны жеткізуді жүзеге асыруға ниетті.

Осылайша, жасалған шартқа сәйкес Pfizer алдағы үш жыл ішінде ел аумағында жаңа пневмококкты вакцинаның келісімшарттық өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, содан кейін келесі 10 жыл ішінде локализацияланған вакцинаны жеткізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Еуразия өңірінде және Орталық Азия елдерінде осы вакцина мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен бірінші ел болды. Республика сонымен қатар Pfizer осы вакцинаның келісімшарттық өндірісін құруды жоспарлап отырған әлемдегі алғашқы аймақ болып табылады.

Ø  Бұл ынтымақтастық Үкіметтің Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту кешенді жоспары шеңберінде саланың негізгі ойыншыларын халықаралық деңгейде тарту жөніндегі бастамаларының арқасында мүмкін болды. Әлемдік фармацевтикалық индустрияның жетекші өкілдерімен ынтымақтастықтың арқасында тәжірибе алмасу және технологиялар трансфері үшін қазақстандық өндірушілер алаңдары базасында келісімшарттық өндірісті ұйымдастыруға дайындық үшін ауқымды жұмыс жүргізілді.

Ұзақ мерзімді шарт жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

Ø  2022 жылдың қыркүйек айында Мемлекет Басшысымен дөңгелек үстел шеңберінде Нью-Йоркте «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Pfizer арасында пневмококкты вакцина өндірісін жергіліктендіру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;

Ø  2022 жылдың желтоқсан айында Pfizer жаһандық кеңсесі Қазақстанда Prevenar-13 жергіліктендіру жөніндегі жобаны іске асыруды Prevenar-20 (FDA-да тіркеу рәсімінен өтті) келесі буынының өніміне кезең-кезеңімен көшумен келісті;

Ø  2023 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Иалиев Pfizer өкілдерімен кездесті;

Ø  жоғарыда аталған кездесуден кейін Қазақстанда американдық компанияның қатысуын кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланып, Pfizer компаниясының Prevenar-13 пневмококкты вакцинасын келісімшарттық өндіру жобасын іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды.

Ø  Бірыңғай дистрибьютор №110 Қағидаларға, оның ішінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен ұзақ мерзімді шарт жасасу рәсімдерін оңайлату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қазақстан Pfizer үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады. Ол көптеген жылдар бойы дәрі-дәрмектердің, соның ішінде вакциналардың әртүрлі портфолиосын жеткізіп келеді. Компания ұсынатын инновациялық терапевтік шешімдерге Қазақстандықтардың қолжетімділігін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

ROCHE-пен  ұзақ мерзімді шарт

Дәл осындай тарихи ұзақ мерзімді шарт 2023 жылғы қарашада Бірыңғай дистрибьютор, Roche, «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ (Нобел АФФ) және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) арасында бірегей патенттелген дәрілік заттарды жеткізуге жасалды.

Ұзақ мерзімді шартқа қол қою Roche компаниясы әзірлеген, онкологиялық ауруларды, атап айтқанда сүт безі обырын емдеуге арналған үш биотехнологиялық дәрілік препараттың жергілікті өндірісіне жол ашады.

Құжат шеңберінде Roche келісімшарттық өндіріс негізінде жергілікті өндіріс үшін озық технологиялар мен ноу-хаудың берілуін және ұзақ мерзімді шарт негізінде жергілікті серіктес тарапынан патенттелген бірегей дәрі-дәрмектердің жеткізілуін қамтамасыз етуге міндеттенді.

Онкологиялық аурулар Қазақстанда өлімнің негізгі себебі болып табылады. Орташа алғанда, Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға дейін сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастар анықталып, 1200-ге дейін әйел қайтыс болады. Бұл жағдай 2004 жылдан бері тұрақты.

Бұл маңызды қадам Қазақстандағы сүт безі обыры бар барлық пациенттер үшін жоғары сапалы дәрілік заттардың құнын төмендетуге және қолжетімділігін арттыруға көмектеседі. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы онкология саласындағы пациенттер мен мамандар үшін медицинадағы жаңалықтар мен инновацияларға шақыра отырып, жаңа перспективалар ашады.

Ұзақ мерзімді шарт жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • 2021 жылдың қараша айында Мемлекет Басшысының Швейцария Конфедерациясына сапары шеңберінде ҚР ДСМ және Hoffmann-La Roche Ltd. арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Келісімнің нысанасы инновациялық дәрілік заттар: Herceptin®, Kadcyla® және Perjeta® өндірісін орналастыру жолымен жергілікті өндірілген медициналық препараттардың үлесін ұлғайту болды;
  • 2022 жылдың желтоқсан айында ҚР ДСМ және Hoffmann-La Roche Ltd. арасында жергіліктендіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Келісімге қол қойылды. Жергіліктендіру туралы келісім екі тараптың Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған үш бірегей биотехнологиялық дәрілік препараттардың жергілікті өндірісін жүзеге асыру және аяқтау міндеттемелерін белгілейді;
  • Roche компаниясымен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша сүйемелдеу бойынша апта сайынғы жұмыс жүргізілді.

Өндірісті жергіліктендіруден басқа, компания ынтымақтастықты жалғастыруға және елде бірқатар бірлескен жобаларды жүргізуге ниетті. Мысалы, жақында Назарбаев Университетінің Медицина Мектебінде зертханалық диагностика бойынша инновациялық тренинг орталығы ашылады. Оқу орталығындағы бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарынан мамандардың біліктілігін кешенді арттыруға және оқытуға бағытталған.

Сонымен, Roche фармгиганты зерттеу жобаларын жүргізу үшін диагностиканың жаңа әдістерін енгізуге жәрдемдеседі. Бұл Қазақстанның зертханалық инфрақұрылымын нығайтуға және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан мен Швейцария арасындағы Фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді позицияны ұстанады, әріптестік жолдарын қарау бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге бастамашылық жасайды. Ұзақ мерзімді шарт жасасу барлық алдыңғы уағдаластықтардың және жетекші фармацевтикалық компаниялардың бірімен тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болды.

Келісімшарттық өндірісті дамыту

AstraZeneca-мен  ынтымақтастық  

2023 жылдың ақпан айында ҚР ДСМ және «AstraZeneca UK Limited» Жабық АҚ өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат шеңберінде AstraZeneca қант диабетін анықтау мен басқаруды жақсарту жөніндегі бағдарламаларды қолдауға, респираторлық және орфандық (сирек) ауруларды емдеуді одан әрі жетілдіруге жәрдемдесуге ниетті. Сонымен қатар, ел аумағында дәрілік заттар өндірісін жергіліктендіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұл құжат сондай-ақ 2025 жылға қарай азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұзартуға, жұқпалы емес аурулардың белсенді профилактикасыныі моделін енгізуге және ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауруларды басқару бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған.

AstraZeneca қант диабеті, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, аутоиммунды, орфандық аурулар және онкология сияқты салаларда терапевтік шешімдерді дамытады, бұл денсаулық сақтау мамандарының тиісті терапевтік салаларда хабардар болуына ықпал етеді.

Жергіліктендіру бойынша өндірістің қажетті көлемін қалыптастыру үшін қол қойылған меморандум шеңберінде AstraZeneca UK Limited 5 жылға арналған болжамдарды қалыптастыруға жәрдемдесуді сұрайды.

Меморандум жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • 2021 жылы Бірыңғай дистрибьютор компанияның өндірісті жергіліктендіру жоспарларына қатысты ҚР-дағы «АстраЗенка ЮК Лимитед» компаниясының өкілдігімен 2 онлайн кеңес және 1 офлайн кездесу өткізді;
  • Бірыңғай дистрибьютор өз құзыреті шеңберінде 2021-2023 жылдар аралығындағы кезеңде жергіліктендіру жоспарланған дәрілік заттарға алдын ала өтінімдердің көлемін жіберді.

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор мен AstraZeneca арасындағы ұзақ мерзімді шартты әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттың қорытындысына өтінім беру 2024 жылдың 2-3 тоқсанында жоспарлануда.

NOVO NORDISK-пен  ынтымақтастық

2022 жылдың маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС Қазақстанда денсаулықты нығайту және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді жетілдіру мәселелерінде меморандумға қол қойды.

Құжат шеңберінде тараптар ауыр асқынулардың туындау қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін емдеу терапиясының инновациялық әдістеріне ертерек қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сол арқылы денсаулық сақтау шығындарын азайта отырып, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға ниетті.

Осының арқасында қазақстандықтар инновациялық препараттарға қол жеткізе алады. Сондай-ақ, жоба Қазақстанның фармацевтика және медицина өнеркәсібі үшін ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

«Ново Нордиск» қазақстандық нарықтың мүмкіндіктерін бағалауға және қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындардың адам инсулинін өндіру үшін нарыққа белсенді фармацевтикалық субстанция жеткізу жолымен жергілікті өндірушілерді қолдау саласындағы әлеуетті әріптестікті зерттеуге мүдделі.

Меморандум жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • 2021 жылдың 24 қарашасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Novo Nordisk компаниясының Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдеріндегі корпоративтік вице-президенті Эмиль Ларсен мырзамен кездесуі ұйымдастырылды;
  • 2022 жылдың 27 шілдесінде ҚР ДСМ және «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС
    ҚР-да денсаулықты нығайту және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді жетілдіру мәселелерінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • 2022-2023 жылдары тараптар арасында бірқатар онлайн кеңестер өткізілді.

Жасалған келісімнің әсері сапалы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және қант диабеті пен семіздік саласындағы үздіксіз медициналық білім беру жөніндегі жобаларды іске асыру жолымен халықты кәсіби медициналық кадрлармен қамтуды кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жұқпалы емес ауруларды емдеудің сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге ықпал ететін нақты клиникалық практика деректерін жинау және талдау жөніндегі жобаларды іске қосу және іске асыру болады.

BAYER-мен  ынтымақтастық

«Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумының алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Байер КАЗ» ЖШС ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бірлескен стратегиялық әріптестік клиникалық зерттеулер нарығын дамытуға және озық технологиялар трансферіне бағытталған. Тараптар ауруларды емдеу парадигмаларын өзгертетін бірегей инновациялық препараттарды халықаралық рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді Қазақстанға тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ, ғылыми-білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мамандарының құзыреттіліктерін жетілдіру және пациенттерді терапияның инновациялық әдістерімен қамтамасыз ету үшін қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған инновациялық өнімдер нарығына қол жеткізуде бірлескен жұмыс көзделген.

Bayer кардиология, онкология, әйелдер денсаулығы, қант диабеті және офтальмология сияқты емдік салаларда пациенттерге пайда әкелетін инновациялық препараттарды әзірлеу және ілгерілетуде әлемдік көшбасшы болып табылады.

Bayer клиникалық зерттеуі. «Клиникалық зерттеу және (немесе) фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға сынақтар жүргізуге рұқсат беру туралы» ҚР ДСМ (МФБК) 29.03.2023 ж. №115-НҚ бұйрығына сәйкес «БайерКонсьюмерКэрАГ» демеушісіне «Гормонға тәуелді сүт безі обыры бар немесе оның даму қаупі жоғары әйелдерде 52 апта ішінде адъювантты терапиядан туындаған вазомоторлы симптомдарды емдеуде элинзанетанттың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында жасырын қатарлас, рандомизацияланған, плацебо бақыланатын көп орталықты зерттеу» клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат берілді.

Bayer алдын ала ақпаратына сәйкес клиникалық зерттеуге 16 ел қатысады.

Бұдан басқа, Bayer компаниясы Қазақстан Үкіметіне E&Y халықаралық консалтингтік агенттігінің Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің фармацевтика саласындағы зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі зерттеу ұсынымдарын қарауды және талқылауды ұсынбақ. Зерттеуде фармацевтикадағы АЖ-ны қорғау үздік әлемдік тәжірибелері талданды, сондай-ақ қазақстандық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша елеулі ұсыныстар берілді.

JOHNSON&JOHNSON-мен  ынтымақтастық

ҚР ДСМ және «Johnson&Johnson» ЖШС арасындағы «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Тараптар Қазақстанда дәрілік препараттарды өндіру және клиникалық зерттеулер мүмкіндіктерін бірлесіп дамытуда уағдаластыққа қол жеткізді.

Компания пациенттердің инновациялық терапияға қолжетімділігін жақсарту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау саласындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар ауруларды заманауи диагностикалау мен емдеуді енгізу үшін ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесуге ниетті.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мүмкіндіктерін, өндірісті жергіліктендіру немесе оның Қазақстан аумағындағы кезеңдерін бағалауды көздейді. Бұдан басқа, бірлескен өзара іс-қимыл құндылыққа бағдарланған, дербестендірілген денсаулық сақтауды енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістерді қамтиды.

Меморандум жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • ынтымақтастық пен жергіліктендіруге қатысты компанияның топ-менеджерлерімен бірқатар онлайн және офлайн кездесулер өткізілді: Әділет Назарбаев-ТМД елдері бойынша директор, Равиль Блатов – коммерциялық мәселелер және нарыққа қол жеткізу жөніндегі басшы, Толағай Төрехан – нарыққа қол жеткізу жөніндегі басшы;
  • ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 7 маусымдағы бұйрығымен бекітілген №110 Қағидаларға отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту және Қазақстанға BigPharma әлемдік ойыншыларын тарту жолымен бірегей дәрілік заттар өндіру үшін шараларды кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Johnson&Johnson денсаулық сақтау саласындағы әлемдегі ең ірі көп салалы корпорациялардың бірі болып табылады. Компания медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтар, сондай-ақ дәрілік препараттар шығарады.

Жоғарыда көрсетілген меморандумдарға қол қою Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының дамуына, оның ішінде халық үшін инновациялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға, өндірушілерді ел аумағында орналасқан өндірістік қуаттарда дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін кеңейтуге ынталандыруға ықпал ететін болады.

Пысықтаудағы жобалар

Келісімшарттық өндірісті дамыту бойынша жұмысты жалғастыра отырып, Бірыңғай дистрибьютор нарыққа жаһандық ойыншыларды тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазір фармкомпаниялармен ынтымақтастық және жергіліктендіруге әзірлік туралы келісімдерге қол қою үшін әртүрлі кезеңдерде келіссөздер жүргізілуде:

Сонымен қатар, 2024 жылға әлемнің жетекші фармацевтикалық компанияларының бірқатар өндірістік алаңдарына бару жоспарланды.

АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Оңтүстік Корея компанияларымен ынтымақтастық

2021 жылдың тамыз айында Кореяға мемлекеттік сапары кезінде Президент Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге негіз салды.

2022 жылдың маусым айында Бірыңғай дистрибьютор өкілдері Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында медициналық-фармацевтикалық кластерлер құру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысу үшін жұмыс сапарымен Оңтүстік Кореяға барды.

Жұмыс сапарын ҚР Вице-премьері Роман Скляр және ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың тапсырмасымен Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты - Korean Health Industry Development Institute (KHIDI) және ҚР Кореядағы Елшілігінің қолдауымен Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында өндірістік алаңдарды орналастыру туралы 5 меморандумға қол қойылды – фармацевтика және медициналық жабдықтар саласындағы бірегей, жаңа, бірлескен әзірлемелер:

DRTECH Корпорациясымен ынтымақтастық шеңберінде «АРДИАГНОСТ-7» РДК рентгендік диагностикалық кешенінің жаңа моделін және томосинтез функциясы бар заманауи цифрлық маммографты шығаруды жергіліктендіру туралы келісім жасалды.

Рентгендік диагностикалық кешеннің жаңа моделіне келетін болсақ, медициналық техниканың алғашқы тәжірибелік үлгісі жасалды, зауыттық біліктілік сынақтары кешені жүргізілді, сондай-ақ сыртқы аккредиттелген сынақ зертханасында кешеннің зертханалық сынақтары жүргізілді.

Заманауи цифрлық маммограф туралы айта отырып, томосинтез функциясы бар ARMammo 3D маммограф шығарудың техникалық дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа өнімнің пайдалану және технологиялық құжаттамасының пакетін дайындау басталды. Мобильді нұсқа әзірленуде, фургон-шанаққа арналған конструкторлық құжаттама пакеті әзірленуде.

MEDICAL PARTNERS KOREA LTD компаниясымен ынтымақтастық ПТР-тесттерге арналған зертханалық реагенттерді келісімшарттық өндіруді және ел аумағында сатуды көздейді.

GENORAY-мен серіктестікке қатысты С-Дуга және маммография жүйесі сияқты медициналық бұйымдарды өндіру, ал Samsung Medison-мен Қазақстан аумағында ультрадыбыстық диагностикалық жүйелерді өндіру көзделген. Ал JW Holdings Corporation-мен ҚР аумағында неонатологияға арналған жекелеген медициналық бұйымдардың түпкілікті өнімін шығару іске қосылады.

KHIDI «Кореяға терезе» және инвесторларды тарту, технологиялар трансферті мен Қазақстанды жаңа әзірлемелермен қамтамасыз ету бойынша серіктес болды. Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап KHIDI-мен тығыз жұмыс істейді және кореялық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді және осы күнге дейін осы бағытта жұмысын жалғастыруда.

Жұмыс сапарының нәтижесінде:

  • Қазақстандағы кластерлік бастаманы талқылау үшін KHIDI кеңсесімен кездесу;
  • SMART HOSPITAL-ға бару;
  • 2 фармкластерге, 6 өндірістік алаңға бару;
  • Корей өндірушілерімен дөңгелек үстел өткізу (105 қатысушы, 40 компания, халықаралық телеарнада айтулы оқиғаны жариялау);
  • Қазақстанда өндірісті оқшаулау туралы 5 меморандумға қол қою.

Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты жалғастыра отырып, 2023 жылғы наурызда Қазақстанда медициналық-фармацевтикалық кластерлерді дамыту бойынша қазақстандық және оңтүстік кореялық тараптардың кездесуі өтті, оларды құруды Бірыңғай дистрибьютор бастамашылық етті. Кездесу барысында Шымкент қаласында медициналық-фармацевтикалық кластер құру туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.

Ынтымақтастық білім беру компонентін дамыту үшін кластердің ЖОО және ғылыми-өндірістік секторларының бірлескен өзара іс-қимылын, сұранысқа ие ғылыми идеялар мен практикалық нәтижелерді, инновациялық менеджмент саласындағы мамандандырылған құзыреттерді генерациялауды, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық технологиялар саласында жұмыс істейтін ірі шетелдік компаниялардың R&D-бөлімшелерін ашуды көздейді.

Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бойынша тәжірибе алмасу шеңберінде ынтымақтастықты дамыту денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де кең перспективалар ашады.

Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық нарығы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. Корея ғылымның перспективалы бағыттары, биосимилярлар өндірісін оқшаулау, мемлекеттік, сондай-ақ жеке капиталды тарту саласындағы инновациялық даму жолымен жүріп, елге үздік халықаралық мамандарды жұмылдырды.

Елдің әртүрлі өңірлерінде кластерлер құру төңірегінде корей және қазақстандық компаниялардың күш-жігерін біріктіру және оларды мемлекет тарапынан да, жеке капитал тарапынан да дамытуға инвестициялау импортты алмастыратын өнім өндірісінің өсуін және Қазақстан аумағында фармацевтикалық зауыттар салуға фармгиганттарды тартуды қамтамасыз етеді.

Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктестерінің бірі. «Таңертеңгі балғындық елі» қазірдің өзінде Азиядағы сауда серіктестеріміздің арасында екінші орында тұр. Бұдан басқа, Корея еліміздің ең ірі 10 инвесторының қатарына кіреді.

Қытай компанияларымен ынтымақтастық

Бірыңғай дистрибьютор Қазақстан мен Қытай арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда белсенді ұстанымға ие, әріптестік жолдарын қарау бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізуге бастамашылық жасайды.

Барлық алдыңғы уағдаластықтардың нәтижесі және қытай тарапымен тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі 2023 жылғы тамыз айында Бірыңғай дистрибьютор және бизнес қоғамдастық өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияның Қытайға жұмыс сапары болды.

Сапар шеңберінде отандық фарминдустрияны технологиялар трансфері бағытында ілгерілету және инвестициялық тартымдылықты арттыру мүмкіндіктері қаралды, сондай-ақ қытай тарапының Қазақстанға сапары пысықталды.

Сапар барысында мынадай кәсіпорындарға барылды:

  • MINDRAY HQ компаниясына бару, Шэньчжэнь қаласы;
  • SMART HOSPITAL-ға бару, Шеньчжень қаласы;
  • SINOVAC компаниясына бару, Пекин қаласы;
  • SINOPHARM компаниясына бару, Пекин қаласы;
  • GENERTEC MEHECO корпорациясына бару, Пекин қаласы.

Сонымен қатар, 30-дан астам салалық қауымдастықтар мен Қытайдың ірі дәрі-дәрмек, сондай-ақ медициналық жабдықтар өндірушілерінің қатысуымен «Инвестициялар тарту және ҚР аумағында инновациялық фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканы жергіліктендіру» атты дөңгелек үстел өтті.

2023 жылдың қыркүйегінде Қытай делегациясының Қазақстанға сапары өтті. Нәтижесінде ҚР ДСМ, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен отандық тауар өндірушілердің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы фармацевтика саласындағы үйлестіруді және іскерлік ынтымақтастықты күшейту» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бұдан басқа, қытай тарапы үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды импорттау және экспорттау жөніндегі Қытай сауда палатасының вице-президенті – CCCMHPIE және Қытайдың 18 ірі компаниясы құрамында Алматыдағы отандық өндірістік алаңдарға, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі базасындағы Астанадағы медициналық-фармацевтикалық кластерге және Астанадағы UMC клиникалық орталықтарына бару ұйымдастырылды.

Қытай делегациясының Қазақстанға сапарының драйвері «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығы мен Қытайдың дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды импорттау және экспорттау жөніндегі сауда палатасы (CCCMHPIE) арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум жасасу болды.

Тараптар ақпарат алмасу және технологияларды дамыту, сондай-ақ тиісті іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, сапарлармен алмасу және тағы басқалар арқылы денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісті.

Іс-шараның шарықтау шегі қатысушылардың талқылауы және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы B2B келіссөздері болды, оның барысында қатысушылар нақты бизнес-кейстерді іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Оңтүстік-шығыс көршілермен тығыз ынтымақтастық шетелдік инвестицияларды тартуға, фармацевтика өнеркәсібін дамыту және Қазақстанға инновациялық технологиялар трансферті саласында озық тәжірибелерді енгізуге серпін беретіні сөзсіз.

Қытай Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі болып табылады және осы өзара қарым-қатынастардың әлеуеті серпінді деңгейдегі бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты біздің алдымызда елдер арасындағы тауар айналымын кеңейту ғана емес, бірлескен кәсіпорындарды дамыту, атап айтқанда фармацевтикалық және медициналық индустрия саласындағы жобаларды іске асыру міндеті тұр.

ВЕНДОРЛАРДЫ ТАРТУ

Медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет. Бұл үлкен мәселе. Өйткені бұл салада сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде болып отыр. Өңірлер жабдықтың есебі мен бағасын тұрақты түрде көтеріп отырады, оның қызметіне де көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке медициналық техниканы
«СҚ-Фармация» ЖШС базасы арқылы орталықтандырылған
сатып алу жүйесіне
көшіруді тапсырамын.

Қ.К. Тоқаев

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуге вектор берілгені белгілі.

Орталықтандырылған сатып алу екі кезеңде жүзеге асырылады:

  • І кезең – 2022 жыл – медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру (пилоттық жоба);
  • II кезең – 2023 жылдан бастап жергіліктендіру/келісімшарттық өндіріс, медициналық техниканың өмірлік циклінің келісімшарттары негізінде ұзақ мерзімді шарттар жасасу.

Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүргізудің операторы болып табылады және электрондық платформаны ұсынады, соның арқасында ашықтық, рәсімдерді қағаз жүзінде жүргізуді және «адами факторды» болдырмау қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімді шарттар, офтейк келісімшарттар, лизингтік тетіктер және «өмірлік цикл» келісімшарттары тетіктерін пайдалана отырып, Қазақстанда медициналық техниканы жергіліктендіру және келісімшарттық өндіру бойынша әлемдік вендорлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.

GE HEALTHCARE  компаниясымен ынтымақтастық

2023 жылғы қыркүйек айында Мемлекет Басшысының АҚШ-қа ресми сапары шеңберінде ҚР Үкіметі және GE HealthCare компаниясы Қазақстан аумағында GE Healthcare жоғары технологиялық диагностикалық медициналық жабдығының жаңа өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың базалық қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Атап айтқанда, «Ақтөберентген» АҚ базасында УДЗ және КТ өндірісін орналастыру.

Құжат шеңберінде сондай-ақ сервистік қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, GE Healthcare жабдықтарын пайдалану бойынша медицина қызметкерлерін оқыту және елдің денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын жаңғырту көзделген.

Өткен жылдың соңында Астанада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында дәрігерлерді клиникалық оқытуға арналған Қазақстандағы алғашқы GE HealthCare Academy оқу орталығының ашылуы өтті.

GE HealthCare жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану үшін ҚР денсаулық сақтау жүйесі кадрларының біліктілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтерді ұйымдастыруға белсенді қатысады.

Оқу орталығының мақсаты – Қазақстанның диагност-дәрігерлерінің (ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің) біліктілігін арттыру. Ол бейінді мамандар мен сарапшыларға медициналық жабдықта жұмыс істеу дағдыларын игеруге, күнделікті тәжірибеде заманауи клиникалық мүмкіндіктерді пайдалануға және жабдықты пайдалану мерзімі ішінде медициналық персоналдың жұмыс істеу дағдыларының жоғары деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесетін болады.

GE HealthСare – жабдықтардың және денсаулық сақтау саласы үшін цифрлық шешімдердің әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі, оның өнім желісі медициналық техниканың кең спектрін қамтиды.

GE HealthCare Academy тренинг орталықтарындағы оқыту бағдарламасы медициналық бейнелеудің ең өзекті мәселелерін қамтиды. Курстар жас мамандарға да, тәжірибесі бар дәрігерлерге де бағытталған.

Келісім жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • 2022 жылдың 10 маусымында ҚР ДСМ-де ҚР ДСМ және СҚ-Фармация құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Ресей мен ТМД-дағы «Дженерал Электрик» компаниясының ресейлік кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізілді, күн тәртібінде – Қазақстанда GE жоғары технологиялық медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау перспективалары;
  • 2022 жылдың 28 шілдесінде СҚ-Фармация өндірісті оқшаулау мәселелерін талқылау және Қазақстандағы қолда бар өндірістік алаңдарды бағалауды қарау үшін Ресей мен ТМД-дағы «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдерімен офлайн-кездесу өткізді. Нәтижесінде «Дженерал Электрик» компаниясы УДЗ және КТ аппараттарын ықтимал орналастыру позициясын жариялады;
  • 2022 жылдың 19 қыркүйегінде Мемлекет Басшысының Нью-Йоркке сапары шеңберінде GE Healthcare корпорациясының вице-президенті Набил Хабайебпен екі жақты кездесу өткізілді, ол ҚР аумағында медициналық техника өндірісін жергіліктендіру ниетін білдірді;
  • 2022 жылдың 26 қазанында Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада ҚР Денсаулық сақтау министрі мен GE Healthcare Президентінің қатысуымен кеңес өткізілді;
  • 2023 жылдың 11 қаңтарында Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және өндірістік алаңды таңдау мәселелері бойынша СҚ-Фармация мен GE Healthcare арасында кеңес өткізілді;
  • 2023 жылдың 17 ақпанында ҚР ДСМ, СҚ-Фармация және GE Healthcare өкілдерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Көлгіновтың төрағалығымен кеңес өтті. Компания инвестициялық келісім жасасуға мүдделік білдірді;
  • 2023 жылдың 6 сәуірінде ҚР Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың, ҚР ДСМ, СҚ-Фармация және GE Healthcare өкілдерінің (бас директор – Е.Н. Легезина) қатысуымен кеңес өткізілді.
  • 2023 жылдың қыркүйек айында Мемлекет Басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуы шеңберінде «Қазақ Инвест» АҚ-мен инвестициялар туралы келісім жасалды. Келісім шеңберінде медициналық техниканың белгілі бір көлемін «кепілдендірілген сатып алу» туралы, сондай-ақ ҚР аумағында GE Academy дамыту туралы шарттарды қосу жоспарлануда.
  • сондай-ақ, СҚ-Фармация ұсынысына сәйкес «Өнеркәспіті дамыту қоры» АҚ арқылы отандық өндірістің медициналық техникасын сатып алуды лизингтік қаржыландыруды енгізу бойынша ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының
    2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді (ҚЭН және ҚР ИИДМ ИМБ әзірлеу жүргізілуде).

GE HealthСare-мен келісімдер шеңберінде диагностикалық жабдықтың кескіндерін цифрландыру, жасанды интеллекттің көмегімен диагностиканы жақсарту үшін ұлттық деректер базасын құру сияқты маңызды бағыт дамиды.

Университеттің жоғары білікті қызметкерлері мен GE HealthСare сарапшыларының сабақтарын өткізу, сондай-ақ дәріс материалдарын заманауи ультрадыбыстық аппаратта практикалық сабақтармен нығайту және түрлі вебинарларға қосылу мүмкіндігі күтілуде.

Мұндай жобаның негізгі әсерлері дәрігерлердің біліктілігін және GE HealthСare шығарған жабдықтың кез келген моделінде жұмыс істеу дағдыларын жоғарылату болады, бұл пациенттердің қауіпсіздігін, нәтижелердің тиісті сапасын және зерттеуді жүргізудің оңтайлы уақытын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

GE HealthСare инновациясы бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтауды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Үздік технологияларды қолдану пациенттерге медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жақсы болашақ үшін адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесіп қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтеміз.

PHILIPS-пен  ынтымақтастық

2022 жылдың қазан айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Royal Philips арасында медициналық көмектің сапасын жақсарту, тиімділігін арттыру, цифрлық денсаулық сақтау қызметтері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Тараптар онкологиялық және кардиологиялық қызметтердің сапасын жақсарту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, оның ішінде науқастарды диагностикалаудың, терапияны жоспарлаудың, емдеудің және диспансерлік бақылаудың заманау әдістері негізінде кешенді көмекті жоспарлаудың және пациенттерді бағыттаудың озық тәжірибесімен алмасу. Royal Philips Қазақстанда УДЗ және КТ өндірісін жергіліктендіруге ниетті.

Бұдан басқа, пациенттің цифрлық иесіздендірілген деректеріне және Цифрлық клиникалық бейнелерге қолжетімділікті арттыру және басқару, Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасын қарау және арттыру мақсатында іс-шараларды іске асыру көзделеді.  

Меморандум жасалғанға дейін мынадай жұмыстар атқарылды:

  • проведен ряд совещаний с представителями Philips для обсуждения вопросов локализации производства медицинской техники на территории РК;
  • ҚР аумағында медициналық техника өндірісін жергіліктендіру мәселелерін талқылау үшін Philips өкілдерімен бірқатар кеңестер өткізілді;
  • 2022 жылдың 22 сәуірінде Philips компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, онда Қазақстандағы өмірлік цикл келісімшарттары шеңберінде медициналық техника өндірісін жергіліктендіру саласындағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Кездесуде Philips жетекші әлемдік медициналық техника өндірушісінің өкілдері медициналық техника өндірісін жергіліктендіру және Ресейдегі МЖӘ жобаларына қатысу, соның ішінде Мәскеудегі денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттіліктері үшін өмірлік цикл келісімшарттары шеңберіндегі тәжірибелерімен бөлісті;
  • 2022 жылдың 14-16 қыркүйегінде Philips жұмыс тобының Ақтөбе және Астанаға сапары өтті, медициналық жабдықтар өндірісі бойынша жобаны іске асыру алаңы ретінде өндірістік қуаттардың әлеуетін бағалау жөнінде келіссөздер жүргізілді;
  • Royal Philips пен ҚР ДСМ, СҚ Фармация және КазахИнвест басшылығының арасында Philips-тің ҚР денсаулық сақтау жүйесінің түрлі секторларын дамытуға қатысуы бойынша жоғарыда аталған бастамаларды іске асыру мүмкіндігін талқылауы жөнінде кездесу өткізді;
  • 2022 жылдың 12-13 қазанында Нидерланд компанияларының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру шеңберінде Philips вице-президенті Шейгрондтың Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярмен кездесуі өтті, онда компания ҚР аумағында медициналық жабдықтар өндірісін құруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттарына қатысуға дайын екенін білдірді;
  • 2022 жылдың 11 қазанында Астанадағы Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша ҚР ДСМ және Royal Philips арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Компания ынтымақтастық бағыттарын іске асыру, сондай-ақ әрбір тараптан барлық жауапты тұлғаларды және орындау мерзімдерін айқындай отырып, тиісті міндеттерді орындау бойынша Жол картасын дайындау туралы ұсынысқа бастамашылық жасады. Сонымен қатар, компания Қазақстанның медициналық жабдықтарға деген қажеттілігін және off-take келісімшартын алу мүмкіндігін атап өтті.

Philips тұтыну тауарлары мен денсаулық сақтау саласында терең сараптамаға ие және кешенді шешімдерді ұсыну үшін озық технологияларды қолданады. Компания медициналық бейнелеу, пациенттерді бақылау және ИТ-жүйелері, сондай-ақ жеке күтім шешімдері мен үй техникасы бойынша жетекші орынға ие.

Philips компаниясының ҚР-да медициналық техника өндірісін жергіліктендіру және ынтымақтастықты одан әрі пысықтау бойынша ынтымақтастық шеңберінде 2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі делегациясының Нидерландыға сапары жоспарлануда.

ЕЛШІЛІКТЕРМЕН ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

Бірыңғай дистрибьютор тұрақты негізде сала өкілдерімен, дипломатиялық миссиялармен және шет мемлекеттердің реттеуші органдарымен кездесулер мен іскерлік сапарлар өткізеді. Сонымен, жұмыс кезеңінде Еуропалық Одақ елдерінің елшіліктерімен, Қытаймен, Оңтүстік Кореямен, Франциямен, БАӘ, Үндістанмен, Иран Ислам Республикасымен және басқалармен табысты ынтымақтастық орнатылды.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижелерінің бірі 2023 жылдың маусым айында «БеНиЛюкс» Сауда палатасы және Бірыңғай дистрибьютордың арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу болды.

Осылайша, импортты алмастыру және ішкі нарықтағы отандық өндірістің дәрі-дәрмек үлесін 50%-ға дейін ұлғайту, ҚР аумағында патенттелген препараттар өндірісін жергіліктендіру, озық медициналық жабдықтар өндірісін жергіліктендіру жөніндегі бірлескен бастамаларды талқылау және іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Құжат шеңберінде тараптар салалық талдауды, нарықтық үрдістер мен ҚР заңнамасындағы өзгерістерді қоса алғанда, ҚР мен БеНиЛюкс елдерінің тиісті нарықтары туралы тәжірибе және ақпарат алмасуға; әлеуетті әріптестер мен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді анықтау жолымен компаниялар Палата мүшелері мен Бірыңғай дистрибьютор арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ниетті.

Бұдан басқа, ҚР мен БеНиЛюкс елдері арасында фармацевтика өнеркәсібі мен денсаулық сақтаудағы зерттеулер мен инновациялар саласында ынтымақтастық көзделген. Жұмыс тобын құру жоспарлануда.

Шарт жасасу Бельгия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің Қазақстандағы бірінші отырысында өтті, оны құру Мемлекет Басшысының Бельгия Корольдігіне соңғы мемлекеттік сапарынан кейінгі тапсырмаларының бірі болды. Бұл маңызды оқиғаны ҚР-дағы «БеНиЛюкс» Сауда Палатасы мен Қазақстанның Сыртқы Сауда Палатасы ұйымдастырды.

Бұдан басқа 2022-2023 жылдар кезеңінде әртүрлі елдердің Елшіліктерімен 20 кездесу және вебинарлар өтті, 2023 жылы шетелдік инвесторлармен сондай келіссөздер өтті.

Саланы одан әрі дамыту және жетекші елдермен ынтымақтастық үшін 2024 жылға Takeda, Janssen, Bayer, Stada, Pfizer және Polpharma сияқты жаһандық ойыншылардың зауыттарына бірқатар сапарлар жоспарланғанын атап өткен жөн.

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ

Отандық өндірісті қолдау Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні қолдау шеңберінде отандық өндірушілер үшін преференциялар көзделген:

  • тендерлік рәсімдерді өткізу кезіндегі басымдық;
  • фармацевтика саласында 10 жыл мерзімге фармацевтикалық өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасасу түріндегі қолдау шарасы.

2009-2024 жылдар аралығында Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуында қазақстандық препараттар үлесінің жоспарлы түрде өсуі байқалады. Отандық препараттардың басым бөлігі отандық өндірушілермен 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасасу арқылы сатып алынады.

Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор және 35 отандық тауар өндірушілер арасында дәрі-дәрмектің 3948 атауын (613 – дәрілік заттар, 3335 – медициналық бұйымдар) беруге жасалған 94 ұзақ мерзімді шарт қолданыста, оның ішінде 44 ұзақ мерзімді шарт дәрілік заттарға және 50 ұзақ мерзімді шарт-медициналық бұйымдарға жасалған.

Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде Бірыңғай дистрибьютор Тізбесі бойынша сатып алудың оң серпіні байқалады, бұл отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесінің жыл сайын ұлғаюын көрсетеді. Мысалы, 2012 жылы дәрі-дәрмектің 182 атауы, ал 2022 жылы 848 атауғы жеткізілді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 759-ға, ал 2024 жылы-702-ге тең.

Айта кету керек, соңғы 10 жылда отандық өндірушілерден сатып алу динамикасы 8,6 есеге өсті. Егер 2013 жылы ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде отандық өндірушілерден сатып алу сомасы 15,9 млрд теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 137,55 млрд теңгеге тең.

Бірыңғай дистрибьютор конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде және мәлімделген атауларға бұрын жасалған ұзақ мерзімді шарттар болмаған жағдайда отандық дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілермен немесе келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен ұзақ мерзімді шарт жасасады.

Бұл ретте келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен патенттелген бірегей дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу ҚР аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске ұсынылған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Осылайша, шартқа қол қойылғаннан кейін өндіруші он жылдық мемлекеттік тапсырысты (офтейк келісімшарт) алады, бұл ретте өндіруші дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің (ISO 13485) халықаралық стандартының талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару өндірісінің жұмысын жолға қоюға міндеттенеді.

ТОПТЫҚ САТЫП АЛУ

Пациенттер үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру үшін Қазақстан мен Қырғызстан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайту жолымен бірлескен сатып алуды жүргізуге бастамашылық жасады.

Бастама ресми түрде СҚ-Фармация және Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК арасында жасалған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум түрінде бекітілді. Құжатқа қол қою 2023 жылдың қазан айында «Global Pharm» III Халықаралық фармацевтикалық форумының алаңында өтті.

Бірлескен сатып алу – бұл дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін әлемдік тәжірибе. Оның негізгі мақсаты нақты медициналық қарсы шараларға әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету және жеткізілім қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ теңдестірілген бағаларды белгілеу болып табылады.

Бұдан басқа, мұндай механизм денсаулық сақтау саласында елеулі трансшекаралық қатердің туындауына дайын болу үшін неғұрлым мұқтаж елдерге бірінші кезектегі жеткізілімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның жарқын мысалы – Дүниежүзілік пандемия.

Бірлескен сатып алу рәсімі бүкіл әлемде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, пандемия кезінде Еуропалық одақ 25 еуропалық мемлекет қатысқан бірлескен сатып алу механизмдерін пайдалана отырып, бірқатар сатып алуларды жүзеге асырды. Осылайша, бұл денсаулық сақтау саласындағы трансшекаралық сын-қатерлерге қарсы тұрудың негізі болды.

Бірыңғай дистрибьютор Қырғыз Республикасы үшін дәрі-дәрмектерді пилоттық топтық сатып алуды 2024 жылы өткізуді жоспарлауда. 2024-2025 жылдары дәрі-дәрмектерді топтық еларалық сатып алу операторы ретінде СҚ-Фармацияны анықтау бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу қаралуда.

Топтық сатып алудың әсері:

  • Орталық Азия және Моңғолия елдерінің қажеттілігіне сәйкес көлемді шоғырландыру;
  • отандық өндірістің экспорттық әлеуетін жоғарылату;
  • өндірушілердің және өнім берушілердің сатып алуға мәлімделген көлемдерге баға жеңілдігі, бюджет қаражатын үнемдеу;
  • Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін топтық сатып алу кезінде үнемдеу есебінен халықты қамтуды ұлғайту;
  • фармацевтикалық өнімдердің үздіксіз және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін ағынды және бірыңғай логистикалық тізбекті қалыптастыру;
  • өнім берушілерге қойылатын міндетті талаптарға байланысты сатып алынатын тауарлардың сапасына кепілдік (GDP, GMP);
  • исключение потока «серого импорта», экономия адм. и трудовых ресурсов.
  • «сұр импорт» ағынын алып тастау, әкімшілік және еңбек ресурстарын үнемдеу.

АХҚО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2024 жылдың қаңтар айында келісімшарттық өндірісті одан әрі дамыту және Қазақстанға жаһандық ойыншылардың инвестицияларын тарту үшін «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - өзара қызығушылық тудыратын мәселелерде ынтымақтастық үшін ортақ негіздерді қамтамасыз ету. Құжат тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың бағыттары мен нысандарын айқындау жөніндегі практикалық қызметті үйлестіруде бірлескен жұмысты көздейді.

АХҚО-мен ынтымақтастық компанияны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, өйткені бұл шетелдік инвесторларға сенімді құқықтық базаны, тәуелсіз сот жүйесін, дамыған қаржылық инфрақұрылымды, инновациялар мен сараптаманы ұсына отырып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін Орталық Азия және Шығыс Еуропа өңіріндегі жетекші қаржы орталығы.

АХҚО қатысушыларының қызметін реттеу Англия мен Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген АХҚО Актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

АХҚО шетелдік инвесторларға болжамды және таныс құқықтық ортаны, сондай-ақ бизнесті ыңғайлы жүргізу үшін қажетті қаржылық қызметтердің кешенді экожүйесін ұсынады.

Осы келісім фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және шетелдік фармацевтикалық компанияларды тартуға бағытталған инвестициялық жобаларды дамыту шеңберінде АХҚО алаңында ынтымақтастық үшін негіз болады. Сонымен қатар, қол қойылған меморандум байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция.

КЛАСТЕРЛІК БАСТАМАНЫ ДАМЫТУ

Мемлекет Басшысы қойған мақсаттарды табысты іске асыру үшін және халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор елде медициналық-фармацевтикалық кластерлер құруға бастамашылық жасады. Астана, Ақтөбе және Шымкентте кластерлер құру туралы ҚР ДСМ-нің бұйрығы күшіне енді және жол карталарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әр кластердің өзіндік ерекшелігі бар. Шымкент кластері дәрілік заттарды өндіруге бағытталған, Ақтөбе бойынша кластерлік аймақ медициналық техниканы өндіруге бағытталған, ал елордалық кластер фармацевтика саласын интеллектуалды сүйемелдеуге бағытталған.

Жоғарыда аталған қалалардағы кластерлік аймақтар осы өңірлерде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін ірі медициналық және техникалық жоғары оқу орындарының, өндірістік алаңдардың және клиникалық базалардың болуына байланысты таңдалды.

Кластер отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ кооперациялық өзара іс-қимылды кеңейту арқылы инновациялық технологияларды енгізу мақсатында қалыптастырылады.

Медициналық-фармацевтикалық кластерлердің міндеті – импортты алмастыратын дәрі-дәрмектерді жасауға, оның ішінде ұзақ мерзімді әлеуетті пайдалану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Кластерлерде GXP енгізу түріндегі интеграциялық байланыстар, жаңа бизнес-модельдер, кадрларды даярлау, олардың үздіксіз кәсіби дамуы, дәрілік заттарды, фитопрепараттарды, медициналық бұйымдарды әзірлеу, технологияларды жаңғырту және әзірлеу, клиникалық зерттеулер, оның ішінде диагностика, емдеу, сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі технологиялар трансфері көзделген.

Бұл жағдайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Roche компаниясымен қол қойған негіздемелік келісім шеңберінде Швейцарияға үкіметтік сапар барысында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің базасында INVITRO диагностика оқу орталығын құру маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның Технодолина Вонжу (WMIT) медициналық өнеркәсіп кластері қаласы кластерге айтарлықтай әсер етеді. Ынтымақтастық білім беру компонентін дамыту үшін кластердің ЖОО және ғылыми-өндірістік секторларының бірлескен өзара іс-қимылын, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық технологиялар саласында жұмыс істейтін ірі шетелдік компаниялардың R&D-бөлімшелерін ашуды көздейді.

Сонымен қатар, елордада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында дәрігерлерді клиникалық оқытуға арналған Қазақстандағы алғашқы GE HealthCare Academy Оқу орталығының ашылуы өтті.

Мақсаты – Қазақстанның диагностик-дәрігерлерінің (ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің) біліктілігін арттыру. Ол бейінді мамандар мен сарапшыларға медициналық жабдықта жұмыс істеу дағдыларын игеруге, күнделікті тәжірибеде заманауи клиникалық мүмкіндіктерді пайдалануға және жабдықты пайдалану мерзімі ішінде медициналық персоналдың жұмыс істеу дағдыларының жоғары деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесетін болады. Бұл саланың кадрлық әлеуетін нығайтады.

GE HealthСare Academy оқу орталығының ашылуы нақты болды, соның ішінде Бірыңғай дистрибьютордың GE HealthСare жетекші американдық вендорымен онлайн және офлайн форматтағы бірқатар келіссөздер мен кездесулер жолында тығыз қарым-қатынасы арқасында.

Фармацевтикалық кластерлерді дамыту үшін отандық ғылыми-зерттеу институттарын, R&D типті ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарға орналастыру үлкен ынталандыру болады.

Елімізде медициналық-фармацевтикалық кластерлер құрылғанға дейін Бірыңғай дистрибьютор медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құрудың корейлік тәжірибесін зерделеді және Оңтүстік Кореяға сапары кезінде ірі кластерлерге барып, олардың жұмысымен таныса алды. Жаһандық биокластерлердің сәттілік тарихы да зерттелді. Мысалы, Сан-Диего, Сингапур, Бостон, Жапониядағы кластерлер.

Қазіргі уақытта СҚ-Фармация «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және экономикалық зерттеулер институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, «Қазақтелеком»АҚ-мен бірлесіп таңбалаудың пилоттық жобасы бойынша жұмыс жүргізілді.

Жоспарда – «Бәйтерек» холдингімен және еліміздің бірқатар озық медициналық жоғары оқу орындарымен меморандум жасасу. Міндет – қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі дәрілік брендтердің елге кіруі үшін алаңды қамтамасыз ету.

ЛОГИСТИКАЛЫҚ ФАРМХАБ ҚҰРУ

Қазақстанның сауда-логистикалық хаб ретінде дамуы шеңберінде Орталық Азияда логистикалық фармацевтикалық хаб ашу орынды. Бұл дәрі-дәрмектерді тез және тиімді бөлу үшін қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дәрі-дәрмектерді жеткізу жүргізілетін фармацевтикалық нарықтың бірқатар әлемдік ойыншыларында логистикалық хабтар бар. Орта Азияда фармхабтың ашылуы елге жеткізілімдерді күту уақытын едәуір қысқартуға және препараттарды алуға кезектің болмауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысының Қазақстанда тауар топтарын индустрияландырумен сауда-көлік хабын, қойма және көлік логистикасы жүйесін дамыту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық хабтың тұрақты клиенті бола отырып, осы орасан зор жобаның бір бөлігіне айналды.

Бірыңғай дистрибьютордың логистика жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемі Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 ірі хабтан өңірлердегі жедел қоймаларға бөлінетіндей етіп құрылған.

Бұл дәрі-дәрмектерді тасымалдау қашықтығын төрт есе қысқартуға, тиімділік пен уақтылықты арттыруға мүмкіндік берді. Бірақ, ең бастысы, форс-мажор жағдайында логистикалық компаниялардың кез-келгені екіншісін алмастыра алады, бұл жеткізілімнің бұзылу қаупін азайтады. Логистиканы жетілдіру мақсаттарының бірі әрбір жеткізу буынының үздіксіз жұмыс істеуі бөлігінде логистиканың тиімділігін арттыру болып табылады.

Елдің географиялық ерекшеліктерін, ағымдағы халықаралық логистикалық ағындарды ескере отырып, Алматы және Астана қалаларында фарм ХАБтарды салу/дамыту орынды.

Тауар ағындарын ұстап қалу, кейіннен көрші нарықтарға жеткізу үшін тауарлар өндірумен шоғырландыру, жаһандық жеткізу тізбектерін, келісімшарттарды басқаруды қоса алғанда, қызметтердің толық циклін дамыту Қазақстанның өңірдегі сөзсіз экономикалық көшбасшы ретіндегі ұстанымын бекітеді.

INVESTMENT GUIDE BOOK

Қазақстанның фармацевтика саласына шетелдік инвесторларды тарту үшін Бірыңғай дистрибьютор мен Kazakh Invest арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат шеңберінде тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдайды.

Компанияның басымдығы Қазақстан аумағында келісімшарттық өндіріс шеңберінде инвестициялар тарту және инновациялық фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканы жергіліктендіру болып табылады.

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау және фармацевтика саласын дамыту Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор Kazakh Invest-пен бірлесіп әлеуетті инвесторларға нұсқаулық - INVESTMENT GUIDE BOOK дайындады.

Нұсқаулықтың міндеті – «бір терезе» қағидаты бойынша қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі дәрілік брендтердің елге кіруі үшін алаңды қамтамасыз ету.

Investment Guide Book артықшылықтары:

  • нарыққа кіру рәсімдері туралы инвесторлар үшін ақпараттың қолжетімділігі;
  • инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторды қолдау құралдары;
  • инвесторлардың мемлекетпен байланысы үшін бірыңғай нүкте.

Қорытынды

Қазақстан экономиканы жаңғыртуды табысты іске асыру үшін қажетті инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі. Қымбат инновациялық өнімдер өндірісін дамытуға, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілетуге, сондай-ақ кластерлік бастаманы дамытуға түйінді мән беріледі.

Фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор ірі брендтердің елге кіруі үшін қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейінгі алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Жаһандық ойыншылардың отандық нарыққа кіруін оңайлату мақсатында Бірыңғай дистрибьютор нормативтік актілерді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді, олар бүгінгі күні елде әлемдік вендорлардан медициналық техника өндірісін, Bigpharma-дан бірегей инновациялық дәрі-дәрмектер өндірісін оқшаулауға, сондай-ақ Қазақстанда жаңа өндірістердің даму қарқынын және іске қосылуын арттыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі маңызды басымдық ҚР аумағында келісімшарттық өндіріс шеңберінде инновациялық фармацевтикалық өнімге инвестициялар тарту болып табылады.

Фармацевтика өнеркәсібінде келісімшарттық өндірушілерді пайдалану шығындарды азайтуға, ішкі қуаттарды төмендетуге және жаңа нарықтарға шығуға бағытталған бірнеше онжылдықтар бойы өсіп келеді.

Жетекші шетелдік компаниялармен, соның ішінде BigPharma арасынан ынтымақтастық Қазақстанға жаңа технологияларды ғана емес, денсаулықты түсіну мен оған қол жеткізудің кешенді тәсілі болып табылатын тұтас денсаулық философиясын әкеледі.

Өндірісті, сондай-ақ олардың кеңселерін оқшаулау арқылы BigPharma-ны отандық нарыққа тартудың арқасында Қазақстан жақын және алыс шет елдерге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды таратуға арналған алаң болатын фармацевтикалық хабтың берік инфрақұрылымын құруға жақындай түсуде.

Біз ТОП-50 БигФарма жобасының негізгі әсерлерін күтеміз: Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін заманауи қайта жарақтандыру, оның қуаттылығының жылдам өсуі, бірегей өнімдердің жаңа желісінің жоғары экспорттық әлеуеті, сондай-ақ бірегей дәрі-дәрмектер өндірісімен өзара іс-қимылда фармацевтиканы дамыту және фарминдустрияның кадрлық әлеуетін арттыру.

Бүгінгі күні қолда бар барлық күш-жігер мен нәтижелер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында отандық өнеркәсіпті үдемелі дамыту және оны кластерлеу үшін кешенді тәсілдің үлгісі болып табылады.

Бірыңғай дистрибьютор, өз кезегінде, 2009 жылдан бастап, ал қазір жергілікті алаңдар базасында келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен дәрілік заттарды ұзақ мерзімді сатып алуды қамтамасыз ете отырып, осы шаралардың жолсерігі болып табылады.

Жұмыс қарқынын арттырып, даму мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Қазақстанда саланың негізгі ойыншысы болудың, инновациялық бірегей препараттарды шығарудың, халықты қамтуды және отандық өндірістің экспорттық әлеуетін арттырудың барлық алғышарттары бар. Мұндай мақсатқа үздіксіз жан-жақты жұмыс пен бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізген жөн.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще