Жаңалықтар
26.10.2022

G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

«GLOBAL PHARM» II Халықаралық фармацевтикалық форумы – фармацевтика индустриясындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. Форум екі жақты келіссөздер үшін көптеген алаңдар ашып, фармацевтика саласының ірі компанияларымен және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен B2B және G2B кездесулерін қамтиды. Биыл форумға әлемнің 10-нан астам елінен 200-ге жуық делегат келіп, тағы 1,2 мың адам онлайн желіге қосылды. Қатысушылар 60-тан астам түрлі компанияның атынан қатысты.

«GLOBAL PHARM» форумы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау және сенімді бизнес-серіктестіктерді іздеу үшін ең тиімді диалог алаңы мәртебесіне ие болып отыр.

Қатысушылар нақты жобалық ұсыныстармен, Қазақстандағы шетелдік инвестициялар және сыртқы экономикалық қызметті қорғау тетіктерімен, басқа компаниялардың табысты тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Ал «G2B» және «B2B» форматтарындағы кездесулер, өз кезегінде, өзара ынтымақтастық келешегін талдауға, болашақ серіктестердің мүдделері мен қажеттіліктерін ұғынуға, жаңа идеялар мен инвестициялық жобаларды талқылауға мүмкіндік берді.

«G2B» форматындағы кездесулер GE Healthcare, ROCHE, Takeda сияқты әлемдік алпауыттардың өкілдерімен өтті.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Сәуле Ержанова, халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Гүлнар Мұханова, «СК-Фармация» ЖШС-і Басқарма төрағасы қатысты.

Кездесу шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы GE Healthcare компаниясымен Қазақстан аумағында медициналық бұйымдар өндірісін орналастыру мүмкіндігін зерделеу жөніндегі GE Healthcare жобасын іске асыруды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бағдарламасын және еліміздің медициналық мекемелерін жаңғырту және қайта жарақтандыру бағдарламасына GE Healthcare өндірісі жабдықтарының қатысуын кеңейту келешегін талқылады.

Roche өкілдерімен республика аумағында онкологияға қарсы дәрі-дәрмектерді оқшаулау жобасын іске асыру, компанияның Қазақстандағы келешекке жоспарлары және олардың өнімдерінің отандық нарықта қолжетімділігі туралы тақырыптары көтерілді.

Ал Takeda компаниясымен ұзақ мерзімді әріптестік үшін екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум жасасу және Қазақстанда қан плазмасын жинау процесін жолға қою талқыланды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды және технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 2025 жылдың өзінде-ақ қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын бекіту, «Қазақстанның отандық фармацевтика өнеркәсібі» бағыттарының бірі болып табылатын 2021-2025 жылдарға арналған «САЛАУАТТЫ ҰЛТ» Ұлттық жобасын әзірлеу сияқты жүйелі шаралар қабылдауда.

Бүгінгі таңда отандық фармацевтикалық нарық дамушы нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздейтін халықаралық инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырады. Мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстанда фармацевтика саласында қуаттылықты екі есеге арттыру мүмкіндігі бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялардың өсімі бойынша көш бастап тұр. Мұндай деректер БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) «Инвестициялар жөніндегі Дүниежүзілік баяндамасында» қамтылған. 

ҚР Үкіметі шетелдік инвесторларды отандық фармацевтика саласына тарту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдайды. Сондай-ақ, әлемдік фарминдустриямен жемісті өзара іс-әрекет жасау және танылған брендтерден инновациялық фармацевтикалық өнім өндірісін оқшаулаудың тиімді жолдарын іздеу мақсатында Қазақстан аумағында мемлекеттік қолдау шаралары құрылуда.

G2B, B2B кездесулерінің тұжырымдамасы фарминдустрияны дамыту үшін Қазақстаннанның қатысушылары мен шетелдік қолданыстағы және әлеуетті дәрі-дәрмектер мен қызметтерді жеткізушілер, инвесторлар мен салалық компаниялардың өкілдері арасында іскерлік кездесулерді алдын ала ұйымдастырудан тұрады. Бұл жобаға қатысу қазақстандық серіктестермен жаңа байланыс орнату мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға, жаңа тапсырыс берушілермен, клиенттермен және жеткізушілермен танысуға кепілдік береді.

Форум алаңында B2B және G2B форматында өткен кездесулер Қазақстанда іске асыру үшін қызықты бірегей технологиялары бар жобаларды ұсынуға мүмкіндік туғызды. Өз кезегінде, қазақстандық тарап фарминдустрияның әлемдік алпауыттарымен ынтымақтастықтағы мүдделері туралы айтып берді.

Форум ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «СҚ-Фармация» ЖШС-і бастамасымен Iteca қазақстандық көрме компаниясының, Е-forum.net және QBP зияткерлік онлайн-платформаның қолдауымен өтуде.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще