Жаңалықтар
10.09.2021

«ТОЦИЛИЗУМАБ» (АКТЕМРА) ЖӘНЕ «РЕМДЕСИВИР» ПРЕПАРАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ

          

Коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігін жедел қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында.

       Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор елдің медициналық ұйымдарын медикаменттермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

         Өткен жылдан бастап елдің медициналық ұйымдарына КВИ-ді емдеу хаттамасына сәйкес дәрілік заттардың 91 атауы бойынша медикаменттер кесте бойынша үзіліссіз жөнелтілуде.

        Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды медициналық ұйымдар қалыптастырған көлемде жүзеге асыратындығын және медициналық ұйымдармен жасалған шарттар бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жеткізетіндігін атап өткен жөн.

             «Тоцилизумаб» (Актемра) препаратымен қамтамасыз ету

         Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға ТМККК және МӘМС шеңберінде стационарлық деңгейде «Тоцилизумаб» препаратын «Актемра» сауда атауымен үш дәрілік нысанда және дозада жеткізеді.

         Препаратты медициналық ұйымдарға жеткізу кестеге сәйкес уақытылы қамтамасыз етіледі.

        Препаратты медициналық ұйымдарға жеткізу кестеге сәйкес уақытында қамтамасыз етіледі. Медикаменттердің қосымша көлемін сатып алу елдің медициналық ұйымдарының өтінімдері негізінде Бірыңғай дистрибьютордың мекен-жайына жүзеге асырылады.

          Медициналық ұйымдар мәлімдеген қосымша көлемді ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға Тоцилизумаб (Актемра) препаратын 7043 құты көлемінде сатып алды (қосымша көлемді ескере отырып, жыл басындағы өтініммен салыстырғанда өсім 2 есеге артты).

          Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша республиканың медициналық ұйымдарына 4517 құты жеткізді. Бұл ретте 771 құты мерзімінен бұрын жөнелтілді.

          2021 жылдың 2 тамызында Өнім беруші Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына 1113 құты көлеміндегі препаратты мерзімінен бұрын жеткізді.

      Эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық ұйымдардың қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, Бірыңғай дистрибьютор «Актемра» препаратын екі дозада 1277 құты көлемінде қосымша жеткізу мәселесін пысықтады.

          Бұл препаратқа сұраныс бүкіл әлемде COVID-19 ауруының өсуіне байланысты артты. Медициналық ұйымдардан препаратқа қосымша өтінімдерді қамтамасыз ету үшін, Бірыңғай дистрибьютор тікелей келісімшарттар мен препаратты жеткізудің басқа да тетіктері шеңберінде «Тоцилизумаб» препаратының қосымша көлемін сатып алу мәселесін пысықтауда.

          «Ремдисивир» препаратымен қамтамасыз ету

          Ремдесивир препараты, лиофилизирленген ұнтақ 100 мг, ҚР ДСМ 2020 жылғы 28 шілдедегі №ҚР ДСМ-90/2020 бұйрығымен бекітілген БД-ның 2021 жылға арналған тізіміне кірмейді.

          Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютор БД тізімінен тыс 2020 жылға ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша Қағидалардың 19-тарауына сәйкес, сондай-ақ ҚР ДСМ 2020 жылғы 12 тамыздағы № 12-1-12/5011-И хатына негізделген төмендемейтін қорға сәйкес, «Ремдесивир, 100 мг вена ішіне инъекция жасау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ» препаратын сатып алды.

          Ремдесивир препараты, лиофилизирленген ұнтақ 100 мг, ересектерде COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына клиникалық зерттеу шеңберінде 2021 жылдың 1 сәуірінде енгізілген.

          Облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының деректеріне сәйкес, Ремдесивир препаратын медициналық ұйымдар дербес түрде сатып алған және жеткілікті мөлшерде бар.

          Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі тапсырмасының негізінде Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылдың 15 тамызына дейін жеткізу кестесімен Ремдесивир препаратының қосымша 124 707 құтысын сатып алды.

      «Тоцилизумаб» және «Ремдесивир» препараттары ересектерде COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына эксперименттік дәрілік заттар ретінде енгізілгендігін атап өту қажет.

          Яғни, ол пациентке ақпараттандырылған келісімге жеке өзі немесе оның заңды өкілі қол қойған кезде ғана тағайындалады. Препараттар дәрігерлік консилиумның шешімі негізінде, пациент үшін препараттың әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіпінен жоғары болғанда тағайындалады.

          Бұл ретте, «Тоцилизумаб» және «Ремдесивир» препараттары COVID-19-ды емдеуге арналған, қалыптастырылған, препараттардың 2 айлық төмендемейтін қорына кірмейді.

    Бірыңғай дистрибьютор Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында медикаменттердің және медициналық бұйымдардың болуына және медициналық ұйымдарда қалдықтардың болуына тұрақты негізде  мониторинг  жүргізіп отырады.

Медикаменттердің қосымша көлемін сатып алу медициналық ұйымдардың тұтынуды талдауы негізінде және СҚ-Фармация қоймаларында және елдің медициналық ұйымдарында қалдықтардың болуына мониторинг жүргізу негізінде жүзеге асырылады. Ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне апта сайын ұсынылып отырады.

           Пандемияның бірінші толқынынан қорытынды жасай отырып, ауруханалар мен провизорлық орталықтарды коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті барлық дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тез және тиімді шешу үшін КВИ-мен байланысты жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар әзірленді.

          Коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор елдің медициналық ұйымдарын медикаменттемен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Осы мақсатта эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жөнелту үшін, медициналық ұйымдарда, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрілік заттардың қорлары құрылды. 

          Бірінші: БД қоймаларында препараттардың 2 айлық қоры қамтамасыз етілді

       Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрд.теңге сомасына COVID-19-ды емдеуге арналған төмендемейтін қордың дәрілік заттарының 38 атауын бекітті. Бұл позициялар бойынша көлем айына 60 мың пациенттің емделуін қамтуға мүмкіндік береді. COVID-19 бойынша ДЗ-ның екі айлық қорының көлемі таратылды және Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталуда, 2020 жылы өңірлердің ДЗ-ны тұтыну фактісі бойынша: Алматы қ. – 35%; Нұр-Сұлтан қ. – 30%; Ақтөбе қ. - 15%; Шымкент қ. - 20%

     Төмендемейтін қордың дәрілік заттарын Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша аурудың күрт өсуі мен COVID-19-ды емдеуге арналған препараттардың жетіспеушілігі жағдайында қолданады. Медициналық ұйымдарға жөнелтілуіне қарай төмендемейтін қордың пайдаланылған көлемі тез арада сатып алынады және жаңартылады. Төмендемейтін қордың көлемін Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс сатып алады.

            Екінші: медициналық ұйымдарда препараттардың қоры қамтамасыз етілді

       Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына КВИ-ді емдеу хаттамасына сәйкес медикаменттер үздіксіз жіберілуде, ол – 91 позиция. Медициналық ұйымдарға 13,8 млрд.теңге сомасына медикаменттер жөнелтілді.

          Үшінші: АДҚ тізбесі 5 атауға кеңейтілді (қызу түсіретін препараттар Парацетамол және Ибупрофен, антикоагулянттар Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран). 2021 жыл кезеңінде республика емханаларына аталған препараттар 2 млрд. тг сомасына жөнелтілді. Бұл ретте, оның ішінде халыққа рецептілер бойынша 1 млрд. теңге сомасына босатылды.

          Төртінші: бөлшек сауда желісі үшін препараттар сатып алынды

         Әкімшіліктердің өтінімдері бойынша, тапшылық болған жағдайда, бөлшек сауда желісіне интервенциялау үшін 1,8 млрд. теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор қалыптастырылды. Сонымен қатар 10 млн. маска сатып алынды (оның ішінде 500 мың балаларға арналған маска 0,4 млрд. теңге сомасына). Маскалар сондай-ақ өңірлерде өткір қажеттілік болған жағдайда бөлшек желі дәріханалары арқылы сатуға арналған. Бұл қор Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында сақталады. Қорлар өңірлер өтінімдері бойынша қолданылады және қажет болған жағдайда шұғыл түрде жөнелтіледі.

           Бесінші: ЖҚҚ қоры қалыптастырылды

200 мың данадағы бір реттік костюмдер қоры қамтамасыз етілді, олар Бірыңғай дистрибьютордың ХАБ-тарында сақталуда. Әр өңірде ЖҚҚ-ге қажеттілік аурудың өршуіне байланысты болады, сондықтан тез жеткізу үшін Бірыңғай дистрибьютордың 4 Хабында қорлар құрылды.

          Алтыншы: медициналық қолғаптар қорын қалыптастыру

        Гуманитарлық көмек көрсету бойынша «Шеврон» компаниясымен қол қойылған меморандум шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында 10 млн. жұп көлеміндегі бір реттік медициналық қолғаптардан тұратын қор қалыптастырылды.

        Жетінші: халықты вакцинациялау үшін шприцтер қорлары қалыптастырылды

      Коронавирустық инфекцияға қарсы халықты ерікті түрде вакцинациялаудың басталуымен өздігінен бұзылатын бір реттік шприцтердің қажетті қоры қалыптасады.

     Осылайша, халықты вакцинациямен қамту үшін вакцинаның І және ІІ компоненттерінің енгізілуін ескере отырып, 22,7 миллион шприц сатып алынды. Сатып алынғанның ішінен Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына кестеге сәйкес 12,82 млн. бірлік шприц жеткізілді, оның ішінде денсаулық сақтау басқармаларының бөлу парақтарының негізінде өңірлерге 10,9 млн. бірлік жөнелтілді, бұл КВИ-ге қарсы вакцинаның жөнелтілген көлемі үшін жеткілікті болып табылады.

 

          Анықтама үшін:

         Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу, Үкіметтің № 375 қаулысымен бекітілгенДәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен регламенттелген.

           КВИ-ді диагностикалау мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттар тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (СБК)клиникалық хаттамалар мен дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді. Клиникалық хаттамалар негізінде ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясы дәрі-дәрмектерді бұйрықтарға және Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуға арналған тізіміне енгізеді. Хаттаманы әзірлеушілер жетекші инфекционистер, пульмонологтар және ҚР басқа да клиникалық мамандары болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще