Байланыс орталығы 1439
  • ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР: СҚ-ФАРМАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
Жаңалықтар
06.03.2025

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР: СҚ-ФАРМАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Бүгін «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Еркен Жақатай Қытайдың жетекші фармацевтикалық компанияларының өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. Келіссөздер өндірісті жергіліктендіруге, тікелей жеткізілімдерді кеңейтуге және денсаулық сақтау саласындағы серіктестіктерді нығайтуға бағытталған.

Бірінші болып Қытай мен Азиядағы ең ірі фармацевтикалық компания – Sinopharm International Technology Limited Company өкілдерімен кездесу өтті. Қытай тарапынан Shi Hongwei вице-президенті, Lyu Qinhao маркетинг жөніндегі директоры және Xue Yayu бизнес-менеджері, сондай-ақ Sinopharm компаниясының Қазақстандағы стратегиялық серіктесі – «INKAR» ЖШС коммерциялық директоры Шыңғыс Сапарбеков қатысты.

Келіссөздер барысында Sinopharm вице-президенті Қазақстан аумағында бірқатар дәрі-дәрмектер өндірісін жергіліктендіруге және СҚ-Фармациямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделілік білдірді. Компания өкілдері сондай-ақ қандай дәрілік заттарға қазақстандық нарықта ең үлкен қажеттілік байқалатынын нақтылады.

Еркен Жақатай өз кезегінде Sinopharm-ға Қазақстанда өндірісті құруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, бұл отандық фарминдустрияны дамыту үшін қуатты ынталандыру болатынын және озық технологиялар трансферін қамтамасыз ететінін атап өтті. Басқарма төрағасы сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыратын өндірушілермен тікелей келісімшарттар шеңберінде сатып алуды кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дәрілік заттарды жеткізу бойынша тікелей келісімшарт жасасуға, сондай-ақ Қазақстанда Sinopharm өнімдерін жергіліктендіру жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар, Еркен Жақатай Қытайдың тағы бір ірі фармацевтикалық компаниясы – Shanghai United Сell Biotechnology Co. Ltd өкілдерімен кездесті. Келіссөздерге мемлекеттік органдармен жұмыс және нарыққа кіруге рұқсат беру департаментінің басшысы Li Hongying қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді жоспарлары, соның ішінде өндірісті жергіліктендіру және жеткізілімдерді кеңейту болды. Li Hongying СҚ-Фармациямен алғашқы кездесуден кейін олардың командасы қазақстандық фармацевтикалық нарыққа терең талдау жүргізгенін, дәрілік заттарды тіркеу процесін зерделегенін және өз өнімдерін нарыққа шығару үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге кіріскенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Shanghai United cell Biotechnology «QazBioPharm» Ұлттық холдингімен дәрі-дәрмектерді буып-түю және қаптама бойынша бірлескен жоба жүргізіп жатқанын және ағымдағы жылдан бастап барлық қажетті талаптар мен процестерді талқылай отырып, Қазақстанға тікелей жеткізуді бастауға дайын екенін атап өтті.

Еркен Жақатаев СҚ-Фармацияның өндірушілермен тікелей ынтымақтастыққа мүдделі екенін растап, бұл бюджет шығындарын қысқартып қана қоймай, қазақстандықтарды сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін өзара іс-қимыл тетіктерін егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға келісті.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
19 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
14 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"