Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10 қазанындағы (№32 хаттама) шешімімен «СҚ-Фармация» ЖШС Корпоративтік этика кодексі бекітілді.
Іскерлік этика кодексі Компанияны дамыту үшін Қазақстан Республикасының этикалық нормалары мен заңнамасының нормаларын қолдану негізінде корпоративтік басқару процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін және мүдделі тұлғалармен табысты өзара әрекеттесуге көмек көрсететін басқарушылық құралы болып табылады.
Серіктестіктің қызметі қалыптастыратын негізінде корпоративтік құндылықтардың мынадай негіз қалаушылары: мүдделі тұлғаларға және тұтастай алғанда Компанияға, оның Қызметкерлерінің адалдығы, кәсібилігі, әділдігі, адалдығы, жауапкершілігі мен сенімділігі, олардың еңбегінің тиімділігі, өзара көмек, бір-біріне сыйластық болып табылады.
Серіктестіктің Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға, Жалғыз қатысушының, Байқау кеңесінің және мемлекеттік органдарының шешімін, Жарғының талаптары мен Компанияның қызметіне тиесілі өзге де құжаттардың орындалуын талап ету;
- адам құқықтарын сақталуын және құрметтеуді қамтамасыз ету;
- әділ және адал әрекет ету, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзбауға, яғни, өз функцияларын жүзеге асыру кезінде қандай да бір пара, заңсыз сыйақыларды, өзге де игіліктер мен артықшылықтарды қабылдамау, коммерциялық параға сатып алу не өзге де құқыққа қарсы іс-тәжірибесінің, оның ішінде іскерлік практикада қабылданғанды (сонымен қатар, мұндай сыйлықтар елеулі болмауы тиіс және жиі сыйлау мен қабылдамауы тиіс) қоспағанда, сыйлықтарды сыйлау және алу практикасының объектісі ретінде болмау;
- іскерлік серіктестерге негізсіз жеңілдіктер мен артықшылықтар жол бермей, іскерлік серіктестермен өзара тиімділік, айқындық пен өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық жауапкершілік принциптерінде өзара іс-әрекеттерге ұмтылу
- келісім-шарттардың/шарттардың талаптарын сақтауға, жұмыс барысында ең аз бағаны, үздік сапаны, тауарларды, қызметтерді жеткізу шарттарын ұсынатын және жақсы беделге ие болатын тауарлардың және қызметтердің өнім берушілерін таңдау;
- экономикалық жағынан тиімді және орынды болған жағдйда әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге оң әсер етуге, жаңа жұмыс орындарын құру мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға талпыну;
- беделі күмәнді заңды және жеке тұлғалармен ынтымақтастықтан бас тарту.