Жаңалықтар
23.05.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңҰлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының, сондай-ақ «Қазақстан Мединдустриясы» салалық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің Төрағасы Нұртөре Жүсіп алғашқы сөз сөйлеп, Қазақстанның фармацевтика саласы – стратегиялық секторды дамытудың ұлт денсаулығы мен елдің экономикалық өсуі үшін маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютор басшысы Ерхат Искалиев қонақтарға басты мақсат – халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету екенін айтты. Бірыңғай дистрибьютор инновациялық технологияларды енгізу, инвестицияларды тарту және қазақстандық кәсіпорындар базасында жаһандық ойыншылардың өндірісін жергіліктендіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Бірыңғай дистрибьютордың қызметі туралы тақырыпты жалғастыра отырып, қатысушыларға презентация ұсынылды. Сенаторларға Денсаулық сақтау жүйесіндегі бірыңғай дистрибуцияның рөлі туралы айтылды, ол ТМККК және МӘМС шеңберінде халық үшін дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдықтарды тең үзіліссіз қамтамасыз етуді және уақтылы сатып алуды, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауды қамтиды.

Кездесуге қатысушылар Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тәсілдерімен танысты – ұзақ мерзімді шарттар арқылы, тікелей келісімшарттар, халықаралық ұйымдар және сатып алу веб-порталындағы екі кезеңдік тендер. 2010 жылдан бастап Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу – 11 есеге, ал атаулар саны – 2,2 есеге ұлғайған.

Фармацевтика саласында ұзақ мерзімді келісімшарттар түрінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шаралары жеке тақырып болды. Соңғы 15 жылда Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуда қазақстандық дәрі-дәрмктер үлесінің жоспарлы өсуі байқалады, олардың басым бөлігі ұзақ мерзімді шарттар арқылы сатып алынады.

Инвестиция тарту тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Бірыңғай дистрибьютор өндіріс және технологиялар трансферті жобалары бойынша саланың жаһандық ойыншыларымен тұрақты жұмыс жүргізеді. Серпінді нәтиже – Pfizer және Roche фармалыптарымен Қазақстанда бірегей инновациялық дәрі-дәрмектерді келісімшарттық өндіруге ұзақ мерзімді шарттар жасасу болды. Ынтымақтастық туралы келісімдерге AstraZeneca UK Limited, Novo Nordisk, Bayer және Johnson&Johnson компаниялары да қол қойды.

Осындай жұмыс медициналық техниканың ірі вендорларымен де жүргізіледі. Стратегиялық жұмыстың арқасында елде бірқатар Қытай және Оңтүстік Корея вендорларымен өндіріс жолға қойылды. General Electric, Canon және Philips сияқты ірі компаниялармен қол қою жоспарлануда.

Презентацияның қорытынды сөзі Тиімді медицина моделіне арналды, оның негізгі көрсеткіштері – өлім-жітімнің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы болып табылады. Модель үш бағыттан тұрады – білікті медицина кадрларының пулын қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен және инновациялық дәрі-дәрмектермен жарақтандыру.

Тағы бір баяндама дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы тақырыбында ұсынылды. Депутаттарға емдеуде жағымсыз реакция немесе дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тиімсіздігі анықталған кезде пациенттер толтыратын сары карточка сияқты құрал туралы айтылды.

Бірыңғай дистрибьютор «сары карточкалар» сияқты кері байланыс құралдарын пайдалана отырып, жеткізушілерге қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық медициналық мекемелерді қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерін басымдыққа қояды.

Бірыңғай дистрибьютордың қызметі туралы баяндама аяқталғаннан кейін қатысушылар Қазақстанның фармацевтика саласының жай-күйі мен даму перспективалары бойынша талқылауды бастады. Мемлекет басшысы отандық өндірушілерден сатып алу үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізуді тапсырғаны белгілі.

Аталған мақсатқа R&D орталықтарын, логистикалық фармхабты, оригиналды дәрі-дәрмектерді өндіруге баса назар аудара отырып, толық циклді өндіріс жағдайларын, BigPharma және медициналық техниканың әлемдік вендорларымен стратегияларды құру және консалтингті, сервистік қолдауды, акселерацияны және білім беру бағдарламасын қоса алғанда, экспортты ілгерілету арқылы қол жеткізу орынды.

Айта кетейік, сенаторлар Бірыңғай дистрибьютордың елордалық қоймасына барып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және жөнелту процесімен танысты. Депутаттарға логистиканы жақсарту үшін қабылданған шаралар – жеткізудің жаңа алгоритміне көшу, формат статикалық форматтан динамикалыққа өзгерту туралы айтылды. Дәрі-дәрмектерді тасымалдау үшін қашықтықты бірнеше есе қысқартуға, жеткізілімдердің жеделдігі мен уақтылығын арттыруға мүмкіндік туды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді. Бірлескен күш-жігермен инвестицияларды тарту және инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бар, бұл қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі кездесу – өршіл мақсаттарға жету жолындағы тағы бір қадам. Фармацевтикалық нарықтың барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысының, мемлекеттік қолдаудың және халықаралық ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан елеулі табыстарға қол жеткізе алады және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще