Байланыс орталығы 1439
  • Қазақстан Республикасында медициналық жабдықтарды оқшаулауға және медициналық жабдықтармен жарақтандыру саласындағы өмірлік цикл келісімшарттарына инвестициялар тарту

Қазақстан Республикасында медициналық жабдықтарды оқшаулауға және медициналық жабдықтармен жарақтандыру саласындағы өмірлік цикл келісімшарттарына инвестициялар тарту

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуге бағыт берілді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды орындау үшін Бірыңғай дистрибьютор медициналық техниканың әлемдік өндірушілерімен орталықтандыру тетіктерін әзірлеу, оның ішінде өндірісті оқшаулау шарттарында жұмыс істей бастады.

Бірыңғай дистрибьютор кең ауқымды қызметтер ұсынатын немесе өндірісте барынша стратегиялық маңызды және ұзақ мерзімді рөл атқаруға дайын келісімшарт өндірушілерін табуға мүдделі. Медициналық жабдықтар мен шығын материалдарын өндіру инвестициялар үшін ашық және мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

Медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу функциясын бере отырып, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің алдына республика шеңберінде сатып алуды орталықтандыру және екі сатылы тендерлік рәсімдерді қолдану есебінен оның құнын төмендету, сатып алынатын жабдықтың сапасын одан әрі арттыру және оның жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.