Қоғамдық жұмыс тобы

Компанияның жаңа басшылығы қабылдаған ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша алғашқы қадамдардың бірі – «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанынан Қоғамдық жұмыс тобын құру. Осыған байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС-да жұмыс тобы құрылды, оның құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар кірді. Дәрілік қамтамасыз етудің қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Қоғамдық жұмыс тобы құрылды.

Қоғамдық жұмыс тобы азаматтық қоғамның пікірін, сындарлы сынын, өткір мәселелерді көтеріп, компанияның жұмысын жолға қою және адамдардың сенімін қайтару үшін әрі қарай қалай жүру керектігі туралы ұсыныстар енгізеді. Жұмыс тобының құрамына ашық және сындарлы диалогқа дайын, қиын мәселелерді көтере алатындар, оларды шешу және іске асыру жолдарын бірге іздей алатын қоғам қайраткерлері шақырылды.

Қоғамдық жұмыс тобына барлығы 12 адам кірді. Жұмысқа қатысуға көптеген беделді адамдар келісті. Жұмыс тобының құрамына қоғам қайраткерлері, саланың беделді сарапшылары, пациенттік ұйымдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері кірді.

Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері жұмыс тобы ретінде «СҚ-Фармация» ЖШС-і жанындағы кеңесші органның құқықтық мәртебесін қабылдау туралы шешім қабылдады. 

Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері «СҚ-Фармация» ЖШС-і қызметіндегі проблемалық мәселелер – дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру, жоспарлау, логистика, отандық өндіріс, Ақпараттық технологиялар, таңбалауды енгізу, BigPharma бағдарламасын дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялар өткізеді.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс тобының мүшелері қоймаларға мониторинг жүргізе алады, ауруханалар мен дәріханалардың қажеттіліктерін болжай алады, ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жөнелту уақытын өлшей алады, сондай-ақ сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен келіссөздерге бақылаушы ретінде қатыса алады.

Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері құрамына кірмеген сарапшылар мен жұртшылық өкілдерін келесі отырыстарға қатысуға шақыру туралы шешім қабылдады.

Проблемалық мәселелер кітабы

Қоғамдық жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсыныстар мен өтініштер

 

«СҚ-Фармация» ЖШС жанындағы

Қоғамдық жұмыс тобының

МҮШЕЛЕР ҚҰРАМЫ

 

Аты-жөні

Қызметі

1

Бәлиева Зағипа Яхияқызы

«ВР Law Company» президенті

2

Аманжолова Зәуреш Жұманәлиқызы

«Акушерлік және гинекология мен перинатология ғылыми орталығы» АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы

3

1.     Сұлтанов Руслан Серікұлы

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның төрағасы

4

Исинғарина Жанна Серікқызы

«Қазақстанның салалық медиа Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы

5

Өтепова Гүлнәр Данифқызы

«Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы

6

Ясылов Ермек Аманғазыұлы

«Еуразиялық медициналық қауымдастық» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ президенті

7

Дурманова Марина Ивановна

«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығы» ЗТБ президенті

8

Манақпаева Гүлдәрия Жұмаханқызы

«Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры

9

Зәкиев Руслан Әбутәліпұлы

«Қазақстан Республикасының диабет Қауымдастығы» ЗТБ президенті

10

Ассанди Әсет

Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторинг тобының жетекшісі

11

Қожалиева Тоғжан Бақытжанқызы

HAQ қозғалысын құрудың бастамашысы, Мәжілістің қоғамдық палатасының мүшесі, Мәжілістің Денсаулық сақтау комитетінің мүшесі

12

Макалкина Лариса Геннадьевна

«Астана медицина университеті» КЕАҚ клиникалық фармакология кафедрасының доценті, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас клиникалық фармакологы



1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее