Жаңалықтар
13.05.2022

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ТҮРКИЯНЫҢ IT ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

2022 жылғы 10-12 мамырда ҚР Президентінің Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында үкіметтік делегация құрамында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жұмыс сапарымен Анкарада болып қайтты.

Мемлекеттік сапар барысында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері Қазақстан-Түркия инвестициялық және іскерлік дөңгелек үстеліне қатысты. Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Фармацевтикалық өнеркәсіпте инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға көп көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, Анкараға екі күндік сапар аясында Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрімен кездесу өтіп, онда тараптар медициналық жабдықтарды сатып алуды орталықтандыру, атап айтқанда, өмірлік цикл келісімшарттарының тетігін пайдалану бойынша тәжірибе алмасты.

Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері медициналық техниканың мониторингі бойынша ақпараттық жүйелермен танысты, сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалаудың ахуалдық орталығында, Денсаулық сақтау бойынша IT платформасында болды.

Бүгінгі таңда біздің елімізде экономиканың түрлі секторларында түрік капиталының қатысуымен 3700-ден астам бірлескен компания жұмыс істейді және олар ІТ саласында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Екі елдің мамандары тәжірибелерімен белсенді алмасып, осы бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, сапар барысында IT және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған хаттамаға қол қойылды.

Қазақстандық тарап Түркияның IT-алыптарына цифрлық архитектураның платформалық моделіне көшу және мемлекеттік процестерді қазақстандық нарыққа цифрлық трансформациялау орталығын дамыту бойынша өздерінің IT-өнімдерін іске қосуды ұсынды.

Соңғы он жыл ішінде цифрландыру және автоматтандыру бойынша күш-жігер негізінен медицина саласына бағытталғанын атап өткен жөн. Біздің еліміз қысқа мерзімде бірқатар технологияларды, соның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер мен пациенттерге арналған мобильді қосымшаларды енгізе алды. Әдетте, денсаулық сақтау жүйесі деңгейінде цифрлық құралдарды енгізу медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін және жоғары сапасын арттыруға оң әсер етеді.

Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) өзінің алдына медициналық ұйымның ішкі бизнес-процестерін автоматтандыру, клиникалық және басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау, медициналық ақпаратты қағазсыз жүргізуге біртіндеп көшу, медициналық қызметтердің сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға жәрдемдесу, медициналық қателіктердің санын азайту сияқты міндеттер қояды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өз сөзінде деректер базасын интеграциялауды, емделуден өтіп жатқан пациенттерге мониторинг жүргізу жүйесін құруды қамтитын денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру болып табылады. Қазақстан үшін қазіргі заманғы цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аса маңызды.

Осылайша, 2020 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, «СҚ-Фармация» қызметін Қайта жүктеу бағдарламасы аясында Бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша жоба ұсынылды.

Бүгінгі таңда, «СҚ-Фармация» Қайта жүктеу бағдарламасы – бұл Бірыңғай дистрибьютордың қызметін жақсартудың серпінді және үздіксіз процесі. Бір жағынан – сапаны арттыру бойынша тұрақты жұмысты қамтамасыз ететін, ал екінші жағынан – инновациялық әлеуетті ашудың негізі бола отырып, Бірыңғай дистрибьюторға нарықтың өзгеріп отыратын талаптарына икемденуге және пациентке бағдарланған компания болуға мүмкіндік беретін жетілдіру үшін жағдайлар қалыптастыру. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландырудың негізгі мақсаты – медициналық ұйымдарды жабдықтаудың жылдамдығы мен дәлдігін арттыру.

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің осы бағыттағы өзара ынтымақтастығының егжей-тегжейлі жоспарын жан-жақты зерделеу туралы шешім қабылданды, сондай-ақ жұмыс тобын, ІТ-мамандардан арнайы команда құру және денсаулық сақтау саласындағы автоматтандыру мен цивилизациялауды енгізу стандартын зерделеу жоспарлануда. Бұл үшін тараптар денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жүзеге асыратын, тәжірибе мен білім алмасатын болады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще