Байланыс орталығы 1439

Гуманитарлық көмек

«СҚ-Фармация» ЖШС-і гуманитарлық көмек алу бойынша бірыңғай оператор болып анықталды. 

Бірыңғай дистрибьютор барлық келіп түсетін гуманитарлық көмекті алушы ретінде әрекет етеді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша медициналық ұйымдар арасында медициналық өнімді біркелкі бөлу бойынша рұқсат қағазын қалыптастырады және қайырымдылық жасаушылардан түсетін тауарларды елдің медициналық ұйымдарына тасымалдауды қамтамасыз етеді.

«СҚ-Фармация» қайырымдылық көмек бойынша бірыңғай оператор мәртебесін алған сәттен бастап компанияда алдын ала ақпараттандыру моделін әзірледі, оған сәйкес елге жіберілетін гуманитарлық жүк бойынша барлық құжаттар ұшақ жөнелтуші елден ұшқанға дейін жіберілетін болады.

Алдын ала ақпараттандырудың жаңа моделі жүктің ұшу уақытында нақты уақыт режимінде барлық қажетті рұқсат құжаттарын алуға, рұқсат қағазын алуға және келген көмекті бірден тиеуді бастауға мүмкіндік береді.

Мұндай тиімді өзара іс-қимыл ізгілік көмекті жөнелтуге және алуға тартылған барлық құрылымдардың – Сыртқы істер министрлігінің, кеден қызметінің, авиакөлік компанияларының, әуежайлар мен әкімдіктердің толық қолдауымен ғана мүмкін болады. Бұл ведомстволардың барлығы гуманитарлық жүкті жедел алу мүмкіндігі үшін процестерді барынша оңтайландыру үшін қол ұшын созуға дайын.

Ведомстволарда коронавирустық инфекциямен күресуге тартылған ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын алудың жеделдігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін жауапты адамдардың тізімі жасалды.

Гуманитарлық көмекті бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өзекті ақпарат осы бөлімде жаңартылып отырады.

Гуманитарлық көмекті 2021 жылы өңірлер бөлінісінде бөлу

Гуманитарлық көмекті 2020 жылы өңірлер бөлінісінде бөлу