2024 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № 685 бұйрығымен «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрық ТМККК және МӘМС шеңберінде шекті бағаларды медициналық бұйымдардың бірқатар сауда атауларына өзгертуді көздейді.
Құжат 2024 жылғы 17 қазанда ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық бұйымның сауда атауына шекті баға аталып отырған бағдарламалар аясында осы бағадан жоғары сатып алынбауы үшін белгіленеді.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: