Жаңалықтар
17.05.2023

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ

16-мамырда «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев жұмыс сапарымен Атырау облысында болды. Сапардың басты мақсаты – облыс әкімі Серік Шапкеновпен және жергілікті медициналық активпен медициналық ұйымдардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуінің және медициналық құрылғылармен жабдықталуының өзекті мәселелерін талқылау, сонымен қатар өңірдің бірқатар нысандарын аралау болды.

 Өңірдің дәрілік қамтамасыз етілу мәселесі «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да Атырау облысы ДСБ басшысы Қайсар Абдалиевтың, облыстық аурухананың директоры Ербол Иманғалиевтың және қала клиникаларының бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

Тараптар ауруханалардың қолданыстағы медициналық құрылғылардың жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігімен танысты, дәрілік қамтамасыз ету, дәрлік заттарды есепке алу, дебиторлық берешек, дәрі-дәрмектердің жоспарлауын жақсарту, медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысы тақырыптарын қозғады. Бұдан басқа, медициналық техникалар паркін басқару медициналық ақпараттық жүйесінің мәселелері көтерілді.

Кеңеске қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселелеріне,  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» контекстінде  пациенттерге бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында медициналық ұйымдар деңгейінде дәрі-дәрмекті персонифицирленген есепке алуды енгізу қажеттігі мәселелеріне тоқталды.

Облысытың медициналық ұйымдары «Damumed» кешендік медициналық ақпараттық жүйесімен жүмыс жасайды, ал «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК және «Атырау облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК реанимация және диагностика бөлімшелерінде «Авиценна» және «Акгюн» жүйелері қолданылады.

Диалог барысында «Damumed» кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің бас директоры Наталья Кильмен, медициналық ұйымдардың басшыларымен және Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесе елдің астанасында интеграция мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді талқылау ұсынылды.

  Сонымен қатар, сапар барысында өңірдің медициналық активтері тарапынан облыстың дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жақсаруға бағытталған бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар атап өтілді. Оның ішінде жүре пайда болған қан ұю факторларының тапшылығы және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде пайдаланылатын дәрілік препараттардың тегін тізбесіне енгізу қажеттілігі айтылды.

Тағы да бір сұрақ төменгі шекті баға себебі бойынша сатып алынбаған дәрі-дәрмекке қатысты қойылды. Басқарма Төрағасы дәрі – дәрмектерге шекіт бағаларды қалыптастыру проблемалары Бірыңғай дистрибьютордың құзіреттілігіне жатпайтынын атап өтті және сатып алудың қайталама рәсімдерінің жүргізілетінін айтты.

Дәрілік заттардың қалдықтарын жоспарлау да назардан тыс қалмады. «№2 Атырау облысының ауруханасы» ШЖҚ КМК басшылығы жұқпалы ауруларды емдеуге арналған препараттардың қалдықтарын, соның ішінде короновирустық инфекцияны емдеуге арналған артық ауыспалы қалдықтарды және өткен жылдары қабылданбаған жеткізуден бас тартудыларды  алдын ала жоспарлаудың мүмкін еместігі  туралы түсіндірді.

Жағдайды нақтылау үшін Бірыңғай дистрибьютор басшысы дәрі-дәрмектерді сатып алу рәсімін егжей-тегжейлі түсіндіріп, медициналық ұйымдардың өтінімдерді жоспарлау мен игерудің маңыздылығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, медициналық ұйымдар өз қажеттіліктерін дәрі-дәрмектердің атаулары, жеткізу көлемі мен кестесі бойынша анықтайды. Препараттарды сатып алу және жеткізу осы өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау басқармасының ұсыныстарының бірі, басты факторы ауа-райы жағдайы болып табылатын препараттарды жеткізуді болдырмау үшін Атырауда операциялық қойманы ашу болды. 

Басқарма Төрағасы кездесудің барлық қатысушыларына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп,  бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін анықтауға көмектесетінін, әрбір айтылған ұсынысты Бірыңғай дистрибьютор қарайтынын атап өтті.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес қойылған міндеттерді атқару үшін бірлесе жұмыс жасап, қатар дамуы қажет екендігі туралы атап өтті.  Осылайша, бірлескен жұмыс денсаулық сақтау жүйесінің кең перспективаларын ашады және медицина мен фармацевтика саласының дамуына жаңа серпін береді. Бірыңғай дистрибьютор басшысы өз кезегінде Атырау облысының әлеуетін және елдің жалпы инфрақұрылымындағы өңірдің маңызды рөлін атап өтті.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще