Жаңалықтар
02.08.2023

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРГЕ ҮСТЕМЕ БАҒАНЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТТІ

2 тамызда ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау өтті.

Кәсіпкерлік кодексті іске асыру аясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі бекітілді және Агенттіктің ресми сайтында жарияланды.  Арнайы құқық субъектілеріне өз қызметін мемлекеттік реттелетін нарықта жүзеге асыратын Бірыңғай дистрибьютор да жатады.

Тізбе, сатудың шекті бағалары мен үстеме баға мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

Заңнамаға сәйкес арнайы құқық субъектілері қызметтің әрбір түрі бойынша, оның ішінде технологиялық байланысты қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығындар мен іске қосылған активтердің бөлек есебін жүргізуге міндетті.

Өз кезегінде, Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағасына монополияға қарсы орган сараптама жүргізеді. 2016 жылғы 15 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрі «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» тиісті № 134 бұйрықты бекітті.

Жария тыңдаулар – арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасын бекіту жөніндегі міндетті рәсімдердің бірі. Үстеме баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізу Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығын көрсетеді.

Талқылауға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» РҚБ, ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығы Қазақстанның ФармМедИндустриясы» ЗТБ, «Медицинадағы қоғамдық оқыту және тәуелсіз сараптама одағы» ҚБ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қарастырылып отырған үстеме баға жобасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша нақты шығындарға негізделеді. Ең үлкен шығындар логистикалық қызметтерге келеді – бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары, олар Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатумен байланысты шығындарының 45%-ын алады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің уақтылығы мен үздіксіздігі – бұл негізгі стратегиялық міндет. Бұл, өз кезегінде, COVID-19 пандемиясының тәжірибесі бойынша белгілі бір дәрі-дәрмектерге сұраныстың айтарлықтай өсуіне әкелетін ерекше жағдайлар аясында үлкен алаңдаушылық туғызады.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар аудандардың алшақтығына немесе жыл бойы қандай да болмасын жағдайларға қарамастан жеткізіледі. Медициналық мекемелердің көбі алыс, қолжетімсіз жерлерде орналасқан. Дегенмен, шалғай ауылдарға және қолайсыз ауа-райында да дәрі-дәрмектер қатаң түрде кестеге сәйкес жеткізіледі.

Сонымен қатар, елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістерді алдын алу мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын қорын қалыптастыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде – дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге, дұрыс емес жоспарлау тәуекелдерін митигациялауға, төтенше жағдайлар туындаған кезде дәрімен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Үстеме бағаны арттырудың тағы бір факторы – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қызмет ететін бірыңғай тарату жүйесінің рентабельділігі.

Жария тыңдау қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасымен үстемеақы мөлшері бойынша құжаттар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жолданды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее
Посмотреть еще