1973 жылы туған.
1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2007 жылы – Қаржы академиясын бітірген: қаржы магистрі.
Жұмыс өтілі – 27 жыл.
Еңбек жолын 1996 жылы Орал қаласы Облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері лауазымын қоса атқара отырып, маркетинг бөлімінің бастығы болып бастады.
Әр жылдары – «Ordeх» ЖШС-нің директоры; БҚО Облыстық онкологиялық диспансерінде рентгенолог дәрігері; Орал қаласының №4 қалалық емханасының директоры; БҚО Денсаулық сақтау департаментінің Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы; ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, комитет Төрағасының орынбасары; «Қазмедтех» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасының орынбасары; «MedPharm MT» ЖШС-нің Бас директоры; «Medilab» ЖШС-нің директоры; «Қазақстан Мединдустриясы» медициналық бұйымдар мен медициналық өнімдерді отандық өндірушілер одағы» ЗТБ дирекциясының атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы.
2024 жылғы 2 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
2024 жылғы 18 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Басқарма Төрағасның міндеттерін атқару жүктелді.