«Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін «Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер енгізетін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасы жарияланды.
Өзгерістер кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде әзірленіп, сатып алу тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл азаматтар үшін медициналық бұйымдардың қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұсынылған шаралар жеткізілімдердің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жобаны талқылау 2024 жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15269640