ОТӨ-мен ДЗ және ММБ жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес отандық өндірісті қолдау Бірыңғай дистрибьютор қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының ережелерінде отандық тауар өндірушілермен және келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібі көзделген:

1) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

3) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі.

Бірыңғай дистрибьютор конкурс/екі кезеңдік тендер қорытындылары хаттамасының негізінде және мәлімделген атауларға бұрын жасалған берудің ұзақ мерзімді шарттары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілерімен немесе келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен ұзақ мерзімді шарт жасасады.

Осылайша, шартқа қол қойылғаннан кейін өндіруші он жылдық мемлекеттік тапсырыс (оффтейк келісімшарт) алады, бұл ретте өндіруші дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық бұйымдар үшін сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандарты (ISO 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару жөніндегі өндірісті жолға қоюға міндеттенеді.

Бүгінгі күні 35 отандық тауар өндірушілермен ДЗ мен МБ 4 827 атауын (979 ДЗ мен 3 848 МБ) беруге жасалған 89 ұзақ мерзімді шарт қолданыста болуда, оның ішінде ДЗ-ға 42 ұзақ мерзімді шарт және МБ-ға 47 ұзақ мерзімді шарт жасалған.

Дәрілік заттардың 979 атауы және медициналық бұйымдардың 3848 атауы.

ОТӨ ДЗ және ММБ жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасағандар

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее