ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
каржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер
Тапсырыс беруші (квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектісі):
Қызмет көрсету орны: Астана қ.
Қызмет көрсету мерзімі: шарт жасалған сәттен бастап 40 (қырық) күнтізбелік күн ішінде
Өткізудің мақсаты: барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру
Тексерілетін кезең: 2024 жылғы 01 қаңтардан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Нәтижесі: 2024 жылғы қаржылық есептілік аудиті және салықтық шолу бойынша аудиторлық есепті ұсыну.
Қызметтердің сипаттамасы:
1) Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілген 2024 жылғы Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігінің аудиті барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес жеке қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігін тексеруді қамтиды.
2) Аудиторлық ұйым қаржылық есептілік аудитін Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық аудит стандарттарына (ХАА) сәйкес, ХАА және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, аудиторлық ұйымның басшысы бекіткен аудит бағдарламасы бар жекелеген шоттар бойынша материалдылық және жол берілетін қателік қағидатын қоса алғанда жүргізеді.
3) Құны қызметтердің жалпы құнына енгізілген аудиторлық тексеру жүргізу шеңберінде төменде көрсетілген ілеспе қызметтерді көрсету:
* ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды бағалау (оның ішінде аудиттелетін субъект қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қорларды есепке алу тәртібін бағалау, активтер мен міндеттемелерді бағалау, дебиторлық және кредиторлық берешекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен салыстыруды қоса алғанда, активтер мен міндеттемелерді түгендеуді жүргізу әдістері мен рәсімдері), сондай-ақ "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығына сәйкес;
* 2024 жылға салықтық шолу жүргізу (жазбаша есепті ұсынбай). Салықтық шолуды жүргізу салықтарды есептеудің дұрыстығын бағалауды, салықтық есепке алуды жүргізу әдістемесін талқылауды қамтитын аудиторлық рәсімдерді қозғауға тиіс. Бұл ретте, негізгі назар Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігі үшін салықтық тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігі неғұрлым маңызды болып табылатын мәселелерге аударылуы тиіс;
* аудит барысында консультациялар бойынша есептерді ұсынбай бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша консультациялар өткізу;
* бағдарламалық-техникалық жарақтандырудың жай-күйін және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің сенімділігін бағалау;
* аудиттелетін субъектінің тауарлықматериалдық қорларының (ДЗ және МИ) экономикалық көрсеткіштерін 2023 жылға және есепті кезеңнің алдындағы жылға талдау бойынша қорытындылар қалыптастыру. Бұл талдау тауарлық-материалдық қорлардың (ДЗ және МБ) түрлері бойынша өзіндік құн құрылымын бағалауды, тауарлық-материалдық қорлардың (ДЗ және МБ) өзіндік құнына қосылатын шығыстардың қалыптасу негізділігін тексеруді, қызмет нәтижелері бойынша кірістердің қалыптасуын бағалауды қамтиды.
* бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға байланысты мәселелер бойынша аудиттелетін субъектінің ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығын бағалау. Атап айтқанда, жүйелік қателіктердің туындауының себеп-салдарлық байланысын анықтау рәсімдерінде аудиттелетін субъектіге көмек көрсету, оларды кейіннен жою;
* бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде ішкі бақылау жүйесін бағалауға байланысты мәселелер бойынша аудиттелетін субъектінің ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау;
* ТМҚ қалдықтарын растау үшін негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге (қажет болған жағдайда, Тапсырыс берушімен келісім бойынша) және тауарлық-материалдық қорларға (ДЗ және МБ) түгендеу жүргізу. Аудит бойынша қорытындылар мен нәтижелер:
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша 1998 жылғы 20 қарашадағы №304 ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңының талаптарына және АХС стандарттарына сәйкес аудиторлық есеп жасалады
4-1) 2023 жылғы аудиторлық есептің түпнұсқаларын мынадай даналарда шығару: 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп қазақ тілінде кемінде 4 (төрт), орыс тілінде кемінде 4 (төрт) данада жасалады. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.
4-2) аудит нәтижелері бойынша аудиттелетін субъектінің басшылығына осы мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар бере отырып, ілеспе қызметтер тізбесіне енгізілген шолу нәтижелерін сипаттай отырып хат жасалады. Хатта бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің ағымдағы жай-күйін кешенді бағалау бойынша жалпы тұжырымдар келтіріледі, анықталған мәселелердің ауқымы нақтыланады және анықталған ескертулер мен ұсыныстарды жою бойынша ұсыныстар беріледі.
5) Жеткізуші 1998 жылғы 20 қарашадағы №304-I "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес аудиторлық ұйым болып табылуға және мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
5.1. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңының 24-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
5.2. аудитті жүзеге асыру кезінде мүліктік зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың болуы;
5.3. сапаны жүргізілген сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттарының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауын растайтын аудиторлық ұйым мүшесі болып табылатын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының болуы;
5.4. - "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 247-бабына сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкімшілік жазалардың аудиторлық қызмет көрсетуге шарт жасасу күніне дейін соңғы бір жыл ішінде болмауы;
5.5. Аудиторлық ұйымның басшысы немесе серіктес Тапсырыс берушімен ішкі нормативтік құжаттармен бекітілген құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасады.
6) Серіктестің "СК-Фармация" ЖШС қаржылық есептілік аудиті жөніндегі жобаға жеке қатысуы міндетті болып табылады.
7) ХҚЕС (кемінде 15 компания) сәйкес аудиторлық қорытынды дайындай отырып, аудиторлық қызметтер көрсетілген компаниялардың тізімін ұсыну.