Жаңалықтар
03.04.2024

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізілді.

Қызметкерлердің назарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі жөніндегі функцияларды жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес компания штатына енгізілген комплаенс-офицер қызметінің функционалдық бағыттары туралы ақпарат жеткізілді.

Серіктестіктің Комплаенс-офицері компания ұжымына сыбайлас жемқорлық санатына жатқызылған қылмыстық кодекстің баптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жаза түрлері мен айыппұл санкцияларының мөлшері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, азаматтардың кірістері мен шығыстарын декларациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты алдын алу шаралары туралы айтылды.

Қорытындылай келе, комплаенс-офицер серіктестік қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құпия ақпараттандыру тәсілдері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау және ынталандыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще
16 декабря 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"