Құрметті азаматтар, «СҚ-Фармация» ЖШС-де, сондай-ақ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепті емес мінез-құлық, құқыққа қайшы және өзге де заңға қайшы әрекеттер фактілері туралы мәліметтер болған жағдайда төмендегі тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен, оның ішінде құпия (анонимді) негізде хабарлай аласыз:
- 1439 нөмірі бойынша «Сенім телефоны»;
- senim@sk-pharmacy.kz электрондық поштасы;
- Серіктестіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құқық бұзушылық туралы хабарлау» бөлімінде.
Өтініш білдірген адамдарға құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі, құқықтары мен мүдделері толық қорғалады.
«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС-і ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2023 жылдың 23 мамырынан 3 шілдесіне дейін «СҚ-Фармация» ЖШС-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
«СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1) «СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «СҚ-Фармация» ЖШС-і ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары бойынша ақпарат пен ұсыныстарды senim@sk-pharmacy.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Веб-сайт арқылы хабарламаны қосымша жіберуге болады: