• «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы туралы қысқаша ақпарат

«СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы туралы қысқаша ақпарат

2009 жылғы ақпанда ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ДЗ мен МБ сатып алу және қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибуция жүйесін құру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы №134 қаулысына сәйкес «СҚ-Фармация» ЖШС-і – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде халықты ДЗ мен МБ қамтамасыз ету, Қазақстанның фармацевтика саласының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ДЗ мен МБ Мемлекеттік сатып алуларын шоғырландыру арқылы фармацевтика өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылған бірыңғай дистрибьютор болып айқындалды.

Бірыңғай дистрибьютор қызметінің негізгі бағыттары:

  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу жөніндегі ашық сауда-саттық ұйымдастыру;
  • Тиісті дистрибьюторлық тәжірибелер және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасы үдерістерін ұйымдастыру;

Бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және жеткізуші логистикасы үдерістерін біріктіру үшін, айналым, тауарлық қалдықтар туралы өзекті ақпарат алу үшін ақпараттық жүйе құру.

Медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу қызметін бере отырып, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің алдына республика шеңберінде сатып алуды орталықтандыру және екі сатылы тендерлік рәсімдерді қолдану, сатып алынатын жабдықтың сапасын одан әрі арттыру және оның жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету есебінен оның құнын төмендету міндеті қойылды.

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
Пандемияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: қайта жүктеу...
Подробнее
ТМККК аясында ДЗ мен МБ сатып алуға атысу үшін әлеуетті жеткізушілерге арналған видео нұсқаулық
Подробнее
Фармацевтикалық кластерлердің құрылуы
Подробнее
Қызылорда қаласына жұмыс сапары
Подробнее