Компанияның жаңа басшылығы қабылдаған ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша алғашқы қадамдардың бірі – «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанынан қоғамдық жұмыс тобын құру. Осыған байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС-да жұмыс тобы құрылды, оның құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кірді. Дәрілік қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы азаматтық қоғамның пікірін, сындарлы сынын, өткір мәселелерді көтеріп, компанияның жұмысын жолға қою және адамдардың сенімін қайтару үшін әрі қарай қалай жүру керектігі туралы ұсыныстар енгізеді. Жұмыс тобының құрамына ашық және сындарлы диалогқа дайын, қиын мәселелерді көтере алатындар, оларды шешу және іске асыру жолдарын бірге іздей алатын қоғам қайраткерлері шақырылды.
Жұмыс тобына барлығы 22 адам кірді. Жұмысқа қатысуға көптеген беделді адамдар келісті. Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, саланың беделді сарапшылары, пациент ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың өкілдері кірді.
Жұмыс тобының мүшелері жұмыс тобы ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанындағы кеңесші органның құқықтық мәртебесін қабылдау туралы шешім қабылдады.
Жұмыс тобының мүшелері «СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметіндегі проблемалық мәселелер – дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру, жоспарлау, логистика, отандық өндіріс, Ақпараттық технологиялар, таңбалауды енгізу, BigPharma бағдарламасын дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялар өткізеді.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс тобының мүшелері қоймаларға мониторинг жүргізе алады, ауруханалар мен дәріханалардың қажеттіліктерін болжай алады, ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жөнелту уақытын өлшей алады, сондай-ақ сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен келіссөздерге бақылаушы ретінде қатыса алады.
Жұмыс тобының мүшелері құрамына кірмеген сарапшылар мен жұртшылық өкілдерін келесі отырыстарға қатысуға шақыру туралы шешім қабылдады.
«СҚ-Фармация» ЖШС-і қоғамдық жұмыс тобы мүшелерінің тізімі:
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
1 |
Бәлиева Зағипа Яхияқызы |
Қазақастан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты |
2 |
Клименко Иван Иванович |
Қазақастан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты |
3 |
Аманжолова Зәуреш Жұманалиқызы |
Қазақастан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты |
4 |
Қожахметов Асылбек Базарбайұлы |
«Almaty Management University» Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Аспандау» ҰОФ Басқарма мүшесі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ-і кеңесінің мүшесі, «EL TIREGI» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы» ЗТБ мүшесі |
5 |
Ошақбаев Рахим Сәкенұлы |
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Республикалық арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары |
6 |
Нұрғожин Талғат Сейітжанұлы |
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры |
7 |
Сұлтанов Руслан Серікұлы |
«Экономикалық зерттеу институты» АҚ-ы Басқарма Төрағасы |
8 |
Исинғарина Жанна Серікқызы |
«Қазақстанның салалық медиа қауымдастығы» ЗТБ-і Төрайымы |
9 |
Өтепова Гүлнәр Данифқызы |
«Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар қауымдастығы» ЗТБ-і Төрайымы |
10 |
Ясылов Ермек Аманғалыұлы |
Қауымдастық нысанындағы «Еуразиялық Медициналық қауымдастығы» ЗТБ-і Президенті |
11 |
Дурманова Марина Ивановна |
«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-і Президенті |
12 |
Манақпаева Гүлдария Жұмаханқызы |
«Қазақстанның ФармМедИндустриясы «Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-і атқарушы директоры |
13 |
Закиев Руслан Абуталипович |
«Қазақстан Республикасының диабеттік Ассоциациясы» ЗТБ-і Президенті |
14 |
Сүлейменов Әмір Төлегенұлы |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі, Үкімет жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «DAYR» ҚҚ-ы Бас директоры |
15 |
Идрис Дамирбек Абайұлы |
«Қазақстанның жас заңгерлер Альянсы» Республикалық жастар ұйымының Төрағасы |
16 |
Кожин Қобланбек Нұрмұханұлы |
Павлодар облысы бойынша Арнайы мониторингтік топтың басшысы |
17 |
Ассанди Әсет |
Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топтың басшысы |
18 |
Қожалиева Тоғжан Бақытжанқызы |
HAQ қозғалысының бастамашысы, Азаматтық бастамалар коалициясының мүшесі |
19 |
Макалкина Лариса Геннадьевна |
«Астана медицина университеті» КЕАҚ клиникалық фармакология кафедрасының доценті, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ-і Нұр-Сұлтан қаласы филиалының жетекшісі |
20 |
Тәукелова Саида |
Алматы қаласының қоғамдық бақылау үйлестірушісі, қоғам қайраткері |
21 |
Дутбаева Айсұлу Қабышқызы |
«Маңғыстау Медиа» медиахолдингінің директоры, қоғам қайраткері |
Қоғамдық жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсыныстар мен өтініштер