Жаңалықтар
14.02.2023

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ: ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

14 ақпанда «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы алаңында «Цифрлы экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің, «Казақтелеком» АҚ бірыңғай операторының цифрлық таңбалау жобалық кеңсесінің өкілдері бас директор Бикеш Құрманғалиевамен, басқарушы директор Алмат Исмаиловпен, техникалық директор Маржан Ахметовамен, АЖ пайдалану және қолданушыларды қолдау директоры Алена Ребриковамен, тауарлық топ бойынша жоба жетекшісі Жанна Оспановамен және бизнес-аналитик Арайлым Шариповамен кеңес өткізілді.

Кеңестің тақырыбы қаптамаларды таңбалау мен сәйкестендіруді пайдалана отырып, өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі дәрі-дәрмектердің қозғалысын мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі бойынша жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды қарастыру болды.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Қазіргі жағдайда саланың барлық бизнес-процестерін трансформацияламай медицинаның тиімділгі туралы айту мүмкін емес.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді цифрландырудың негізгі проблемасы қалдықтар бойынша нақты ақпараттың және медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектердің қадағалануының болмауы болып табылады.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектің ағымдағы шығынын қолмен енгізу арқылы қалдықтар бойынша есептер жасауда, бұл ақпараттың өзектілігі мен сапасын қамтамасыз етпейді.

Дәрі-дәрмектерді таңбалау тауар айналымын бақылаудың маңызды құралы болып табылады және дәрі-дәрмектерді автоматтандыру мен бақылауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Міндетті таңбалауды енгізу дәрі-дәрмектің қалдықтары туралы ақпаратты шоғырландыруды, оның қадағалануын едәуір жеңілдетеді, сонымен қатар өндірушіден пациентке дейінгі жеке қаптаманың даналық есебін қамтамасыз етеді.

Таңбалауды еңгізудің негізгі мақсаттары – көлеңкелі нарықты төмендету, дәрілердің қайта айналымын және контрафактісін алдын алу, адал бизнеске жағдай жасау, өндірілетін және әкелінетін өнімнің сапасын арттыру, салық және баж ретінде бюджетке түсетін кірістің жиналуын арттыру. 

Кездесу барысында Цифрлы экономиканы дамыту орталығы өкілдері СҚ-Фармация қызметінің ерекшелігін ескере отырып дәрілік заттарды таңбалау жүйесіндегі өндірістік пысықтауларын көрсетті. Жүйенің оң өзгерістері сенімхат функционалын жүргізу саласында жалға алынған СК-Фармация қоймаларының мысалында, атап айтқанда, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектерді қабылдау, ауыстыру, жөнелту рәсімдерін жетілдіру арқылы жасалды.

Өзгерістер СҚ-Фармацияның жүйеде өздігінше авторизациялануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың қоймалары үшін рөлдер тізбесі айқынддалды. Сондай-ақ, қоймалар үшін аймақтық бөлінген бөлімшелер енгізу және қоймалар деңгейінде қабылдау-тапсыру актісін жасау, медициналық ұйымдар бойынша тарату мүмкіндігі бар.

СҚ-Фармация, өз кезегінде,  ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тегін рецептуралық дәрі-дәрмектерді игеру үшін өз функционалы бойынша бейімделген дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін енгізу мүмкіндіктерін іздеуде белсенді қызығушылық танытуда.

Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қадағалау жүйелері дәрі-дәрмектерді неғұрлым ұтымды қолдануға ықпал ететінін атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесіндегі цифравизациялау шығындардың төмендеуін, сапаның көтерілуін және медициналық қызметтердің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында таңбалау және қадағалау жүйесін жетілдіруде, жедел өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуде және ақпараттық қолдау көрсетуде ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама:

«Цифрлы экономиканы дамыту орталығы» ЖШСтауарларда таңбалау және кадағалану бойынша, ақпараттық коммуникациялық және цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған қызметтерді ұсынады.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще