Жаңалықтар
17.05.2023

KIHE 2023: САРАПШЫЛАР ФАРМСАЛАНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгін, 2023 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылатын және жыл сайын әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, әртүрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіретін KIHE – «Денсаулық сақтау» Қазақстандық Халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.

KIHE 2023 бағдарламасына көрмелік бөлімнен басқа мемлекеттік органдардың, фармацевтикалық компаниялардың және ассоциациялардың, сонымен қатар медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар кірген.

Халықаралық көрменің бірінші күні «Қазақстан саласындағы фармацевтикалық сала: болмысы және мүмкіндіктері» тақырыбын талқылаудан басталды. Конференция бағдарламасына денсаулық сақтау саласындағы және дәрілік заттар айналымы саласындағы реттеуші және сарапшы органдардың басшыларының сөз сөйлеулері кірді.  

Іс-шара шеңберінде қатысушылар дәрілік заттар айналымы саласын реттеудегі өзгерістерді, фармацевтикалық нарықтың әртүрлі сегменттерінің қазіргі жағдайын, сонымен қатар халықты дәрілік қамтамасыз етудің ең өзекті мәселелерін талқылайды. 

Конференция спикерлерінің қатарында «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Артур Қажыбаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында еліміздің фармацевтика саласының дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып, бүгінгі таңда отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту Мемлекет басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанда препараттарды тіркеу сәтінен бастап пациентке берілгенге дейін дәрілік заттар айналымы саласындағы процестердің айқын және таза иерархиясы қалыптасқан. Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі тиімді мемлекеттік қолдау шараларының арқасында тиімді инвестициялар үшін зор әлеуетке ие және 2022 жылы сала барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамиканы көрсетті.

 «Бүгінгі таңда отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту Мемлекет басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі болып табылады. 2025 жылға қарай фармацевтика саласындағы отандық нарықтың үлесі шамамен 50% құрауы тиіс» - деп атап өтті Артур Қажыбаев.

Бірыңғай дистрибьютордың жалпы қазақстандық нарықтан сатып алу үлесіндегі рөлі 60% құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде 774,5 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алынды. Сатып алу көлемі ақшалай түрде 11 есеге өсті, ал бюджет қаражатының жиындық үнемдеуі  192,6 млрд теңгені құрады.  

Сонымен қатар, қатысушыларды келісімшарттық өндіріс тетігімен және BigPharma  компаниясының жанындағы ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне экспорттау мүмкіндігі бар инновациялық препараттар өндірісі жобасы бойынша жұмыспен таныстырды. Бүгінгі таңда Министрлік F. Hoffmann-La Roche LtdNovo Nordisk, Pfizer және AstraZeneca сияқты жаһандық фармкомпаниялармен ынтымақтастық туралы шекті келісімдер жасады.

Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарттар, оффтейк келісімшарттары, лизингттік тетіктер, «өмір циклі» келісімшарттары тетіктерін пайдалана отырып Қазақстанда медициналық техника өндірісін шоғырландыру мәселелерін нысаналы пысықтау жүргізілуде. Ірі әлемдік өндірушілермен шоғырландыру/келісімшарттық өндіріс мәселелерін пысықтау белесенді жүргізіліп жатыр. Canon, Philips, General Electric, Samsung Medison, Mindray сияқты компаниялар және басқалар өндірісті шоғырландыруда өз қызығушылықтарын танытты.

Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды сәтті жүзеге асыру үшін, және халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесі бойынша, Бірыңғай дистрибьютор елде медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бастамасымен шығуда. ҚР ДСМ елде Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру туралы тиісті Бұйрығы күшіне енді және бастаманы жүзеге асыру бойынша жол карталарын әзірлеу және бекіту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 17 наурызда Шымкент қаласында медициналық-фармацевтикалық кластерді құру туралы меморандумға қол қойылды.

Казақстан экономиканы жаңғыртуды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті инвестицияларды және алдыңғы қатарлы технологияларды тартуға мүдделі. Қымбат тұратын инновациялық өнімдердің өндірісін дамытуға, саланы технология трансфері бағытында ілгерлендіруге, оны цифрландыруға, сонымен қатар кластерлік бастаманы дамытуға нысаналы мән беріледі. Мемлекет тарапынан да, жеке капитал тарапынан да саланы дамыту үшін күш-жігерді біріктіру импортты алмастыратын өнім өндірісінің өсуін және әлемдік алыптарды Қазақстанға тартуды қамтамасыз етеді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар бұл іс-шара сындарлы және ашық диалог үшін бірегей алаң болып табылатынына және қойылған міндеттерді іске асыру перспективасында маңызды рөл атқаратынына, сондай-ақ отандық медицинаның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Анықтама:

KIHE Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады және жыл сайын әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, әртүрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіреді.

2023 жылдың экспоненттері 17 елден - Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Египет, Италия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Франция, Чехия, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 300-ден астам компания болып табылады. Стендтердің 45% - қазақстандық компаниялар, 55% - шетелдік компаниялар ұйымдастырды.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще